213
Тіршілік
рып отырған жоқ, оған басшылықтың оңтайлы әрекеттері әсер етуі
тиіс. Сегіз миллионнан астам тұрғыны бар қаланың қай тұрғынына
«электр энергиясын үнемде» деп жүреді, сондықтан өндірушілер та-
рапынан үтік, фен т. б. сияқты құрылғыларды максималды қызбайтын
етіп шығарады немесе ток кернеуін тежеп қойған. Мұның өзі жақсы
табылған тәсіл.
Америка Құрама Штаттары деп тегін аталмаған, мұнда сан түрлі
халықтар тұрады. Мен тұрған ауданда Доминикан мемлекетінен кел-
гендер топтасқан екен. Өздері өте шулы халық, көліктерінің есіктерін
ашып қойып, өз тілдеріндегі музыканы бар даусымен ойнатып қояды,
сенбі, жексенбі күндері тіпті жанданып кетеді. Олардың тілдері, саз-
дары басқаларға жаға ма, жақпай ма олардың шаруалары жоқ. Өз
құқықтарын емін-еркін пайдаланады, өз ұлтының ерекшеліктерін
мақтан тұтады. Өз ұлтының ортасында жүріп қазақша сөйлеуге арла-
натын халық бізде ғана шығар деген ой еріксіз ойға оралады.
Қаланың ең туристер көп баратын жерлерінің біріндегі Чайна-
таунға келгенде Қытайда жүргендей сезіндік. Қытай қалашығының
қақ ортасында ұлы ойшыл Конфуции ескерткіші тұр. Атаулардың
бәрін өз тілдерінде жарқылдатып қойыпты. Ағылшынша аудармасы
да жоқ. Чайна-таунда екі миллионнан астам қытай ұлтының өкілдері
тұратынын, орта мектеп, жоғары оқу орындары және өзге де мәдени
орындардың бәрі қытай тілінде жұмыс істеп тұрғанын естігенде өз
елімізде отырып, тек ана тілімізде, аудармасыз ештеңе жасай алмай-
тынымыз есімізге түсті. Тәжіктердің, орыстардың да шағын аудандары
бар екен. Жат жұртқа кеңдік танытып отырған Америка басшылығы
саясатына еріксіз таңданасың. «Цензураға қарсы қор» деген ұйымның
баспасөз бостандығы үшін күресушілерге, ресми үкімет тарапы-
нан қысым көрген, қуғын-сүргінге ұшыраған бұқаралық ақпарат
құралдарына грант бөліп, заңдық қолдау көрсетіп, қаржылық көмек
беретіні тіпті таңқаларлық жай.
Елге қайтар уақыт та жетті. Алып ұшақ аспанға көтерілген соң
өмірің, тағдырың бір Алланың қолында екенін сезіне түсесің. Өйткені,
11-12 мың метр биіктікте сені ұшқыш та, ұлы да, сиқыршы да, бай
да қауіптен құтқара алмайды. Осы отырған бірнеше жүз адамның
күнәларын құдайдан «кешіре көр» деп тілегеннен басқа шараң
қалмайды. 14-15 сағат көк аспан төрінде болған ұшақтың табаны жер-
ге тиген сәтте пенделер қол шапалақтап, ризашылықтарын жолдайды.
Таныс та, бейтаныс Америкадан жаныңа жақын, құшағы ыстық Қазақ
жеріне келгеніңде бойыңды бақыттылық сезімі баурайды
Достарыңызбен бөлісу: