208
Клара Қабылғазина
Бір
жаққа барып алып, қалай қайтамын деген мәселе оларда мүлде
болмайды, өйткені метро тәулік бойы қатынайды. Аялдамалардың
аттары көбінесе нөмірленіп қойылған, тайға таңба басқандай айқын
жазылған және көлік ішінде электронды табло жүріп тұр. Тоқтаған
жерде қарап-ақ, ешкімнен сұрап әуреленбей-ақ қажетті межеңе
жетесің.
Жеке меншік көліктерін американдықтар көбінесе мінбейді, өйт-
кені, әр жолғы тұраққа қою қымбат.
Біздегідей қоғамдық көлікке
ныға лып мініп, (сирек жүргендіктен, интервал сақталмайтындықтан)
ыстық күнде терің ағып, жұмысыңа барып-келу сияқты азап оларда
жоқ екен, өйткені, жол көліктері қажетті айналымын әр 5-10 минут-
та жасайды және көліктердің ішіне салқындатқыш қойылған. Кейбір
вагондарда әдейі қойылмаған, бала-шаға, кәрі құртаңдар салқындап
қалудан қорыққандар үшін жасалған көрінеді. «Кез
келген қоғам
халық үшін қызмет етуі керек қой, адамның өзі қысқа өмірі күйзеліспен
өтпеуі керек-ау...» деген ойда қалдым.
Метрода отырып, айналаға қызықтап қарап отырасың ғой... Мұнда-
ғылар өте қызық халық. Шаш қоюдың неше түрін көрдік. Мысалы, бір
жігіт бастың бәрін тақырлап қырып тастап, тура төбеде қалдырылған
бір уыс ұзын шашты әйелдердің түйрегішімен түйіп қойыпты. Аме ри-
кан дықтар уақытты аса қадірлейтін адамдар ма деп қалдым. Бір қыз
түрегеп тұрып, кергіштегі кестесін тігіп тұрды. Тағы бір кейуана 70 тен
асқан шығар деп шамаладым, қушиған тар шалбар және сондай түсті
берет киіп, темір-терсектің біразын тағынып алыпты.
Біздегі әжелер
олай жүрсе, әбден күлкі болар еді... Енді бір отағасы 55-60 та болар,
рэп айтып, билеп, өзімен өзі әуре. Соған қарағанда халық өздерін өте
еркін ұстайды, қатып қалған стереотип жоқ. Балалары да батыл, көзіңе
ықпай, тіке қарайды. Жасықтық, момындық белгілері байқалмайды.
Бойлары ұзын адамдар көп кездеседі, теңіз өнімдерін мол пайда-
лана
тын
дықтан болар деп топшыладым.
Бізде бірен-саран ұзын
бойлылар кездесіп қалса, тамашалай қараймыз ғой... Әсіресе жігіт-
теріміздің бәкене болып бара жатқандары соңғы кездері жиірек
байқалуда. Мұның өзі әлеуметтік жағдайға да тікелей тәуелді шығар...
Өте толық адамдар да толып жатыр. Олар өздері семіздіктің себебін
де біледі. Неше түрлі фастфудтардың зиянын да түсінеді, өздері «junk
food» яғни, зиянды тағам деп айтады.
Дүкендердің жұмысы жақсы реттелген. Сөрелерде барлық тағам
атаулы молынан және жоғары сапалысы толтырылып қойылған.
Біздегідей бірер бұзылғанын арасына тығып жіберу сияқты психология