Клара Қабылғазина


Клара Қабылғазина ШАБЫТТЫҢ ШАЛҚАРЫ – ШВЕЙЦАРИЯ



Pdf көрінісі
бет104/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf




214
Клара Қабылғазина
ШАБЫТТЫҢ ШАЛҚАРЫ – ШВЕЙЦАРИЯ
Табиғаттың тамсандырар тамашасына таңдай қаққанда, әлемнің 
әсем өңірлерін салыстырғанда «мынау екінші Швейцария ғой» деген 
өзіндік жазылмаған бір қағида бізде де қалыптасқан. Көкшетаудың 
көгілдір көлі мен жасыл желегін, Қатонқарағайдың орманды алқабын, 
заңғар биіктерін көргенде де тура солай тамсанып едік. Тіпті атақты 
«Баден-баден» курортының өзін «Германияның Швейцариясы» деп 
атайды екен. Сол бірінші Швейцарияны көруге асыққан біздерді алып 
ұшқан ұшақ асығар емес. Алты сағаттан аса аспан аясында жерден 
5 мың метрге жуық биіктікте өмір кешіп, атып келе жатқан таңның 
белгісі алып күнмен, батып бара жатқан аймен қатарласа ұшу сәтінде 
сөзбен суреттей алмайтын ғажап құбылыстың куәсі болдық. Аспан 
құбылысының таңғажайып сәтін Швейцарияның тамаша табиғаты-
мен жалғастырдық. Бұл шағын мемлекет батысында Франциямен, 
оңтүстігінде Италиямен, шығысында Австрия және Лихтенштейн 
король 
дігімен, солтүстігінде Германиямен шектесіп жатыр. Әскери 
бей тарап, бейбітшілікті сақтауға тырысатын ел. 
Сапарымыз Европа еліне ортақ Боден көлінен пароммен өтіп, 
гүл аралы Майнауға барудан басталды. Боден көлінің бір жағынан 
Авст рия, бір жағында Германия, қарсы жақтан Швейцария көрінеді. 
Көлдің Германияға қарасты жағына орналасқан гүл аралы Майнаудың 
көлемі 45 гектар. Жердің қадірін қатты білетін европалықтар осы бір 
аралдың өзін пейішке айналдырып қойған. Тек қана раушан гүлінің 
500-ден астам түрі өсетінін ескерсек, сондағы миллиондаған түрлі 
гүлдердің ортасында осы пейіштің иесі Бернадоттың замогы тұр. 1827 
жылы Майнау принц Эстерхазидің меншігіне өткеннен бастап, ертегі 
еліне айналды. Граф Бернадотты Боден көлінің «шведтік корольі» деп 
атайды. Әйнектелген бөлек орында көбелектердің түр-түрін де өсіреді 
екен, үлкендігі алақандай боп келген кейбір табиғат жаратылысының 
әсемдігі көз тойдырады. 
Швейцария – нулы жер. Сол шағын өлкеде үлкенді-кішілі 1500 
көл бар екендігін жолбастаушы Елена айтқан еді. Сондықтан да бо-
лар тауы да, даласы да, ауылы, қаласы да жап-жасыл болып тұнып тұр. 
Қарағайлары самсып, шалғыны жайқалып, гүлі көз тойдырып тұрған 


215
Тіршілік
елдің шетінен кіргеннен бастап көңіл тояттай бастады. Қолымыздағы 
камераға, IPad-қа тыным жоқ. Адамның көзі тойған ба?! Осы бір тама-
ша көріністердің бәрін түсіріп алғымыз келіп әрекеттеніп жатырмыз. 
Бірден байқалатыны – әсем айналаның мұнтаздай тазалығы. 
«Шағын аумақ болған соң тазалық сақтау да оңай шығар, біздің кең 
бай тақ алқаптың қайбір жерін әспеттей береміз, оған шама да кел мей-
ді ғой, әрине!» – деп қалды жерлес жолаушыларымыздың бірі. Мен 
іш тей тіпті дала емес қаланың өзін аса таза ұстай алмауымыздың себе-
бін іздей бастадым. Яғни, көше мәдениетін сақтау сияқты қарапайым 
ғана әдетті адамдарымыздың бойына сіңіруді сәби кезінен бастау ке-
рек шығар... Көлікте кетіп бара жатып әлденені лақтырып, аялдамада 
шекілдеуік шағып, шырт-шырт түкіріп т. б. қарекеттер жасап тұруды 
әдетке айналдырған қазекеңдер көзіме елестеді. Бұл елде тұрған 
жеріңді аялау, табиғатты қадірлеу сияқты жайларды көтеретін, сол 
үшін күресетін, құрамында бес мыңнан астам адамы бар еріктілер 
қоғамы жұмыс істеп, мемлекеттің басқаруына көмек көрсетеді екен. 
Әлде бізде де сондай қоғам құрып немесе экология, табиғатты қорғау, 
комитеттерінің жұмысын қайта жасақтап, жаңа міндеттер жүктеу ке-
рек шығар... Әйтеуір, әрбір түп бұтаны сындырмайтын, әр тал шөпті 
жұлмайтын ұрпақ өсіруге қадам жасау керек екен деп ойладық. 
«Швейцария бай елдердің қатарында, олардың әр 12-отбасы мил-
лионер», – деген жолбастаушының сөзіне құлағымыз елең ете қалды. 
Алайда, олар қаншалықты бай болғанымен аса қарапайым келеді 
екен. Біздің ағайындардың банктен несие алып, қарызға батып жүрсе 
де жақсы көлік мініп, жалтылдап жүруі сияқты әдеттер олардың 
мінездерінде жоқ. Әлемдегі ең бай 500 адамның 8-і осы Швейцари-
ядан екендігі Forbes-та жарияланған болатын. «Ия, байлық менде де 
бар, алайда оны көпке жариялаудың не қажеті бар?! Біздің отбасында 
да әр швейцариялық сияқты кіріс, қор жайында ештеңе айтылмайтын. 
Көл-көсір өмір сүргеннен, қарапайым күн кешкен әлдеқайда дұрыс, 
тыныш. Уылдырықты алтын табақтан жеу міндетті емес, керісінше 
ешбір алаңдамай-ақ қарапайым ыдыстан жеу қажет», – деп жазыпты 
Фриц Цорн деген швед жазушысы өзінің «Марс» деген кітабында. Осы 
жолдардан-ақ олардың ұлт ретіндегі табиғатын тануға болады. 
Швейцарлықлар салықты өте аз төлейді. Оның есесіне қауіп сіз ден-
діруге көп көңіл бөледі. Мысалы, медициналық сақтандыру дегенге 
келісімшарт жиі жасалады. Елдегі кедейлік мәселесі күн тәртібінен 
шығып қалған жоқ, яғни аз мөлшерде болса да, көп балалы және орта 
(ері не әйелі жоқ) отбасы да кездеседі. Алайда, оларға мемлекет тара-


216


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет