222
Клара Қабылғазина
рухани жетекшісі болған Роберт де Сорбон негізін салған оқу орны
алғашында кедей балаларына арналған колледж болған. Бір кезде
4 факультетте оқитын 16 студенттен бастаған оқу орнының қазірде
құрамында 13 университет бар. 17 факультетте 23000 шәкірт оқиды.
Онда
Оноре де Бальзак, Николай Гумилев, Пьер Кюри, Марина Цве-
таева сияқты т. б. әлемге әйгілі адамдар оқыған. Мұндағы оқуды
мемлекет қаржысы қамтамасыз етеді. Оқу орындары жайлы сөз
болған соң еске түсіп отыр,
Швейцарияда әдепті, мәдениетті, білімді,
көргенді, сыпайы қыздар мектебі осы күнге дейін бар. Диана ханшай-
ым, герцогиня Корнуоля т. б. оқыған мектептер әлі күнге дейін зиялы
қыздарды тәрбиелеп келеді. Берндағы политехникалық университет-
те әлемге танымал ғалым Альберт Эйнштейннің оқығанын,
осы оқу
орнының қабырғасынан шыққан жиырмадан астам ғалымдар Нобель
сыйлығының лауреаттары болғаны үлкен ұлттық мақтаныш екенін сол
мемлекетте болғанда естіген едік. Міне, ғылымның дамуы деген осы
болса керек!
Орыстың тамаша ақыны ақын Анна Ахматованың сыртқы келбеті
көптеген суретшілерді қызықтырған екен. Солардың бірі Модильяни-
мен А. Ахматова 1910 ж. Парижде танысқан.
Араларында ғашықтық
роман болып, сол мүсінші салған, ақынның ойланып отырған тамаша
бейнесі Сорбоннаға жақын жерде орнатылған. Тағы бір есте қалар
орындардың бірі Пантеон яғни, «барлық қасиеттілер храмы». Мұнда
кіре берісте «Ұлы адамдарға Отаны риза» деп жазылған. Онда Вольтер,
Гюго, Золл, Пьер және Мария Кюрилер т. б. ұлылар жерленген.
Еуропа елдерін аралаған кезде есте қалған бір жай –
олардың та-
рихи мұраларды бағалап, сақтай білуі болды. Әрине, айта жүрер, үлгі
етер дүниелер, сәттер аз емес. Жазу, сызуы ерте қалыптасқан ежелгі ел
болғандықтан да болар мұндай тарихи жәдігерлердің көп болуы. Де-
генмен есте қалар, жадыңда ұстар жайлардың бәрін сипаттау мүмкін
еместігіне көнуге тура келеді. Армандағы ақ қала Париждің бейнесі
сол мемлекеттің айнасы тәрізді.