224
Клара Қабылғазина
Прагадағы Вацлав алаңында жерге салынған крестер көзге түседі.
Бұл осында болған дворяндар мен наместниктер көтерілісінің
жаңғырығы іспетті, солардың 27-і аяусыз жараланып, олардың ба-
стары көп уақыт
бойы бағандарда ілініп тұрған, яғни, «билікке қарсы
келетіндерді осындай жаза күтіп тұр» дегенді білдіреді, халықты ашса
алақанында жұмса жұдырықта ұстаудың тәсілін айғақтайды.
Қала аралаған кезде Жижков мұнарасы ерекше көзге түседі.
Биіктігі 100 метрлік мұнараның төбесіне қарай өрмелеп, еңбектеп
бара жатқан кішкентай балалар бейнеленген. Чехтардың Давид Чер-
ный деген әр еңбегі ел арасында датталып, кейде мақталып жүретін
атақты мүсіншісі бар екен. Осы еңбектеген сәбилер де соның еңбегі.
Қалада (Кафка музейінің жанында) дәрет сындырып тұрған еркектің
және Вацлав алаңында төңкеріліп тұрған аттың мүсіндері көзге түседі.
Олар да осы мүсіншінің даралығын ерекшелеп тұрған еңбектер.
Осы мүсіншінің еңбектері қойылған жерлер
туристердің көп келетін
орындарының біріне айналған.
Еврейлердің ескі-жаңа кварталы, готикалық стильде салынған
ежелгі ғимараттар тас көшелермен астасып жатты.
Тағы бір табиғатына тамсанған орындардың бірі – Карловы-Вары.
1350 ж. Чех каролі және Рим императоры болған Карл ІV аң аулап жүріп
тауып алған шипалы су курорты. Прага қаласынан 130 шақырым жер-
де орналасқан, алайда айнадай болып жатқан жолдардың арқасында
тез арада жетіп барасың. Курорттағы 60 түрлі жер асты суының 13-і
емдік мақсатта пайдаланылады екен. Жыл сайын мұнда әлемнің 70
елінен 85000 адам келіп демалатын, емделетін көрінеді. ХVІ ғ. соңында
қалаға Кароль Карлдың қаласы деген статус беріледі. Негізгі мағынасы
«Карлдың ыстық суы» дегенді білдіреді.
Жер астынан атқақтап жатқан
субұрқаққа келіп адамдар соның буымен демалады.
Гетенің «Әлемде жақсы өмір сүруге болатын 3 қала бар. Ол –
Веймар, Карловы-Вары және Рим» деген сөздерін қабырғаға жазып
қойған. 1-Петрдің демалған үйі сақтаулы. Гитлер де демалған екен.
Қала
ның сыртында чехтардың Диснейленді орналасыпты, балалар
үшін ойнаудың бар мүмкіндігі жасалған.
Қаланың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзенмен «Кешкі Прага»
деген кеме серуені ұйымдастырылған. Оттар самаладай жарқыраған,
тап-таза, әсем қала көздің жауын алады. «Билеп тұрған үй», «Билеуші
фонтандар» деген ғажап ғимарат пен симфониялық оркестр әуеніне
билейтін субұрқақ шынымен ғажайып көрініс. Классикалық музыка-
225
Тіршілік
ларды, тамаша симфонияларды тыңдай отырып, ғажайып әлемге тап
болғандай әсер аласың.
Жарқылдаған дүкендер әлемге әйгілі
чех хрустальдарымен тол ты-
рыл ған, чех гранаты деген тастары да бірден көзге түседі. Хрусталь дан
жасалған аспалы шамдардың әдемілігіне, әсемдігіне көз тоймайды.
Біздің бір байқағанымыз, европалықтардың басты ерекшеліктерінің
бірі – азды көп қып, жоқты бар етіп көрсете алатын қабілеттерінің
мықтылығы.
Ерекше көзге түсетін бір жай Европа қалаларының тазалығы. Қала
қоқыстарының түрлі-түсті боялған арнайы жәщіктерге жеке – жеке,
пластик, қағаз, тамақ қалдығы т. б. бөлек жиналып әкетіледі екен.
Көлік мәдениетіне риза боласың. 3-5 минут сайын ағылып келіп жатқан
көліктің қайсысына отырам десең де таңдау өзіңізде. «Ақша төле, билет
көрсет» деп, әйтпесе жолаушы жинап жанталасқан жүргізуші
дегенді
немесе кез келген бұрыштан таяғын шошайтып тоқтатып тұрған авто-
инспекция қызметкерін көрмейсің. Бәрі өз ретімен, ыңғайымен жүріп
жатыр. Иық тірестіріп, сығылысып болмаса автобустың артынан қуып
жүргендер кездеспейді. Өмірлері қоғамдық көліктің ішінде, кептелісте
өтіп жатқан өзімізді аядым. Қоғамның барлық іс-әрекеті халық үшін
болатын кездің тезірек болуын армандаған күйде еуропалық сапардан
оралдық.