220
Клара Қабылғазина
Людовик ХІV корольдердің бейнелерімен безендірілген. Осындағы
орган Франциядағы ең үлкен музыкалық аспап болып саналады.
Жалпы органдық музыканы француздар жоғары бағалайды. Атақты
романның басты кейіпкері Квазимодоның Эсмеральдаға ғашықтық әні
әлемнің барлық
тілдерінде шырқалып келеді, қазақ тіліндегі нұсқасын
Роза Рымбаева орындап жүр. Көп жылдар бойы собор қала өмірінің
орталығы болды. Онда Париж парламентінің отырыстары өтті, сауда-
саттық келісімдері жүргізілді, үйсіздер, жарлы-жақыбайлар пана
тапты, ал байлар алыс сапарларға кетерінде асыл дүние-мүліктерін,
құнды заттарын сақтауға тапсыратын, небір дәстүрлер,
мерекелер
өтетін орынға айналған.
Қаланың қақ ортасында орналасқан триумфальды арка, осы елдің
елдігін бейнелейтін ғимараттардың бірі. Биіктігі 50 м арканы салу-
ды 1806-1836 ж. Наполеон ұсынған. Өзінің соғыстағы жеңістерінің
құрметіне арналған және онда белгісіз солдаттың қабірі де бар. «Мұнда
1914-1919 ж. Отан үшін жанын берген француз солдаты жерленген»
деген сөз жазылған. Наполеонның ұлы да осы маңайға жерленіпті. На-
полеон оқыған әскери академия да әлі күнге жұмыс істеуде. Мұндай
салтанатты қақпа әлемнің көптеген жерлерінде бар. Астанамызда
салынған «Мәңгілік ел» деп аталатын триумфальды
арка халқымыздың
тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған және сол монументке ұқсайды.
Ежелгі Еуропа мәдениетінен үлгі ала бастағанымыздың өзі қуанарлық
жай.
«Елисей даласы» деген ені 24 м. үлкен көше екен, Наполеонның
қақ пасына барып тіреледі. Елисей сарайы да француздықтардың мақ-
таныштарының бірі – Франция президенттерінің резиденциясы орна-
ласқан. Оның шығыс жағындағы «Авеню Мариньи» деген бөлігінде
орыс жазушысы А. Герцен 1848 ж. тұрып,
сондағы революция жай-
лы «Авеню Мариньиден хат» деген еңбегін жазған көрінеді. Осында
орналасқан Кетрин Деневтің, Ален Делонның, ресейлік опера әншісі
Г. Вишневскаяның, үш мушкетердің үйлерін көрдік. Қала ескерткішке
өте бай, тіпті
мемлекеттің бас заңгеріне, бас экономисіне де ескерткіш
орнатылған.
Версаль корольдік резиденциясы Парижден тыс 18 шақырым жер-
де орналасқан. Қаладан аулақ салынған бұл сарайдың негізі – 1623 ж.
салынған. Людовик ХІІІ-тің аң аулауға шыққанда келетін үйі болған.
Луврдағы сарайын көтерілістен кейін қауіпті деп санаған король
Людовик ХІV Версальға ауысады да, сарайды классицизм стилінде
кеңейте бастайды. Ол король күнді ерекше жақсы көргендіктен күн-