142
Клара Қабылғазина
екi бетi алаулап көпке дейiн басыла алмады. Әрлi-берлi аунақшып,
ұйқысы шайдай ашылып, көкiрегiн кере, әлсiн-әлсiн күрсiнiп жатып,
көзi iлiнгенiн байқамады.
Түннiң бiр уағында өзiне жақындап қалған сұлбаның жиi-жиi
тыныстағаны естiлiп, дәл күтiп жатқандай қыз оянып кеттi. Қасына
қисайған ер адамның оттай ыстық демi, денесiн, тұмса ағзаны
балқытып, балбыратып жiбердi. Айқасқан құшақтар тас болып қатып
қалғандай… Бiрiн бiрi көптен күткен, аңсай, шөлдей, сарыла күткен
жандар тәрiздi! Япырым-ай, адам басынан
мұндай да тамаша сезiмдер
өтедi екен-ау! Жұмақ, бақыт, махаббат дегенiң осы болса, мұны
сезiну бақыты соған бұйырып отырса одан артық не керек?! Махаб-
бат ләззатынан тыныстап жатқан қыз осыны ойлады. Ал, Тынышжан
болса өз iсiне ендi ғана есеп бергендей көзi жұмулы болса да санасы
өкiнiштен, ұяттан өртенiп жатқандай…, cуық…, бағанағыдай емес, от-
тай сезiмнен салқын күл ғана қалғандай сұлық жатыр.
– Айнаш… кешiр… менi құдай атты…
– О не дегенiңiз?! Қиналмасаңызшы… сiздiң күлiп жүрген кез де рi-
ңiз дi сағынғандаймын.
Бiр-бiрiне терiс қарап жатқан күйлерi, еш ләм деместен атар
таңды атқызып, бiрi мектебiне, бiрi жұмысына кеттi. Бiрақ, махаб-
бат ләззатының ерекше қасиетi екеуiнiң де жүздерiнен байқалып, бiр
сәттiк бақыт табы сезiлiп тұрды…
Әдеттегiдей емес, өмiрге құштарлық
сезiмi бiрiнiң бойында қайта оянып, бiрiнiкi арта түскендей… Адами
сезім бе, әлде сайқал нәпсі ме құдiретті күш дегенiне бағындырды, екi
жанның бағынбасына, мойын ұсынбағанына қоймады. «Болар iс бол-
ды, қалғанын көрiп алармын», – дедi ме әлде шынымен сезiм, оты шар-
пыды ма, әйтеуiр, Тынышжан өз әрекетiне емiн-еркiн жол бердi. Үйiне
қарай асығатын әдет тапты. Айнаштың үйде сағына тосып отырғанын
елестетсе қуанышқа бөленгендей болады. Қайғы-қасiретi де, сұр
күндерi де сол iңкәрлiк тасасында қалған.
Құштарлық жалыны екеуiнiң
де бойын әбден билеген… Бiрi: «Жастықтың желеуiмен албырттықпен
ерте үйленiп, тұрмыстың шылауында, күйбең тiрлiктiң құрсауында
жүрiп, сүю дегеннiң, шын махаббат дегеннiң, құштарлық сезiмнiң
алабұртқан, аңсатқан сәттерi бар екенiн неғып байқамағанмын,
қалайша бiлмегенмiн», – десе, екiншiсi: «Адам баласына құдай осын-
дай да тәттi, отты сезiмдер сыйлаған екен ғой… Махаббат жолында
бастарын құрбан еткендердiң күйiн ендi түсiнгендеймiн…
Шын бақыт
дегендi адам тек осындай сәтте сезiнетiн болуы керек…», – деп ойлай-
ды.