Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет71/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Тіршілік
анық есiнде қалмады. Жаны қиналып, терге малшынып, оянған соң 
өз-өзiне келе алмай бiраз жатты. Жаманға жоруға дәтi бармай, «түс 
түлкiнiң боғы» деушi едi ғой деп ұйықтап кетуге тырысты. Тiршiлiктiң 
бар тауқыметiн арқалағандай тұнжыраған таң да атып келе жатты. 
* * *
Алғашқы кезде жұмысына ерте кететiн Айнаш бүгiн толықсып ұзақ 
жатты. Жұмысқа жаңадан орналасқан кезде түсi суық, мiнезi қатал 
көрiнетiн бастығы Ермектен қаймығатын. Оның қоластындағылардың 
айтуына қарағанда принципшiл, талапшыл, тәртiп сүйетiн адам 
көрiнедi. Бiрақ, әйелiмен нашар тұратынын да естiп-бiлiп жүретiн. 
Қолында тұратын әке-шешесiне қызмет еткiзiп, әйелiн жүгiртiп қояды-
мыс… Мұндай бастықтан неге ықпасқа? Оның үстiне жұмыс табу 
дегенiң қиын бұл күнде. Оқымаған адамды қойып, оқығандардың, 
бiлдей дипломы барлардың ешқайда өте алмай жүргенiн өз көзi көрiп 
жүр емес пе?! Бұған жездесінің таныстары көмектесiп, жылы орынға 
орналасқанын қалай ұмытсын… Бастығына телефон шалғандарды 
тiзiп, айтқан сәлемдерiн жазып, қашан келетiнiн, қайда кеткенiн айтып 
отырғаннан басқа мiндетi де жоқ. Оған несiне қиналсын… 
Алаңдайтын ешкiмi жоқ, қайта жұмысқа ерте келiп, кеш қайтуға 
тырысатын. Сонысымен жақты ма, жоқ әлде әдемi бойжеткенге 
жүрегi жыли ма, әйтеуiр «басекеңнен» ұрыс естiп, немесе ренiш қабақ 
байқаған емес. Жұрт қаймыққан соң, бұл да сескенетiн…
Екеу ара қатынастың бәрi сол бiр күннен басталған болатын. 
Әлдебiр жайсыз тағам жеп қойды ма, асқазаны қатты түйiлiп ауырып, 
өзi қызмет еткелi бiр-екi жылда тұңғыш рет жұмыстан қалатын болып, 
телефон шалды:
– Ермек Әлiбаевич, сәлеметсiз бе?
– Сәлеметсiз…
– Мен ғой, Айнаш…
– Иә, жайшылық па?
Жұмысқа ерте келiп отыратын хатшы қыздың жұмыс орнына келе 
алмауы туралы ойламаған едi. Басқа бiр әңгiме күткендей…
– Жұмысқа баруға шамам болмай тұрғаны… Ауырып…
– Қай жерiң, Айнашжан?
Даусынан үрей, қорқыныш байқалғандай… Жоқ әлде қызға солай 
көрiндi ме?!
– Асқазаным … түйiлiп …


146
Клара Қабылғазина
– Тұрағыңды айтшы… Дәрiгер жiбертейiн…
Осы бiр әңгiме Айнаштың құлағында әлi күнге тұр. Айтқандай-ақ 
сол күнi дәрiгер келген-тiн. Дәрiгерден соң көп ұзамай-ақ Ермектiң өзi 
келдi. «Айнаштың басшысы едiм, жағдайын бiлуге келдiм», – десе үй 
иесi қалбалақтап, бұған ескертпей кiргiзiп жiберiптi. Жатқан жерiнен 
атып тұрып, киiнбек болған қызға: «Жата бер, жата бер Айнашжан! Сен 
ауырып қалған соң… Менiң де мазам болмай…», – дедi. «Қызық, неге 
мазасы болмады екен? Әлде менi сүйе ме? Бұған дейiн де көз қарасын 
өзi сезетiн. Ұзақ-ұзақ қарайтын, жұмыс жазып отырса, артынан келiп 
иығына қолын салып, оқығандай болатын. Осының бәрi сүйетiндiгiнен 
екен ғой» деген ойлар жалт етiп, өте шықты. 
Ол еңкейiп, маңдайын ұстағандай болды… Әрi қарай ернiне төнген 
еркек қызуына бiр сәт елiткендей болды ма, жоқ әлде басшының 
мысы басты ма Айнаш қарсылық бiлдiрмедi. Қыз тарапынан «Кет әрi!» 
болмаған соң талай-талай ләззатты басынан кешiрген еркек батылдық 
көрсетiп жiбердi. Үлкен адамнан сескендi ме, әлде көптен берi еркек 
құшағын көрмей сағынып қалды ма қыз да көне бердi. Мiне, содан 
берi ыстық, тәттi түндер жалғасып кеттi. Бүгiн де Ермек Айнаш үйiнен 
шығып қызметiне кеткен. Түнгi ұйқы шала болған соң, қыз бiраз 
ұйықтап, асықпай, керiлiп-созылып жатқан едi…
Ермек осы өңiрде туып-өскен жiгiт болатын. Шет жерде оқып 
жүрiп, осы әйелi Иринаға үйленген едi. Есейiп қалған қызы бар. Жаста-
ры ұлғайған сайын екеуi бiр-бiрiмен тiл табысқанның орнына, кейiнгi 
кездерi әйелiмен жиi-жиi ренжiседi. Майда-шүйде бiрдеңелерге бола 
келiсе алмай жатады. Кейiнгi кездерi бұл ерегiстiң бiр себебi – Ермектiң 
ауылдағы ата-анасын алып келуi. Өз жанын күткен, молшылықпен өмiр 
сүрiп, өмiрдiң ләззатын көбiрек бағалайтын келiншек жұмысының 
көбейiп, кемпiр мен шалдың масыл болғандарына шыдай алмай 
жүрген. Соның да әсерi болар бұрын да олқыланып жүрген көңiл одан 
сайын қаязданып, ерiмен төсекте бастарының түйiспегенiне бiрталай 
болған. Араларындағы дәнекер тек қыздары-Карина. Кейiнгi кездерi 
қартайып, өздерiн өздерi күтуге шамалары келмей қалған соң, қарттар 
қалаға баруға келiскен-дi. Әйтпесе, ауылдың шаңын да, түтiнiн де, тiптi 
итiн де қадiрлейтiн қариялар қала десе азар-безер болатын. 
Ермектiң әкесi жасында қолынан өнерi тамған, зергер ұста болған. 
Парасаты мол, ақылды адам да, ал, анасы керiсiнше берекесiздеу, не 
болса соны сөйлей салатын адам болатын.. Бұл әйелдiң бiр ерекшелiгi 
– бiр нәрсенiң шет жағасын естiсе болды, арғы жағын өзi жеткiзетiн. 
Кейбiр өзi қатарлылар күлкi етiп, мысқылдап: «Кейiнгi уақытта көп 


147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет