Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет73/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Тіршілік
да өте шығыпты. Ендi ойлап отырса, сол кездегi дәулеттiлердiң бала-
лары қазiр жақсы қызметте екен-ау! «Күлшелi бала сүйкiмдi» дегеннiң 
әлi күнге мәнiн жоймағанына таң қала отырып, ойларына дәлелдер 
келтiре бастады. Бұл университет бiтiргелi бiрнеше жыл уақыт болса 
да, уақытша жұмыс iстегенi болмаса, тұрақты қызметке ие болмапты. 
Не басына баспана да бұйырмады. Бiреудiң тауықтың күркесiндей ғана 
бөлмесiн жалдап тұрып жатқанынына да талай болды. Сыз, iргесiнен 
суы шығып тұрған, жартылай қараңғы бөлмеде отырған қыз көңiлi 
алай-дүлей. 
Бiрлi-жарым баспасөз беттерiне шыққан прозаларын, мақалаларын 
кездесе қалған ел-жұрт мақтайды. Өтiрiгi ма, шыны ма?! Дүдәмал ойда 
жүргенiнде, тiптi, журналистикаға қатысы жоқ бiр танысының «әй қыз-
ау, өзiң жазғыш екенсiң ғой… соңғы шыққан әңгiмеңдi үй-iшiмiзбен, 
көршi-қолаң болып жабыла оқыдық. Жаза бер, сөйтiп…» дегенiн естiп, 
терiсiне симай қуанған… Аңқылдақ, бала мiнез ұстазының… Ауыл 
жайын мәселе етiп көтерген мақалаларың тамаша! – деп қуанғаны 
көз алдында. Сол бағалауларға қарағанда өзiнiң жаза алатыны-
на сенедi. Жұмыс таба алмай жүргенiне – онша – мұншаға шешiле 
қоймайтын мiнезi кiнәлi-ау деп өз-өзiне кiнә артады. Бүгiнгi өмiрдiң 
қым-қуыт тiрлiгiн, қитұрқысы мен қызығын, сан алуан адам тағдырын 
тоғыстыратын романы да аяқталуға жақын. Елдi елең еткiзу дегенiң 
бұл күнде ең қиын шаруа. Жақсы шығарманың дәрежесiне жеткiземiн 
деп қажығанына бiрнеше жыл болды. Кейде ұнаған жолдарын келесi 
жолы оқығанда тезiрек жыртып тастағысы келедi. 
Жаза-жаза қажалған саусақты, тозған жүйкенi тыныстатып 
келмекшi болып Ақжан көшеге шықты. Қала халқы мынандай ауа рай-
ында да тыныш жатпайды-ау! Тыстағы адам қарасы көп болған соң, 
әрлi-берлi өткендерге көз салып, жүре берiп алыстап кеткен едi. Кенет 
«Ақжан!» деген дауысқа жалт қараса өзiнен кейiндеу мектеп бiтiрген, 
ауылдас қызы екен…
– Айнаш! Қайдан жүрсiң? 
– Осында… екi-үш жыл болды пәтер жалдап тұрып жатырмын. Эко-
номика институты директорының хатшысымын. Ал сен ше?
– Мен де осындамын. Бiрақ жұмыссызбын…
– Мақала, әңгiмелерiңдi баспасөз беттерiнен көрген сайын, қалада 
екен-ау, кездессем деп жүрген едiм… жақсы болды, – деп аңқылдап 
жатыр. 
Үстi-басы бiршама жақсы, әп-әдемi киiмдерi жарасып тұр. Өзi 
жұмыс iстейдi екен, … әрi әке-шешесi де бар ғой… Көмектесетiн 


150
Клара Қабылғазина
шығар… Бiрақ неге жүдеу? Ауырған-ау шамасы, – деген ойлар жалт 
етiп келе қалды басына. 
Айнаш болса жездесiнен аяғы ауыр болғанын, әпкесi, ата-ана, 
туған-туыстар алдында қарабет болғанша, жымын бiлдiрмей тынды-
райын деп қозғалып қалған баланы операциямен алғызып тастағанын, 
көп қан жоғалтып, жағдайы ауырлап, ауруханада ұзақ жатқанын, со-
нан соң ғана жұмысқа оралғанын, әрине, айтпады. Ауылдағы ортақ 
таныстарын, қыз-жiгiттердi әңгiмелеп бiраз қыдырыстаған соң, 
үйдi-үйлерiне оралды. Әңгiмешiл, көңiлдi Айнашпен жүздесiп көңiлi 
көтерiлген Ақжан қобырап, толып жатқан қағаздың арасында ораулы 
тұрған нанды алып жеп, шәй iшкен соң, дымқыл тартып, көк иiсi шығып 
тұрған көрпесiне оранып, ұйықтауға ыңғайланды. Адамдардың рухани 
тазалығы, мораль тақырыбына жазған материалдарын республикалық 
бөлiм бастығы «қарайын, көрейiн, кейiндеу хабарласыңыз» деп алып 
қалғанына да әжептәуiр уақыт өттi. Кейбiр таныстардан «қаламақыдан 
қайтарамын» деп қарыз ақша алмасам, аш қалатын түрiм бар» – деген 
оймен қыз кiрпiк айқастырды. 
Ақжан сарыуайымға сирек салынады. Табиғатында ертеңге, 
болашаққа үмiтпен қарайтын, қолына алған iсiн тиянақты тынды-
ратын, бос, жел сөзге жоқ адам. Қолында айтқанын зыр жүгiртiп 
орындатар билiгi, өздерi келiп-ақ жасауға мәжбүр етер қаржысы 
жоқ болғанымен де елiнiң ертеңiне, бүгiнiне жаны ауырады. Балалар 
үйiндегi жағдай, ондағы сәбилер тағдыры, алуан-алуан өмiр жолдары 
өзiн көптен берi ойландырып, көлемдi проблемалық мақаланың негiзi 
салынып, жоспары жасалып қойғанына да бiраз болған. Бұл жолғы 
кейiпкерi – Пұсырман. Жетiмдер үйiн өмiрге келген кезден бастап 
мекендеген мұсылман баласын ондағылар Пұсырман деп атап кет-
кен екен. Аққұбаның әдемiсi өзi, көздерi жалт-жұлт етiп, қара қасы 
айшықтанып, кең, жазық маңдайға көрiк бере түскендей. Жасының 
көп кiшiлiгi болмаса Ақжан шынымен сүйiп қалатын едi. Жаны да таза, 
әлпештеп өсiрген нәзiк, әсершiл қала балаларына ұқсайды. Балалар 
үйiндегi мектептi бiтiрген соң, баратын жерi болмаған баланы «өзi 
жақсы кiсiге бiр кiсiлiк орын бар» дегендей, сол балалар үйi басшыла-
ры шаруашылық iстерiн жүргiзушi етiп қалдырған болатын. 
Тағдыр тәлкегiне қаршадай күндерiнен iлiккен сәбилердiң шы-
тырман оқиғалы өмiрлерiн бiлмекке тәрбиешiлерiмен, ұстаздармен 
сөйлесiп көрген едi. Көптеген материалдар, фактiлер жинақталды. 
Бiрақ, Пұсырман әңгiмесiнiң жөнi бөлек болады да тұрады. Ол көп 
бiледi, ой-өрiсi кең дамыған, көркем шығармаларды көп оқиды екен. 


151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет