156
Клара Қабылғазина
мұңға толы ма, әйтеуiр, сезiмнiң қыл iшегiн шертiп, сызылтқан әйел
дауысы жайлап тарап жатты. Мүлгiп, тыныштықта тұрған дала да ана
әлдиіне қалғығандай…
Ендi ойлап отырса, қолына гармоньын ала салып кейде жарқылдап,
кейде мұңды әуенге басатын ана жүрегi сезiмге толы екен ғой.
Адамның адамдық қасиетiн аспандатып тұратын бiр ғана абстракты
ұғым iшкi жан күйзелiсi, ақ арман, тұнық махаббат,
ұшы-қиыры жоқ
ойлар. Сол сезiмдердiң бiрi, лықсып сыртқа не сөз болып, не жыр бо-
лып, не күй болып, не жас болып шығуы керек екен-ау! Адам – жаны
жұмбақ, шешуi табылмаған, қыр-сыры көп табиғаттың сыйы, Алланың
құдiреттi жаратылысы. Сонда жылап отырған анасын байқамағансып,
ұйықтағансып көзiн қайта жұма қойғанын Ақжан өзiне әлi күнге кешiре
алмайды.
– Айтшы, неге жыладың, мама?! Жаныңды күйзелткен не нәрсе?!
–
деуге шамасының келмегенiне, өресiнiң жетпегенiне өкiнедi. Ненi
армандады екен?
Шалғайдағы шағын ауылдың өз iшiндегi әңгiмесi толып жатыр
«Халық азғындап, тiлi тозғындап, географиялық картадан да жойылуға
айналған халықтар бар ғой жер бетiнде, құдай ондайдан сақтасын»
деп қойып, Ақжан сол жайлардың бiрiне сенiп, бiрiне сенбегендей.
Жамағайындарының бiрi Сапар бес баласы мен әйелiн тастап басқа
бiр әйелмен кетiп қалған екен. Балаларының ең үлкенi он бiр жаста
ғана қалыпты. «Әкесiз жетiм ерке жетiм» дегендей бiрде бар,
бiрде жоқ
болып ана аясында өсiп, жетiлiп жатқан жайлары бар-тын. Кейiннен
солардың көз жасының киесi тидi ме, әлде алланың қаҺарына ұшырады
ма, әйтеуiр Сапар ауру болып, табар табысы болмай қалғанда кейiнгi
әйелi үйден қуып жiбередi. «Балалардың әкесi болып, қалқайып
отырса да демеу ғой, адасқан шығар»…
деп алғашқы әйелi Ырыс бiр
ойласа, екiншi ойы: «Балаларым қаршадай шақта ауыртпалықты өзiм
көтердiм, ендi ержеткенде, өзi ауру адамды басыма бәле ғып қайтейiн,
қайда барса онда барсын» дейдi. Әбден ақыл таразысына салған әйелдi
алғашқы ойы жеңдi. Сонымен Сапарды бала-шағасы қарсы алды. Күтiп
бақты.
Күнi ұзаққа базарда тұрып, оны-мұны сатып балалардың тамағын
асырап жүрген Ырыс ерте кетiп, кеш келедi. Бойжетiп қалған Маржан
мектептен соң үй шаруасын iстейдi, оған қаршадайынан төселген.
Кешкi
асты пiсiрiп, әкесiн күтедi, сiңiлi-iнiлерiне қарайды. Жоғалғаны
табылғандай болған Ырыс күйеуiн iштей сағынғанымен, аса пейiл
бiлдiрмей, суықтау болып жүрген.