154
Клара Қабылғазина
боласың… Бiрақ, үмiтiң үдеден шықпай,
көңiлiң су сепкендей басыла-
ды. Шiркiн, қазақтың жерi-ай! Қазекеңнiң өзi сияқты кең, олпы-солпы.
Ақжан көз шырымын алмақ болып, басын арқалыққа сүйеп едi,
әрi-берi селкiлдеткен қимыл маза таптырмады. Есiне тағы әкесi түстi.
Елгезек, қағылез мiнездi шүйкедей сары шал балаларының малына,
жанына қарап, қора-қопсысын жөндеп, тыным таппаған шығар. Жай
кезде көп сөйлемейтiн адам, ащы судан аздап татып алып, өмiр жайлы
әңгiмелердi айтатын. Көбiне-көп айтылатыны – соғыс жайлы:
– Қан майдан Сталинград үшiн шайқас жүрiп жатқан. «Ура, алға!» де-
ген бұйрық естiсек болды, автоматты
тарсылдатып шаба беремiз, тиiп
жатыр ма, тимей жатыр ма, оны бiлiп болмайды. Тек алға ұмтыламыз.
Өйткенi, «бiр адым да артқа жоқ, тек алға» деген заң бар. Бiр күнi,
ауыр жараланып, далада қалыппын. Көзiмдi ашсам айнала көк түтiн.
Белден төмен қозғауға келмейдi. Қолдарым домбығып, үсiнуге жақын
қалыпты. Аспанда шулаған қарақұс. «Құдай-ау, ендi осыларға жем бо-
лам ба?» деген ой басыма келгенде мені өмiрдi аңсаған сезiм жеңдi.
Анадайда жатқан адамның қасына зорға жылжып барсам немiстiң сол-
даты екен. Жүрегi бiр әзiрде ғана тоқтаған сияқты,
өйткенi денесiнде,
киiмiнде сәл жылу бар. Соған қолымды тығып, немiстi «құшақтап» бiраз
жылынған соң, шетке қарай жылжи бердiм, сүйретiлiп жылжи бердiм.
Санамда тек «өмiр, жарық дүние» деген ғана бiр тiлек. Майдан шебiне
жақындағанда қансырап талықсып кетсем керек. Медсанбаттың адам-
дары госпитальға апарыпты. Сөйтiп аман қалып, бала-шаға сүйгенмiн.
Бүгiнгi күннiң сәл ауыртпалығына шыдамайтындарға кешiрiм жоқ, –
дейтiн. Әкенiң осы тағылымын, қайсар мiнезiн үлгi
етiп өскен Ақжан
көп нәрсеге таусылмайтын, сары уайымға салынбайтын.
Күн еңкейе ауылдың шетi көрiндi-ау! Аялдамадан әке үйiне дейiн
бiраз жер. Айнала жым-жырт, келген төрт-бес жолаушыдан басқа жан
жоқ. Жарық та жанбайды. Аңғардан соққан жел адуындатып, етек-
жеңдi тартқылап, iшiңе сумаңдай кiрiп, дененi қалтыратып жiбердi.
Құлазыған көңiлiн одан сайын жетiмсiреткен жел, сырт дүниеден
бейхабар
арал секiлдi, балалығы өткен ауылының сұрқы қашқан түрi
қыз көзiне жас үйiрдi. Сол егiлгеннен егiлiп, әке мәйiтiн құшақтай
жығылған-ды.
– Қой, айналайын, қой…
– Жылама, қызым…
– Әкеңнiң арманы жоқ, Ұзақ жасады, немере көрдi, балалы-шағалы
болды… Соғыста өліп қалса қайтер едіңдер?!