160
Клара Қабылғазина
қайта оралмас деп жүрген жiгiт өз бойындағы өзгерiстi жақсылыққа
жорыды. Өзiн жақсы көрер де ешкiмi болмағандығына налитын, кейде
бiреудi
жақсы көрiп, тiрек, қорған болып жүрудi армандап кей түндерi
ұйықтамай да шығатын.
Қонақтарын шығарып салған Ақжан ертең жұмыс iздеп бiраз жерге
барып қайтпақты жоспарлап қойды. Ертеңгiсiн алдымен ғылыми
институттың есiгiн ашты. Бөлiм меңгерушiсi болып отырған өзiнен
сәл-ақ ересек болар, әйтпесе құралпас жiгiтттiң қарнының тоқтығы
бетiнен-ақ бiлiнiп тұр екен. Семiздiктен қозы қарын бөлектенiп
шығып, майдан жылтыраған, бүйрек беттерi сызданып, әлемнiң бiр
шетiнiң билiгi қолына тигендей дәрежеде көрінеді. Әкесi ме, көкесi ме,
әйтеуiр, бiр көтергiш кранның көмегiмен осы дәрежеге жетiп отыр ма
екен?! Бұның ойында, қолы бұндайға еңбекпен немесе қиындықпен
жеткендер бүйтпесе керек. Өйткенi, олар қадiр бiледi. Ал, мынаның
iсiнiп-кебiнгенiне қарағанда қозғаушы күшi – «мықты бiр жүндес
бiлектiң» бары айқын. «Далада жатқан жұмыс қайсы, өзiң не сөйлеп
тұрсың?» дегендей емеурiн бiлдiрiп, айналғыш креслосын терiс бұрды.
Жас адамның сызданып,
кеудесiн көтерiп, майға бөккенiн мақтаныш
етiп отырғаны көзге қораш көрiнгенiмен Ақжан ештеңе дей алмай керi
қайттты.
Өзiнiң бiр курстас қызы беделдi газетте бас редактордың орын-
ба
сар
лығын атқарады деп естiген едi. Оған да алып-ұшып келген
көңiлi су сепкендей басылды. Баяғы Балнұр жоқ, япырым-ай, жастық
нышаннан қалсашы бiрдеңе бетiнде. Қабақты тарс түйiп, қысқа
сөйлеп, зеку, бұйыру сияқты әдеттерiнен ләззат алғандай. Дембелше
денесi толығып, кексе әйелдерге ұқсап-ақ қалған екен. Есiктен кiрген
бойы тұрып
қалған Ақжан ыңғайсызданып, қолдарын қайда қоярын
бiлмей әбден қысылды. Абырой болғанда «кiмсiң, танымадым» де-
ген жоқ. Иегiн көтерiп, «отыр» дегендей ишара бiлдiрiп, телефонға
жармасты. Әлдекiмдермен әлдебiр мәселелердi сүт пiсiрiм сөйлестi.
Әңгiмелерiнiң төркiнiнен ұққаны – «Бәленбай дөкейдiң әйелi соңғы
жылдары прозамен айналысып жүрген көрiнедi. Соны орысшадан
аударып, шығаруымыз керек. Ұят болады, әйтпесе, дырдай газетттiң
құлағын ұстап отырып оны ескермесе болмайды», болды. Аржақтағы
«оны қайдан табамын?» деген-ау шамасы. Мынау бұрқылдап: «қайдан
тапсаң да тап, тез аудартып әкел» дедi.
– Мiне, масқара! Дөкейдiң
әйелiнiң шатпағын басу керек, ауда-
ру керек, тап» деп жатқанын қара! Жаны ауырып, ел күйзелiсiн өз
қайғысындай көрiп, соны жөндесек деп жазып жүргендер жазғанын