Үшкіл нервтң қызметін тексеру: Сезімділікті зерттеу тәсілдері: Үшкіл нервтің бетке шығатын тұстарын (көз үсті, көз асты, иек асты) басып көру. Үшкіл нерв тармақтарының беттегі нервтендіретін аймақтарында ауырсыну, жанасу және кинетикалық сезімталдықты анықтау. Қанттың, ас тұзының көмегімен тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезу мүмкіндігін тексеру. Қозғалуды зерттеу тәсілдері: Ауызды ашқанда төменгі жақтың қалай тұрғанына назар аударылады. Шайнау бұлшықеттерінің жиырылуын зерттеу үшін науқастың жағын алақанымен басып тұрып, шайнауын өтінеді.