Есеп №11
Науқас ауруханаға сол аяқ-қолының әлсіздігіне, жүрісінің бұзылуына шағымданып келді. Неврологиялық статусында: сол аяқ-қолында күш екі баллға дейін төмендеген, терең рефлекстері жоғарылаған, сол жақта патологиялық рефлекстер және аяқ басы клонусы анықталады. Беткей сезімталдық сол аяқ-қолында төмендеген және сол жақтық гемианопсия анықталады.
Науқасқа қандай неврологиялық және аспаптық зерттеу әдісін жүргізер едіңіз?
Неврологиялық зерттеу әдістері:
FAS – тест (бет – қол – сөйлеу) беттің ассиметриясы (F), қолдың түсуі (А), сөйлеудің бұзылуы (S).
Аспаптық зерттеу әдістері: ЭКГ; Бас миының КТ/МРТ, ультрадыбыстық доплерография; көз түбін зерттеу, периметрия әдісі
Науқаста қандай қимыл бұзылыстары пайда болды?
Гиперрефлексия, патологиялық рефлекстер, аяқ басы клонусы
Анағұрлым зақымдалған неврологиялық құрылымдар?
Ортаңғы милық артерия
Болжам диагноз қойыңыз?
Ишемиялық инсульт
Зерттеу әдісін өткізіңіз:
Бұлшық еттердің күшін анықтау
Бұлшық ет күші бес баллдық өлшеммен бағаланады:
• 0 балл – сал болып қалу
• 1 балл – әзер пайда болатын қимылдар
• 2 балл – ептеп қимылдау
• 3 балл – қимыл көлемінің азаюы, бірақ аяқ-қолын көтереді
• 4 балл – бұлшық ет күші азайғанмен, қимылы толық
• 5 балл - бұлшық ет күші қалыпты жағдайда сақталған
Қол басы жұдырықтың күшін динамометрмен анықтайды.
• Бицепстің күшін анықтау үшін сырқат қолын бүгеді де, дәрігер оның қолын жазуға тырысады. Сырқат барлығынша қарсыласуы керек.
• Дельта тәрізді бұлшық еттің күшін анықтау үшін сырқат қолын екі жағына горизонтальды деңгейде ұстап түрады. Дәрігер сырқаттың қолдарының үстінен басып төмендетуге тырысады, сырқат қолын төменге түсірмес үшін қарсыласады.
• Қолдың әкеткіш бұлшық еттерінің күшін анықтау үшін сырқат екі қолын алдына горизонтальды деңгейде созады. Дәрігер қолдардың іш жағынан сыртқа қарай итеруге тырысады, сырқат қолдарын алшақтатпай қарсыласу керек.
• Қолдың әкелгіш бұлшық еттерінің күшін тексеру үшін сырқат екі қолын алдына горизонтальды деңгейде созады. Дәрігер қолдардың сырт жағынан ішке қарай итеруге тырысады, сырқат қолдарын жақындатпай қарсыласу керек.
Саусақтардың күшін анықтау үшін екі саусақтарын кезек кезекпен сақина тәрізді қысып тұрады, дәрігер сол сақинаны үзуге тырысады. Вендерович сынағы – барлық саусақтарды біріктіргенде, дәрігер 5-саусақты ажыратуға тырысады. Салдану кезінде 5-саусақ оңай ажырап кетеді.
• Аяқтарда да бұлшық ет күшін анықтау қолдағыдай жүргізіледі.
Сіңірлік және периосталды рефлекстерді зерттеу
Сіңірлік рефлекстер
Шынтақ-бүккіш рефлексі m. Bicipitis сіңірін балғамен ұрғылағанда, екі басты бұшық ет жиырылғандықтан білек бүгіледі.
Шынтақ-жазғыш рефлексі - m. Tricipitis сіңірін балғамен ұрғанда, үш басты бұлшық ет жиырылғандықтан, білек шынтақ буынында жазылады. • Балғамен соққы olecranon деңгейінен 1,5 – 3 см жоғары болуы қажет.
Карпо-радиальды рефлекс – кәрі жілікте processus styloideusті балғамен ұрғылағанда, қол басы бүгіледі және саусақтар бүгіліп, пронация қалпына келеді.
Тізе рефлексі-балғамен тізедегі lig.Pаtellae ұрғылағанда, m.quadricipitis жиырылып, аяқ жазылады
Ахилл рефлексі-балғамен ахилл сіңірін ұрғылағанда, m. tricipitis surae жиырылып, табан бүгіледі.
Периосталды рефлекстер
Қабақтық рефлекс - неврологиялық балғамен қас доғасы бойымен ұрғылайды. • Жауап ретінде (m.orbicularis oculі жиырылғандықтанi) қабақ жұмылады.
Мандибулярлы рефлекс (Бехтерев) - балғамен иектен ұрғылайды, • Жауап ретінде (m. Masseteris) шайнау бұлшық еттері жиырылып, жақ жабылады. • Әдетте бұл рефлекс псевдобульбарлы салдануда жоғарылайды
Жауырын–иық рефлексі -жауырынның ішкі қырын балғамен ұрғылағанда, иықта приведение и ротация.
Көру алаңын зерттеу
Поле зрения- это пространство, которое видит неподвижный глаз.
Поле зрения ориентировочно можно исследовать и более простым способом. Один глаз больной закрывает ладонью ( или полотенцем), другим смотрит на переносицу сидящего напротив врача ( фиксируется взгляд в одну точку). Врач передвигает молоточек или шевелящиеся пальцы по периметру снаружи к центру поля зрения поочередно в верхних и нижних квадрантах каждой половины поля зрения. Выпадение поля зрения в одной половине обозначается гемианопсией. Её можно выявить и пробой с делением полотенца: врач располагается напротив больного, натягивает полотенце ( или другой узкий предмет длиной около 70-80 см.) двумя руками, больной фиксирует свой взгляд на одной точке и своим указательным пальцем делит видимую часть полотенца пополам. На стороне гемианопсии остается более длинный конец полотенца.
Патологиялық рефлекстерді анықтау
Бабинский симптомы - табан рефлексінің бұрмаланған түрі, табанның сыртқы қырынан штрих жүргізгенде, башпайлардың «веер» тәрізді жазылуы
Психиатрия, наркология және
неврология кафедрасының
меңгерушісі профессор, м.ғ.д. Ешимбетова С.З.
Достарыңызбен бөлісу: |