Буын-бұлшықет сезімі. Алдымен науқасқа зерттеу әдісі мен мақсаты түсіндіріледі. Содан соң науқастан көзін жұмуын сұрап, саусақ буынын әр бағытта қимылдатады. Қалыпты жағдайда науқас буындарының оңға, солға, жоғары, төмен қимылдағанын ажырата алады.
Діріл сезімі.Зерттеу әдісі мен мақсаты түсіндіріледі. Көзі жұмылған науқасқа камертонды дірілдетіп беткей орналасқан сүйектің, саусақ, башпай немесе білезік сүйектеріне қоямыз. Діріл сезімі тоқтаған кещде науқастың хабарлауын сұраймыз.
Салмақты сезу.Зерттеу әдісі мен мақсаты түсіндіріледі. Науқастың қолына көлемі жағынан бірдей, бірақ 10% салмақтың айырмашыоығы бар гирь беріледі. Қалыптыда науқас қай гирь ауыр не деңіл екенін ажырата алады.