Клинически



бет33/48
Дата16.05.2022
өлшемі2,27 Mb.
#143499
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
неврология exam (копия)

ЗАДАЧА №12
Науқастың неврологиялық көрінісінде атаксия, интенционды діріл, нистагм, адиадохокинез, Бабинский асинергиясы, буын-буындап сөйлеу, оңға қарай ауытқыған атаксиялық жүріс анықталады.

Науқасқа қандай неврологиялық зерттеу әдістерін жүргізер едіңіз? 


Cаусақ-мұрын, өкше-тізе сынамалары; балғашықпен сынама (мимопопадание) дисадиадохокинезге сынама; гиперметрияға пронаторлық сынама; Ромберг қалпын зерттеу; жазуын (макрография) және сөйлеуін (скандирленген сөйлеу) тексеру.
Неврологиялық синдромды атаңыз.
Мишықтық синдром
Нерв жүйесінің қандай құрылымы зақымдалған? 
Мишықтың оң жақ жарты шары

Зерттеу әдісін өткізіңіз:


Бұлшық ет тонусын зерттеу тыныштықтағы бұлшық еттің пальпациясынан басталады
• Атония немесе гипотония кезінде бұлшық еттер бос және болбыр болады. Буындағы енжар қимылдар босаған болады
• Гипертонус кезінде бұлшық еттер тығыз, кернелген. Ал буындағы қимылдар буындардағы қимылдар шектелген. Енжар қимылдарға қарсыласу тән.
• «Бүктелген бәкі» симптомы – орталықтан салданған мүшені дәрігер бүгіп-жазғанда, алғашында бұлшық еттердің қарсыласуы сезіледі, кейін бұл сезім жойылып қол-аяқты бүгу-жазу жеңілдейді.
«Стюарт-Холмс» кері ұрғылау феноменін зерттеу. Сырқат қолын шынтақ буынынан бгіп ұстап тұрады, дәрігер бүгілген қолды өзіне тартып тұрып бірден жіберіп қалғанда сырқат өз денесіне қолын соғып алады. Қалыпты жағдайда антогонист бұлшықеттердің көмегімен өз қолын ұстап қалуы керек.
Адиодохокинез. Қол басында қарама-қайшы қимылдарды жасағанда (супинация мен пронация) зақымдалған ошақ жағындағы қолдың қимылдары баяу болып, дені сау жақтан қалып отырады.
Дисметрия. Науқасқа екі қолын алдына созып, бір қолын жоғары көтеріп, қайтадан екінші қолының деңгейіне алып келуді сұрайды. Егер екінші қолының деңгейіне жеткізбесе гипометрия, егер асып кетсе – гиперметрия.
Күрделі және жай Ромберг қалпын зерттеу
Ромберг сынамасы (Ромберг қалпы). Науқас аяқтарын мықтап жылжытып,көздерін жұмып, қолдарын алға созады (№1 қалып). Осы сынаманы қиындату үшін дәрігер сыналушыға аяғын бір сызыққа "алдында тұрған аяқтың өкшесі артқы аяқтың саусақтарына тіреледі» (қалып №2). Ромберг сынамасын қиындатудың соңғы нұсқасы - бір аяқта тұру (№3 қалып).
Сынама статикалық атаксияны анықтау үшін, дәлірек айтқанда статикалық дистаксияны анықтау үшін жүргізіледі.
1 қалыпта статикалық атаксия кезінде науқас тұрақсыз, дірілдейді және көбінесе алға, артқа немесе бүйірге қарай ауытқуы мүмкін.
Сенситивті атаксияға көру бақылауын қосқанда. ромберг позасындағы дірілдеу көріністерінің айтарлықтай төмендеуі тән. Науқас көзін қайтадан жапқаннан кейін, құлау қайтадан пайда болады.
Мишықтық дистаксияда (атаксия) визуалды бақылау оның көріністерін төмендетпейді. Мидың зардап шеккен жарты шарына қарай ауытқу немесе құлау тән. Мишық зақымданған кезде, науқас бұл қалыпта тұра алмайды, ол зақымдану жағына, артқа (мишықтың төменгі бөліктеріндегі патологиялық фокуспен) немесе Алға (мишықтың жоғарғы бөліктеріндегі фокуспен) түседі. Кортикальды атаксиямен науқас зақымдануға қарсы бағытта ауытқып кетеді.

Психиатрия, наркология және


неврология кафедрасының
меңгерушісі профессор, м.ғ.д. Ешимбетова С.З.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет