БрудзинскийI симптомы ( мойын бұлшық ет ригидттілігін тексерумен бірге жүреді, арқасымен жатқан баланың басын енжар бүккен кезде, баланың аяқтары тізе және жамбас-сан буындарында бүгіледі);
Брудзинский II симптомы (қасаға үстіне басқан кездегідей аяғын бүгу);
Брудзинский III симптомы ( Кернинг симптомымен бірге жүргізіледі, бір аяғын тізе буынында бүккен кезде, екінші аяғы тізе буынында бүгіліп, ішіне әкелінеді);
Сіңірлік рефлекстерді зерттеу
Рефлекстерді перкуссиялық балғамен қысқа – қысқа соғу жолымен анықтайды; Зерттелетін аяқ – қолды барынша бос, еркін қалыпта ұстау қажет; Балға соққысы қысқа, үзіліспен, бірыңғай күшпен беріледі; Соққы берілген кезде қимыл – қозғалыс тек кәрі жілік буынында ғана болады; Сол бұрынғы бір рефлекстер екі жақтан зерттеледі; Туындайтын рефлекс айқындылығымен және симметриялылығымен бағаланады.