7. Бақылау сұрақтары:
Тест сурақтары.
1. Бауыр ауруларында ауырсынудың болуы неге байланысты?
А. глиссон капсуласының керілуіне
В. бауыр ферменттері секрециясының бұзылуына
С. бауыр жасушалық қызметінің жетіспеушілігіне
D. өт жолдарының бітелуіне
E. өт жолдарының дискинезиясына
2. Ащы дәммен кекіру қай ауруға тән?
А. созылмалы холециститке
В. асқазан қалтқысының жарасына
С. эзофагитке
D. созылмалы гиперацидті гастритке
E. он екі елі ішектің жарасына
3. Бауыр өт жолдарының ауруларында терінің қышуы неге байланысты?
А. холестерин алмасуының бұзылуына
B. темір алмасуының бұзылуына
C. глюкоза алмасуының бұзылуына
D. қанда эстрогендердің мөлшері көбеюіне
E. қанда өт қышқылдарының мөлшері көбеюіне
4. Өт қабының зақымдалуын көрсететін симптомдар ?
А. Щеткин-Блюмберг
B. Губергриц-Скульский
C. Флюктуация
D. Кер, Ортнер
E. Щеткин-Блюмберг, Кер
5.Бауыр аурулары бар науқастарда ксантоматозды өзгерістердің болуы мынаған байланысты:
А. холестерин алмасуының бұзылуына
B. билирубин алмасуының бұзылуына
C. эстроген алмасуының бұзылуына
D. глюкоза алмасуының бұзылуына
E. мыс алмасуының бұзылуына
6.Бауыр өлшемдерін Курлов әдісімен анықтағанда қалыпты жағдайда мынаған сәйкес келеді:
А. 10×9× 10 см
B. 9 ×8×7 см
C. 5 ×4 ×3 см
D. 12 ×10×10 см
E. 11×10 ×11 см
7.Бауыр өт жолдарының ауруларында Георгиевский-Мюсси (френикус) симптомын қай жерде анықтайды?
А. кіндікті оң жақ қолтық асты шұңқырымен қосатын сызық бойында, кіндіктен 6 см жоғары
В. қолдың қырымен оң жақ қабырға доғасын соққылау арқылы
С. өт қапшығының проекциясында
D. іштің ортаңғы сызығы бойымен, кіндіктен 4 см жоғары
E. оң жақ төс-бұғана-емізікті бұлшық ет аяқшаларының арасында
8.Оң жақ қабырға доғасы тұсын қаққанда ауру сезімі пайда болуының аталуы:
А. Мерфи симптомы
B. Кэр симптомы
C. Ортнер симптомы
D. Мюсси симптомы
E. Шоффар симптомы
Достарыңызбен бөлісу: |