Клиникалық диагноз



бет10/11
Дата12.10.2023
өлшемі358,82 Kb.
#185053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ауру тарихы кдн

Тиазолидиндиондар (пиоглитазон, розиглитазон) пероксис пролифераторімен (PPAR-γ) белсенетін γ-рецепторларының агонисті болып табылады . Тиазолидиндиондар бұлшықет және май тіндерінде глюкоза мен липидтер метаболизмін белсендіреді, нәтижесінде эндогенді инсулин белсенділігі жоғарылап, инсулинрезистенттілікті жояды (инсулин сенситайзерлері). Пиоглитазонның тәуліктік мөлшері 15–30 мг/тәу, ал розиглитазонның тәуліктік мөлшері — 4–8 мг (1–2 рет қабылдауға).
Rp: Tab. Pioglitazoni 0,03
D.t.d: №100 in tab.
S: По 1 таблетке 1 раз в день
Тиазолидиндиондарды метформинмен бірге тағайындау аса нәтижелі. Тиазолидиндиондарды тағайындауға қарсы көрсеткіш бауырлық трансаминазалардың артуы (2,5 есе және одан артық) болып табылады. Гепатотоксикалық кері әсерінен басқа, тиазолидиндиондар ағзада сұйықтықтың жиналуына, ісінулерге әкеледі, бұл белгілер жиі дәріні инсулинмен бірге тағайындағанда дамиды.


II. β-жасушаларға әсер ететін және инсулин секрекциясын күшейтетін дәрілік заттар. Бұл топқа тағам қабылдаудан кейін гликемия деңгейін қалыптастыру мақсатында қолданылатын сульфонилмочевина және глинид дәрілері жатады (гликемияның прандиальды реттеушілері). Сульфонил мочевина дәрілерінің (СМД) басты нысанасы- панкреатикалық аралшықтардағы β-жасушалар. СМД β-жасушалардың мембранасында сәйкес спецификалық рецепторлармен байланысады. Бұл АТФ-тәуелді калий каналдарының жабылуына және жасуша мембранасының деполяризациясына әкелді, бұл кальций каналдарының ашылуына ықпал етеді. Β-жасушасы ішіне кальцийдің енуі, олардың дегрануляциясына және қанға инсулиннің шығуына әкеледі.


III. Аш ішекте глюкоза сіңірілуін төмендететін дәрілер.
Бұл топқа акарбоза мен гуар смоласы жатады. Акарбозаның әсер ету мезанизмі аш ішекте α-гликозидазанының қайтымды тосқауылдануына негізделеді, нәтижесінде көмірсулардың әрі қарай ыдарау және сіңірілу үрдістері тежеледі, бауырға глюкозаның резорбциялану жылдамдығы мен оның түсуі, постпрандиальді гликемия деңгейі төмендейді. Акарбозаның бастапқы мөлшері 50 мг тәулігіне 3 рет, кейін мөлшері 100 мг тәулігіне 3 ретке дейін жоғарылатылады; дәрі міндетті түрде тағам алдында немесе тағам қабылдау барысында қабылданады. Акарбозаның басты жағымсыз әсеріне ішектік диспепсия (диарея, метеризм) жатады, бұл сіңірілмеген көмірсулардың тоқ ішекке түсуімен түсіндіріледі.
Rp.: Tab. Acarbosi 0,1 №100
D.S. По 1 таблетке 3 раза в день.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет