ЭФГДС: қан ұйығыштары бар 12 елі ішектің буылтығында ойық жаралы ақау, шырышты бозғылт, бірақ жылтыр, қатпарлар айқын көрінеді.
Тапсырма: 1.Шағымдарды, ауру, өмір тарихын, физикалық деректерді бағалаңыз, алдын-ала диагнозды негіздеңіз;
2.Зерттеу жоспарын тағайындаңыз;
3.Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін түсіндіріңіз;
4.Клиникалық диагнозды негіздеңіз;
5.Емдеу тактикасын анықтаңыз;
6.Емдеу нәтижесін, алдын-алуды анықтаңыз.
Бағалау бағалау парағын толтыру арқылы жүргізіледі
Кафедра меңгерушісі А. Жангабылов КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ №17 Әйел 58 жаста, Алматы қаласында тұрады, 1 топтағы мүгедек. Ауызындағы құрғақтыққа, шөлдеуге, дене салмағының артуына, бетіндегі, табандарындағы және балтырларындағы ісінулерге, несеп мөлшерінің азаюына, 1 қабатқа көтерілгенде, нитроглицеринмен басылатын, ұзақтығы 15 минут сол қолға, иыққа, жауырынға шашырайтын, төс артындағы ауық-ауық ауырсынуға шағымдары.
Анамнезінен: Қант диабетінен шамамен 10 жыл зардап шегеді, кездейсоқ кәсіби тексеру кезінде (АЗТМ зауытында жұмыс істеген) гликемия деңгейінің жоғарылауы байқалған. Келесі жылдары ол үнемі метформинді қабылдады, диета әрдайым сақталмады, гликемияның тиісті бақылауы болған жоқ, соған байланысты гликемияның 7.0-ден 24.0 ммоль/л-ге дейін ауытқуын жиі байқады. 4 жыл бұрын диабеттік гангренаға байланысты сол жақ аяғының ампутациясы бойынша ота жасалған. Соңғы жылы қан қысымының тұрақты жоғарылауы байқалады, ол әдеттегі терапияға зорға басылады, күнделікті зәрдің мөлшерінің азайуы, таңертең бетіндегі, кешке аяқтарда және балтырындағы ісінуі байқалады. Қант диабеті бойынша тұқымқуалаушылық бар (әпкесінде 2 типті қант диабеті бар). 5 жыл бойы жүректің ишемиялық ауруы, кернеулі стенокардиямен зардап шегеді.
Объективті: орташа ауырлық жағдайында, санада, адекватты, дене бітімі дұрыс, тамақтану жоғары, терісі құрғақ, тургор төмен, "аязбен жабылған", бұлшықет тонусы төмендеген, бет, аяқ және балтырдың ісінуі, сол аяқтың ампутациялық сынуы, оң аяғындағы пульсация азайған, сезімталдықтың барлық түрлері (тактильді, ауырсыну, температуралық, діріл) сақталған. Өкпеніңтөменгі бөліктерінде әлсіз везикулярлық тыныс, сонымен қатар дыбыссыз ұсақ көпіршікті сырылдар, ЧДД 22 минутта 1, дем шығарғанда мочевинаның иісі бар. Жүректің шекаралары: сол жақ шекара сол жақ ортаңғы сызықтан 1,5 см сыртқа. Жүрек үні тұйық, ырғағы сақталған, жүрек соғу жиілігі 1 минутта 92, пульс 1 минутта 92, қан қысымы 190/150 мм сын. бағ. Тілі құрғақ, "таңқурай тәрізді". Бауыры қабырға доғасының шетінен 4 см-ге шығып тұр, беті тегіс, серпімді, шеті дөңгелек. Ұру симптомы теріс. Күнделікті диурез 750 мл.