Клиникалық психология пәні және даму тарихына қандай шолу жасар едіңіз?


Клиникалық психологиядағы психологиялық диагностикаға қандай талдау жасар едіңіз?



бет3/30
Дата05.01.2023
өлшемі88,1 Kb.
#165026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
клиника ответы 1 (1)

3. Клиникалық психологиядағы психологиялық диагностикаға қандай талдау жасар едіңіз?
Қазіргі клиникалық психология - жеке адамға әр түлі психикалық факторлардың әсерін; жеке адам дамуында ауытқулардың шығу себептерін, жүйкелік және психикалық бұзулылардың алдын алу және емдеу мәселелерін шешуге бағытталған. Клиникалық психологияның негізгі бөлімдері: а) Нейропсихология, б) Патопсихология, в) Психиатрия психикалық дамудың бұзылуын, қалыпты адамның жағдайындағы өзгерістерді, мөлшерден тыс өзгерістер мен қалыпты жағдайларды, қалыпты жағдайлар туралы түсініктер береді.
Қазіргі клиникалық психологияда медицина ғылымының теориялық негіздері жайлы ғылыми деректер жан жақты зерттелуде, кез келген ауру жайлы түсініктердің адам психикасына әсері мен ықпалы өзекті мәселелердің біріне айналуда. Ауру жайлы түсініктер батыс және шығыс елдердің халықтарында әртүрлі түсіндіріледі. Ғылыми деректерде ауруды организмнің қалыпты жағдайынан ауытқуы деп түсіндірсе, тибет халқында ауруды организмдегі жиналған кір ретінде қарастырады және адамның кірленген жерді тазартуға мүмкіндігі мол екендігіне ерекше мән береді.
Клиникалық психологияның салалары бір бірімен тығыз байланысты және адамның жан саулығы мен тән саулығына жағымды әсер етіп, денсаулыққа байланысты ауытқу (отклонение ), бұзылу (патология), кемістік (дефект) жағдайларды болдырмау мен қалыпқа келтіруге –реабилитациялауға бағытталған. Клиникалық психологияда кең қолданылатын әдістерге бақылау мен әңгімелесу жатады. Қазіргі ғылыми техникалық прогресс кезінде науқас адамның денсаулығындағы ақауларды өте тез әрі сапалы зерттейтін құралдар бар: УЗИ, ЭКГ, кардиограмма, эхограмма, фоно- грамма, рентген, және т.б. Бұлардың барлығы сырқаттың жағдайын, дамуын, қолданылатын шараларды анықтауда- диагностикалауда алатын орны ерекше
Сондайақ, клиникалық психологияда психологиялық диагностика әдісі психикалық аурудың шарттарын анықтауда өте маңызды. Психотерапия мен психокоррекциялық әдістемелік шаралар аурудан айықтыру мен сауықтыру жағдайларында тиімді қолданылады. Науқас адамның психикасы мен жүйке жүйесіне жағымды әсер етерде жас кезеңдердегі өзгерістердің психикаға әсері де ескеріледі.
Клиникалық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттеу. Адам психикасы жайындағы ілім мистикалық діни көзқараста ықпалында болды.8-12 ғасырларда Шығыс елдерде философиялық ой- пікірлер өркен жайып, ғылым және адамның жан дүниесі жанындағы ілім жанданып, жаңа сипатқа не болды.Жаратылыстану, медицына,математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып,ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотельдің ,Гален Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды.Аристотельдің және басқа да ғылымдардың идеялары,ашқан жаңалықтары,ой-пікірлері жаңа сипат алып Әбу-Насыр-әл-Фараби (870-950жж) Әби-Алу иби Сина (Авиценна) (980-1037жж),(1126-1198жж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқ.адамның жандүниесі жайындағы ілім өркендеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет