Клизмалар. Асказанды жуып шаю. Қуықты катетрлеу



бет11/13
Дата12.06.2022
өлшемі66,71 Kb.
#146429
түріМетодическая разработка
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Клизма Асказан шаю Қуықты катетерлеу

Катетерлеуге көрсетпелер:
- зәрдің жіті тоқтауы;
- қуықты жуып-шаю;
- қуыққа дәрілер енгізу;
- басқа жол болмаған жағдайда зәрді тексеруге алу.


Қарсы көрсетпелер:
- зәр шығару каналының жарақаты.


Асқынулар:
1. Қуық тамырларың жарылуы,қан кетуі-қуықта зәрдің күрт толуында. 2.қуықты катетрлеу кезінде қан кету.
3.уретраның шырышты қабығының зақым-уы.
4.катетрлеу барысында инфекцияның түсуі. 
Әйелдердің қуығын катетерлеу
Дайындаңыз: 

  • залалсыздандырылған катетер

  • 2 дана анатомиялық пинцеттер

  • Корцанг

  • Лоток

  • Салфеткалар

  • 2 дана қолғап

  • вазелин майы

  • 1:5000 фурацилин ерітінді

  • зәр қабылдағыш

  • зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс

  • астына төсейтін кленканы, жаялық

  • науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтар

  • қауіпсіз жоюға арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқастың аты-жөнін анықтап, өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.
2. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.
4. Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратыңыз.
5. Бөксе астына кленканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз.
6. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
7. Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (стандартты қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу iс әрекетік)жүргізіңіз.
8. Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.
9. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
10. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен үлкен жәнс кіші жыным еріндерін ажыратыңыз, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз.
11. Фурацилин ерітіндісіне суландырылған дәке салфеткасын пинцетпен алып, оң қолынызға ұстаңыз.
12. Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаңыз. кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз.
13. Дәке салфеткасын ауыстыры фурацилин, ерітіндісімен суландырылған дәке салфеткасын несеп шығатын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаңыз.
14. Қолданылған дәке салфеткаларын қауіпсіз жоюға арналган контейнерге, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Пинцетті ауыстырыңыз.
15. Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақ бітеу) ұшынан 7-8 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз.
16. Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың 4- ші 5-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз.
17. Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын «құю» әдісімен құйыңыз.
18. Сол қолмен жыныс еріндерні ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз.
19. Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз.
20. Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
21. Зәр бөлінуі аяқталғаннан бұрын катетерді шығарыңыз, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін қолыңызбен басыңыз. Катетерден шығарғаннан сон зәр ағымы зәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиги жолмен шайып отеді).
22. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.
23. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерді ҚКЖҚға салыңыз.
24. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
25. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет