«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
КГП на ПХВ «СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ»
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ
МЕТОДИЧЕСКАЯ РАЗРАБОТКА
Клиникаға дейінгі сабақ
Пән: Медбикелік іс негіздері
Тема: «Клизмалар. Асказанды жуып шаю. Қуықты катетрлеу»
Оқытушы /Преподаватель: Қарабай Д.Б.
Петропавловск қ.
Клизма (грек, klysma — шаю) — бұл диагностик^!ық немесе емдік мақсатпен эр түрлі сүйықтарды тік ішек арқьтлы енгізу шарасы. Диагностикалық клизма, мысалы, ішектін тарылуын анықтау үшін жүргізіледі. Тоқ ішекгі рентгенологиялық зерттеу үшін (ирриг оскопия) рентген контрасты препараты бар контрасты клизма қолданылады. Емдік мақсатга тазалау, сифонды және дәрілік клизмалар колданылады.
ТАЗАЛАУ КЛИЗМАСЫ
Көрсеткіштер:
тоқ ішектің томенгі бөлікгерінд егі нәрселерді жүмсартуға және шығаруға арналган тазалау клизмалары;
түрақты іш катуда;
уланулар кезіндегі уытты заттарды шығару үшін операциялар және босанулар, аскорыту жолдарьтн рентгенологиялық зерттеу және тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу;
дәрілік клизмалар жүргізер алдында колданылады.
Дәрігердің тағайындауы бойынша орындалады.
Қарсы көрсеткіштер:
тазалау клизмаларын тоқ ішектің жедел қабынулықжәне эрозивті- жаралык зақымдануларында жасауға болмайды;
қүрсақ куысы ағзаларының кейбір жедел хирургиялық аурулары (жедел аппендицит, жедел перитонит) кезінде;
сондай-ақ асқазан-ішек қан кетулерінде;
тоқ ішектің ыдыраган ісіктерінде;
күрсак қуысы ағзарына операция жасағаннан кейінгі алғашкы күндерде;
қанталаған геморройда;
тік ішектің түсуінде;
ауыр журек-қан тамыр жетіспеушілігінде жасауға болмайды.
Тазалау клизмасы жұмсақ эсер етеді. Бүл кезде ішектін төменгі болігі
босайды. Енгізілген сұйықтык ішекке механикалық, термиялық, химиялықәсер етеді, бүл перистальтиканы күшейтеді, нәжісті жүмсартады да оның шығуын жеңілдетеді. Науқасқа қатты күшенбеуге болады, клизманың әсері бірнеше минутган кейін байқалады.
Егер науқастын жағдайы мүмкіндік берсе — бұл шара клизма жасайтын арнайы бөлмеде жүргізіледі. Бұл жерде кушетка, Эсмарх кружкасын іліп қоятын штатив, раковина, клизмаларға арналған «таза» және «кір» ұштықтарды салатын белгіленген ыдыстар, зарарсыздандырылған ерітінділер, вазелин және т.с. болады. Мұнда дәретхана бөлмесі де болуы керек.
Жабдыктар:
эсмарх кружкасы және ұштық (шыны, пластмасс немесе эбонитті);
вазелин;
клеенка;
дәрет ыдысын (егер іс-шара палатада орындалса) дайындап алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |