КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Ойын – тәрбие құралы
Баяндама
әдістемелік бірлестік
Дюсупова Қалима Қалымкановна
қараша, 2014 ж
Дюсупова Қ.Қ.
Әдіскер, КМҚК «Дәншік» балабақшасы,
ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы
Ойын – тәрбие құралы
Бала мен ұжымның дамуына мектепке дейінгі балалар іс-әрекетінің негізгі түрі – ойын орасан рөль атқарады. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко былай деп жазған:
« Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың қызметтің қандай маңызы болса, олар үшін ойынның нақ сондай маңызы бар». Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады».
Ойынның тағы бір ерекшелігі – оның өзіндік (шығарушылар) әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Бала жалғыз болғанның өзінде де ойыншықтармен сөйлесіп жүреді, ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзімен анасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлейді және т.б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады. «Ойын процесінде сөйлеу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады.» Сөйлесіп жүріп балалар бір бірімен уағдаласады, келіседі, сондай-ақ өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсібір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтыны, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рольдер ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойында балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мысалы: «Ұшты, ұшты», «Дүкен», «Бес тас» т.б. сияқты бөліп ойнау.
Ойынның түпкі мақсатына қарай мынадай түрге бөлуге болады: тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін, еңбекті бейнелейтін, қоғамдық оқиғаларды бейнелейтін т.б. Бұлай бөлу, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеу мүмкін.
Ойын процесінде рольге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рольдер немесе рольді – сюжетті ойындар деп аталады. Бала ойын үстінде өзі қалап алған нәрсенің бейнесіне еніп, белгілі балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойын – өзінше бір мектеп, сол арқылы бала адам мінез құлқының ережелері мен нормаларын, олардың еңбекке, қоғамдық меншікке көзқарасын, олардың өзара қарым-қатынасын шығармашылықпен игереді. Ойын балалардың өздерінің де қоғамдық мінез-құлқы, олардың өмірге, бір-біріне көзқарасын қалыптастыратын қызмет формасы болып табылады.
Тәрбиеші ойынды дене тәрбиесінің құралы ретінде кеңінен пайдаланады. «Ойындардың көпшілігі қан айналысын күшейтіп , неғұрлым толық та терең зат алмасуына көмектесетін белсенді қозғалыстар (бала тұлғасының) керек етеді». Белсенді қозғалыс бала тұлғасының дұрыс қалыптасуына, жүріс-тұрыстың икемді, әсем болуына жәрдемдеседі. Алайда ойынды өзінен – өзі дене тәрбиесінің құралы бола салады деп ойлау қате болар еді. Педагогикалық басшылықсыз ойын баланың дене құрылысының дамуына зиян келтіруі де мүмкін. Кейде балалар ұзақ уақыт бір қалыпты тұрып немесе, керісінше шамадан тыс көп қимылдап шаршайды. Сондықтан тәрбиеші бәрінен бұрын балалар ойындары үшін гигиеналық шарттардың сақтауына қамқорлық жасайды. Ойынның айқын, біртіндеп дамитын жүйесін пайдалана отырып, педагог мектепке дейінгі балалардың дене құрылысы дамуының тиімділігін арттырады. Ол ойында балалардың шат, сергек көңіл күйін туғызады, ал эмоциялық ахуалдың дұрыс болуы баланың дене құрылысы мен нерв психика жағынан толыса дамуының кепілі әрі сонымен бірге ақ жарқын ақ пейіл мінез тәрбиелеудің шарты.
Ойын сонымен, балаларды жан-жақты тәрбиелеу және дамыту құралы болып табылады.
Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат мүддесін бейнелесе күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады, сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналуы сөзсіз.
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Балалардың ақыл-ойын дамытатын дидактикалық ойындар.
Баяндама
әдістемелік бірлестік
Дюсупова Қалима Қалымкановна
қараша, 2014 ж
Дюсупова Қ.Қ.
Әдіскер, КМҚК «Дәншік» балабақшасы,
ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы
Балалардың ақыл-ойын дамытатын дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ойын дамытып, ойлау қабілетін жетілдіреді.
Дидактикалық ойындардың мақсаты: заттың қасиеттерін есту, көру, иіс сезу сезімдерінің көмегі арқылы анықтауға жаттықтыру жəне заттарды сыртқы белгілеріне қарап салыстыруға (ыдыс шай ішетін, ас ішетін құралдар, асхана жабдықтары, киім, аяқ-киім жазғы, қысқы) үйрету.
Программаның «Ойын» деген бөлімінде ақыл-ой, адамгершілік тəрбиесіне қоса баланың өзіндік ойын-əрекетін қалыптастыру міндеттері бірінші рет өз алдына жеке көрсетілді.
Сəбилердің екінші тобында заттық орынбасарларды ойын үстінде тауып, қолдана білуді үйретуге көңіл бөлінді.
Балалардың көңіл күйлері сергек, қуанышты болуға тиіс. Ол үшін сабырлы түрде ынталанып ойнауға қажетті ойыншықтарды, дидактикалық ойындарды өздері таңдап ала білуге үйрету керек.
Ойын кезінде балалардың ойыншықтарды көлеміне , түсіне (үлкен – кіші, қызыл -көк) қарай салыстыра білу қабілетін жетілдіріп, ойынға қажетті заттарды, кейбір құрылыс материалын (кубик, кірпіш) дұрыс атай білуге үйрету қажет.
Бірге ойнайтын жолдастарын жақсы көру сезімін, игі қарым-қатынастар жасауын, бір-біріне кедергі келтірмей, қатар ойнай білуін жəне бірлесіп ойнауға деген ынтасын өрбіте отырып, жолдасының қолындағы ойыншығын тартып алмай, ойыншықтарды жəне дидактикалық ойындарды ортақтасып пайдалануға, оларды қайтадан орнына қоюға машықтандыру қадағаланады.
Дидактикалық ойындар үш жастағы балалардың өз бетімен ойнауын ұйымдастырудағы маңызды құрал болып табылады. Бұл ойындар əр түрлі заттардың, қимылдардың ерекшеліктерін ажырата білу машықтарын бекіте түседі. Сондықтан мұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілетін жəне заттарды түріне, түсіне, көлеміне қарап ажырата білуін дамыта түсу үшін аса қажет. Осы мақсатта сəбилер тобында (2,5 жастан бастап) мынадай ойындарды пайдаланған тиімді: алмалы – салмалы ойыншықтар (мұналар, көскөктор, шарлар, матрешкалар) қиылған (екіге бөлінген суретті құрастыру) «қос сурет», «үй жануарлары мен төлдер», «өзің қалаған затты жаса», «сөйлеп тұрған кім екенін тап», «жасырылған затты ата»
Балалардың құрал-жабдықтарды пайдалана білуіне жағдай жасау. Ойыншық верстаққа бұрандаларды бұрау, ойыншық қармақпен пластмасса балықтарды аулау. Дидактикалық ойында міндетті түрде екі бала қатысатын ойын түрін пайдалану.
II – сəбилер тобында дидактикалық ойыншықтармен дербес ойнауын жетілдіру қажет.
Коллективтік ойындарды ұйымдастыру жəне қарапайым талаптар қойылатын ойындарды түрлендіре беру керек.
Заттарды түсіне қарай іріктеу. (Бір түсті сақиналарды ғана іріктеп алып, білекке кигізу, екі түсті шарларды бөліктеп қою, заттарды көлеміне қарай іріктеу)
Заттарды түсі мен көлеміне қарай іріктеу. Шарларды өзімен бір түсте немесе көлемі үйлесетін қақпадан (үлкен шарды биік қақпадан кіші шарды аласа қақпадан) домалатып өткізу.
Екі-үш түсті белгілі бір ретпен алмастыра отырып, көлемі барған сайын кішірейе беретін түрлі сақиналардан мұнара құрастыру; таныс заттарды бейнелейтін қиылған суреттермен ойнағанда əуелі төрт, содан соң алты бөліктен тұратын суреттерді құрастыру. («Біздің ыдыстарымыз», «ойыншықтар» жəне т.б)
Естиярлар тобында заттың қасиеттерін есту, көру, иіс сезу сезімдерінің көмегі арқылы анықтауға жаттықтыру жəне заттарды сыртқы белгілеріне қарап салыстыруға, оларды топтастыруға үйрету мақсаттары қойылады.
Мысалы: «Шай ішетін ыдыс», «Асхана жабдықтары», «Киім», «Жихаздар», «Оқу құралдары», «Жыл мезгілдері».
Сонымен дидактикалық ойындарды пайдалану, балалардың қызығушылығын арттырып, ойлау қабілетін жетілдіріп, бала қиялын шарықтатып, ақыл – ойын дамытады.
КГКП ясли – детский сад «Дәншік»
Развитие связной речи детей дошкольного возраста
Дюсупова Қалима Қалымкановна
ноябрь, 2011 г
КГКП ясли – детский сад «Дәншік»
Творческий отчет
Дюсупова Қалима Қалымкановна
май, 2013 г
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Шығармашылық есеп
Дюсупова Калима Калымканқызы
мамыр, 2013 ж
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Көйлекті әшекейлейік
Сурет салу ІІ – сәбилер тобы
Дюсупова Қалима Қалымкановна
ақпан, 2012 ж
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Құстар – біздің досымыз ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
2 сәбилер тобы
Дюсупова Қалима Қалымкановна
наурыз, 2012 ж
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Су - тіршілік нәрі
ашық сабақ айналамен таныстыру
Дюсупова Қалима Қалымкановна
ақпан, 2013 ж
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Әжеге қонаққа барамыз
Айналамен таныстырудан өткізілген сабақтың жоспары
Дюсупова Қалима Қалымкановна
желтоқсан, 2011 ж
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Мектепке дейінгі мекемеде тіл дамыту жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері
Баяндама
Аудандық семинар
Дюсупова Қалима Қалымкановна
қазан, 2013 ж
КГКП ясли – детский сад «Дәншік»
Игра как вид деятельности направленный на развитие речи и творческих способностей детей дошкольного возраста
Доклад на педчтение
Дюсупова Қалима Қалымкановна
январь, 2013 г
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Доклад на педчтение
Дюсупова Қалима Қалымкановна
қаңтар, 2013 ж
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Сурет арқылы балалардың тілдерін дамыту
Баяндама
Әдістемелік бірлестік
Дюсупова Қалима Қалымкановна
желтоқсан, 2012 ж
КГКП ясли – детский сад «Дәншік»
Новые подходы к процессу воспитания ребенка на основе теорий М. Монтессори
Дюсупова Қалима Қалымкановна
Май, 2015 г
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Үй құстары
Тіл дамытудан ашық сабақ
Дюсупова Қалима Қалымкановна
қараша, 2012 ж
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Ана – өмірдің шуағы
ертеңгілік
Дюсупова Қалима Қалымкановна
наурыз, 2014 ж
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Жол тәртібін білейік – аман есен жүрейік
Жолда жүру ережесінің тәртібіне арналған ертеңгілік
Дюсупова Қалима Қалымкановна
қазан, 2014 ж
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Қазақстан туған жерім
Қ.Р тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген оқу – іс әрекеті
Дюсупова Қалима Қалымкановна
желтоқсан, 2013 ж
КГКП ясли – детский сад «Дәншік»
Совершаем добрые дела
тематическое занятие
Дюсупова Қалима Қалымкановна
Февраль, 2015 г
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Шалқан
Ертегісін сахналау
Дюсупова Қалима Қалымкановна
қазан, 2015 ж
КГКП ясли – детский сад «Дәншік»
Инновационные методы работы с родителями
Доклад на МО
Дюсупова Қалима Қалымкановна
декабрь, 2015 г
КГКП ясли – детский сад «Дәншік»
Использование здоровое сберегающих технологии на различных видах деятельности
Районный семинар
Мастер – класс
Дюсупова Қалима Қалымкановна
Октябрь, 2014 г
КГКП ясли – детский сад «Дәншік»
Режимные моменты во ІІ половине дня
в детском саду
Районный семинар
Обобщение опыта
Дюсупова Қалима Қалымкановна
Декабрь, 2015 г
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Тәуелсіздік тербеген Қазақстан
Дюсупова Қалима Қалымкановна
желтоқсан, 2015 ж
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Арайлы алтын күз
Дюсупова Қалима Қалымкановна
қазан, 2015 ж
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту кезінде жұмыстың жаңа озық әдістері
Баяндама
Аудандық семинар
Дюсупова Қалима Қалымкановна
қазан, 2013 ж
Достарыңызбен бөлісу: |