Кмм «25» ші орта мектебі Ашық тәрбие сағаты



Дата25.11.2019
өлшемі32,92 Kb.
#52404
Байланысты:
ашык сабак сценарии

КММ «25» ші орта мектебі

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ардың шыңы – Ата Заң

Ұйымдастырушы: Напиханов Айдар Әлібекұлы

(студент- практикант )

Қатысушылар: 8 «ә» , «г» сынып оқушылары



Талдықорған 2017

Тақырыбы: Ардың шыңы – Ата Заң

Өткізілген уақыты:22.02.17. 12:30
Мақсаты:

1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Әдісі: Дискуссия

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру
Кіріспе әңгіме
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!,- деп ақын жырлағандай бүгін оқушыларымызға Ата Заңымыз туралы терең түсінік беру үшін тәрбие сағатымызды ата - аналармен бірлесе отырып дискиссия түрінде өткізбекшіміз.
Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.

Мемлекеттік гимн орындалады.

Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп - өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз Қазақстанның Тәуелсіздігіне 26 жыл толып отыр.
Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан - кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата - бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлім, 21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты.


Бүгінгі тәрбие сағатымызға өз ой - пікірлерін ортаға салуға студент практиканттар мен олардың пікіріне сарапшы ретінде заңгер қатысып отыр. Қош келдіңіздер!


- Оқушыларды 2 топқа бөлу.
- Келісімшарт жасау.
—     Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.
—     Бір-бірімізді тыңдаймыз.
—     Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
—     Уақытты үнемді пайдаланамыз.
—     Ойлануға 3 минут, пікір қорғауға 2 минут, толықтыруға 1 минут.
—     Бұл бөлімді үзіліссіз 15 минутта аяқтауға.

І бөлім – « Ынтымақтың ұйытқысы – Ата Заң »
Тарих - біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы- деп Мигель де Сервантес айткандай алдымен Ата Заңымыздың шықпас бұрын қазақ жазирасындағы болған заңдарға қысқаша тоқталсақ.

/ Видеоматериал/

Қуандық —  Бұл күнде ата Заңымыз өз күшінде. Бәріміз де Ата Заңға бағынып, соның баптарымен жүруіміз керек. Ата Заңда айтылғандай, адам – мемлекеттің басты байлығы. Адамның құқығы мен міндеті Заңда толық көрсетілген. Тек соны әркім өз білгенінше, өз қалауынша жүрмей, жауапкершілікті орындауға міндетті.

Аружан — Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды.

Ескендір — Біздің еліміздің ең алғашқы Конституция негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрған: Атамекенді Жерұйық деп білу,оны жаудан қорғау, жер суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау.
Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.


Ақбота— Ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен Егемендігімізге қол жеткізіп, бүгінде өзіміздің Ата Заңымыз бар, біз бақытты ұрпақпыз. Конституцияны білу, заңды білу біз үшін міндет сияқты. Себебі, заңды білмесең, өз құқығыңды қорғай алмайсың.

Ата Заң. Азаттығыңды айқындайтын, Тәуелсіздігіңді паш ететін, Егеменді ел екеніңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат.

Ата Заң. Азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады.

Ата Заң. Әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.

Дильназ — Ата Заң. Дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң.

Ата Заң. Аталар аманаты. Кешегі Қасымның «қасқа жолы», Есімнің «ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституция.

Балауса — Әр азамат Ата Заңға арқа сүйеуге міндетті. Егер, Конституцияда жазылған бір бап орындалмай, теріске шықса, оны да қадағалайтын арнайы орган бар. Ол – Конституциялық кеңес


Түйін сөз
Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Сендер әлі кішкентайсыңдар, алайда Қазақстан мемлекетінің мүшесі бола отырып, сол елдің азаматы мен азаматшалары болып табыласыңдар. «Болашақ - жастардың қолында» дегендей оқушы болып, олардың үйдегі ұстаздары - ата - ана және мектептегі ата - анасы – ұстаздар болып, өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп, оны дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді.

ІІ – бөлім « Ата Заңым – мақтанышым, қорғаным»
Елдана - 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.
Динара - Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью - Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған Балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкестендіріліп жасалған.
Мұғалім: Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.
7 - бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.
9 - бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгiленедi.
14 - бап
Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
15 – бап Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.

Мұғалім: Ата – аналар құқығы мен міндеті туралы Ата Заңымызда не делінген екен?
27 - бап Әйгерім
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың етене құқығы әрі мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.

29-бап Элия

1.    Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30-бап Ақбота


1.    Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi.

34-бап Ескендір


2.    Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.

36-бап Аружан


1.    Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi.

38-бап Зерде


Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi.

« Мектеп заңына бағынайық! »
(Оқушыларға арналған бірыңғай талап ережелеріне тоқталып өтеді )

І. Оқушылардың құқықтары: Сұңқар


— Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірін білдіруге;
— Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;
—  Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б шараларға қатысуға;

ІІ. Оқушылардың міндеттері: Елдана


— Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеуге, сабаққа жүйелі түрде дайындау, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
— Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту
— Мінез-құлық ережелерін сақтау:
Үлкендерді құрметтеу
Басқа адамның ар-намысын қадірлеу
Құқық бұзушылыққа жол бермеу
Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
— Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

ІІІ. Жалпы талаптар Динара


— Оқушылар белгіленген күн режимін сақтап, өзіне-өзі қызмет ету жұмысына қатысуға тиіс.
— Әр оқушы мектеп мүлкіне, өз класындағы және дәліз бойындағы өсімдіктерге сонымен қатар өз нәрселерімен жолдастарының нәрселеріне мұқият, жауапкершілікпен қарауға тиіс.
— мектепке ұялы телефон әкелуге және қолдануға болмайды. Жоғалған жағдайда мектеп жауапкершілігіне алмайды.

ІҮ. Оқушының мектепке келуі Ақбота


— Әр оқушы мектепке сабақ басталардан 15 минут бұрын келуі керек.
— Мектепке кірерде аяғыңды сүртіп кір
— Мектептің есігінен кірерде бірінші болып кіруге асықпа, мұғалімдерге, кіші класс оқушыларына жол бер. Ер балалар есіктен кірерде қыздарға жол беру керек.
— Мектепке келген соң дәлізде жүріп қалмай, бірден өз кабинеттеріңе кіру.
-Сабақты бір күн қалдырсаң да дәрігерден анықтама әкел.

Ү. Оқушының киімі мен сырт пішініне талаптар Сұңқар


— Мектебімізде қыз балалар үшін ақ жиде мен қою көк бетінде жолағы бар костюм, ер балалар үшін қою қара көк түсті костюм мен ақ жиде.
— Киіміңді әрқашан таза және үтектеп ки. Мектепке бір түс киініп кел.
— Ер балалардың шаштары қиылған, бір қалыпта болуы тиіс. Қыз балалар
шашын жинап жүруі тиіс.
— Ақ киімнің таза болуын қадағала
— Дене шынықтыру сабақтары үшін сенің спорттық формаң болуы керек.

ҮІ. Оқушылардың сабақ үстіндегі  міндеті. Қуандық


— Қоңырау соғылғанда сыныпта не кабинетіндегі өз орныңда бол. Әрқашан өзіңді белгіленген орныңда отыр және таза ретті ұста.
-Сабаққа қажетті кітап, дәптер, күнделігің әзір болсын.
— Оқытушы класқа кіргенде орныңнан тұрып сәлемдес, отыруға рұқсат еткенде ғана отыр.
— Партада тік отыр, жатпа, бүкірейме. Оқытушының түсіндірмесін және оқушының жауабын ықыласпен тыңда.
— Тақтаға жауап беруге шыққанда күнделікпен шық. Жауап бергенде класқа бетіңмен қарап тұр. Анық және асықпай жауап бер.
— Қоңыраудан соң орныңнан секіріп тұрма, айқайлама, мұғалімнің рұқсатымен шуламай кластан шық.

ҮІІ. Оқушылардың үзіліс кезіндегі тәртібі. Зерде


— Мектеп ішіндегі тәртіптілікпен реттілікті сақта: жай сөйле, дәліз бойында жәй жүр.
— Дәлізде оң қанатпен жүр, жүгірме, секірме.
— Мектеп мұғалімдерімен, ата-ана, үлкен кісілермен кездескенде тоқтап сәлемдес.
— Мұғалімнің, балалардың артынан жүгірме.

ҮІІІ. Асханадағы мінез-құлық Динара

— Асханаға кезекшілердің рұқсатымен кір.
— Тамақ ішкен кезде тыныштық пен тәртіп сақта.
— Асхана мүлкіне ұқыптылықпен қара.
— Тамақтанған соң, ыдыс-аяқты жинап, орныңды тәртіпке келтір, асханада себепсіз жүрме

ІХ. Оқулықтар, күнделіктер және дәптерлерге қойылатын талаптар. Балауса


— Барлық оқулықтар мен күнделіктерді мұқият қапта.
— Дәптерлеріңді бөгде суреттермен былғама
— Дәптерге анық, айқын етіп жаз.
— Үй тапсырмасын күнделікке мұқият және толық жаз.

Х. Бос мезгілін ұйымдастыру. Елдана


— Оқушылардың мәдени демалысын ұйымдастыру, олардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту, өнерге деген ынтасын арттыруда, қоғамдық өмірге дайындалуда мектептегі түрлі қызығушылығына қарай үйірмелер, клубтар ұйымдастыру.
— Үйірме, клубтарға әр оқушы өзінің қызығушылығына қарай қатысу керек.
— Кешкі мезгілдерде бос жүріске салынба. Жазғы уақытта кешкі 22-ден, күзгі, қысқы мезгілде сағат 20-дан кейін көшеде ата-анасыз жүрме.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

Тарбие сағаты басталғалы біз заңымыздың қазақ халқының игілігі мен өркендеп өсуіне , арбір азамат , азаматшаларының құқықтарын қорғауға бағытталғанын байқадық.Біз заңды біліп, оның талаптарын орындау арқылы биік жетістіктерге жете аламыз.

Бірақ қазіргі таңда осы заңдағы кейбір өзгерістер халықтың қалауына сай емес екенін өздеріңіздер де білесіздер. Мемлекетіміздің заңында мемлекеттің ең бірінші байлығы – ХАЛЫҚЫ екенін білесіздер. Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы өзінің құқықтарын қорғауға, шыққан кейбір заңдарға наразылығын білдірту арқылы, заңының дұрыстығын талқылау арқылы өзіміздің ойларымызды жоғарғы билікке жеткізе аламыз.

Бүгінгі ашық тәрбие сағатында халықтың арасында көп сұрақтар мен дау туғызған кейбір заңдарымызды ортаға салып талқыласақ.

Әрбір қатысып отырған оқушы өзінің осы заңдарға байланысты ой пікірлерін жеткізіп , заңның тиімді тиімсіз жақтарын айқындасақ. Оқушылар сіздер білген жиған білімдеріңізді ортаға саласыздар , ал сарапшы маман мен жас мамандар сіздерге бағыт бағдар беріп ойларыңыдың түйінін шешуге тырысады.

«1». Білім беру саласындағы өзгерістер / ҰБТ мәселесі /

«2». Жер мәселсі /2016 жылғы моратории/

Сергіту сәті / жаңадан шыққан кейбір заңдарға тоқталу 2- 3 /

«3». Жалпыхалықтық тіркелу мәселесі

  1. Бұл өзгерістер оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің ҰБТ-ны ЖОО-ға түсу емтиханы деп қана қабылдайтындары үшін енгізілді. Сондай-ақ бұған түлектердің білімдерін сай бағалай алмайтынымыз, көптеген ата-ана мен мұғалімдердің ҰБТ жадыны жаттықтырғанымен, оқушылардың сапалы білімін анықтай алмайды деген ойлары түрткі болды. Қатысушылардың саны ешқашан жүз пайыз болмаған. Жыл сайын ҰБТ-ға қатыспайтындар үлесі 30 пайызға жеткен. Бұл ҰБТ қорытындылары бойынша еліміздегі орта білімнің сапасы туралы тұжырым жасауға болмайтынын білдіреді

Барлық емтихан оқу орнында – мектептерде өтеді.  Аттестацияның қорытынды мерзімі министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» (2017 жылдың 30 сәуіріне дейін) бұйрығы арқылы белгіленеді – шамамен 2017 жылдың 29 мамыры мен 9 маусым аралығы.

ҰБТ жаңа форматы 2 блоктан тұрады: 3 міндетті пән (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (қорыта білу, салыстыра білу, т.б.  «Қазақстан тарихы») бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен («Математика» + «Физика», «Математика» + «География», «Биология» + «Химия», «Биология» + «География», «Шет тілі» + «Тарих», оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және әдебиет  + «Тарих», «География» + «Шет тілі», «Химия» + «Физика», «Тарих» + «Адам.Қоғам.Заң», шығармашылық экзамен) – 30 тапсырма

Жалпы 120 сұрақ қойылады.  Тестілеуге бөлінген уақыт 3 сағат 30 минутты құрайды. ЖОО-на түсу үшін бағаның ең төменгі шегі өзгеріссіз – 50 балл деңгейінде қалдырылды. Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл (бейінді пәндер бойынша берілген дұрыс жауаптар есебінен). Тестілеуге қатысуға ниет білдіргендердің өтінімдері 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады.  ҰБТ өткізілу мерзімі – 20 маусымнан 1 шілдегедейінгі аралық. ҰБТ-ді ақылы негізде тапсыру мүмкіндіктері де сақталып отыр – олар 2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі. ҰБТ барысында сыналатын барлық пәндер бойынша тапсырмалар үлгілері желтоқсан айында Ұлттық тестілеу орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайттарында жарияланады.



  1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншiк құқығы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.11.2015 № 389-V Заңымен (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы N 248 Жарлығына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий жарияланды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың бірінші бөлігінің бұл редакциясы 31.12.2021 дейін қолданыста болады - ҚР 30.06.2016 № 5-VI Заңымен.

      1. Мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтарына және заңды тұлғаларына жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.

      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік заттай гранттар ретінде жеке меншікке беруге жол берілмейді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.11.2015 № 389-V Заңымен (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың үшінші бөлігінің қолданысы 31.12.2021 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 30.06.2016 № 5-VI Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы N 248 Жарлығына сәйкес шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий жарияланды.

      Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін

      жиырма бес жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығымен ғана иелене алады.

  1. Әрбір қазақстандық уақытша басқа қалада тұруы керек болса, ол уақытша мекен-жай бойынша тіркеуден өтуге міндетті. Тіркеуге тұрмаған адамға жаңа заң бойынша, 10 АЕК (23 мың теңгеге жуық) айыппұл салынады.

Уақытша тіркеуге қандай құжаттар қажет?

"Бүгінде тіркелу үшін мына құжаттар керек: тұрғын үй иесінің келісімі, оның жеке куәлігі, тіркелушінің жеке куәлігі және АЕК-тің 10 пайызы (227 теңге) көлеміндегі мемлекеттік салымның төленгені жайлы түбіртек. Тіркелуші азамат та, баспана иесі де тіркелуге келуі тиіс, себебі құжаттың чипіне өзгерістер жазылады. Өзі келе алмаған жағдайда нотариус қол қойған келісімшарт болуы тиіс", - деді Галина Сәрсенова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, электронды цифрлық қолтаңба болған жағдайда қазақстандық өзін электронды үкімет арқылы тіркеле алады, содан кейін ол тұрғылықты тіркеудің қажет емес екенін жазуы тиіс.

Көші-қон полициясының өкілі тіркеудің тәртібі және құжаттардың рәсімделуі туралы мәліметтерді 2011 жылдың 1 желтоқсанындағы №1427 үкімет бұйрығында немесе "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" ІІМ министрінің №183 бұйрығында көруге болатынын айтты.



Бір пәтерде қанша адам тіркеле алады?

"Қазір жергілікті атқару органдары мәслихаттың шешімімен санитарлық нормаларды анықтауға мүмкіндігі болады. Бүгінге дейін мұндай түсінік Алматы статусы туралы заңға енгізілген, онда әрбір адамға кем дегенде 15 шаршы метр қажет етілетіні айтылады. Осындай типтік ережелер елдің әр өңірінде қабылданады және оны үкімет бекітеді, мәселен Астанада 15 шаршы метр, басқа өңірде көбірек немесе азырақ", - деді Галина Сәрсенова.

Мысалға айтсақ, егер Алматыда орташа екі бөлмелі пәтердің ауданы 60 шаршы метр болса, онда тек 4 адам тұра алады.

Сәрсенованың айтуынша, азамат ұзақ уақытқа басқа қаладағы ауруханаға жатқызылатын болса, ол ем алатын жері бойынша тіркелуі тиіс, ал басқа қалада өмір сүретіндер және қонақүйде өмір сүріп жатқандар тұратын жері немесе сол қонақүй мекен-жайы бойынша тіркеле алады екен.



Жемқорлық қатерлер қалай есепке алынды?

"Бұл үлкен мәселе. Біздің қатарымызда ниеті түзу емес адамдар болуы мүмкін. Бірақ біреуге пара бергенше, 200 теңге беріп, тіркеле салған артық қой. Пара алудың да, берудің де қажеті жоқ. Тіпті интернет арқылы тіркелуге болады", - деп атап өтті көші-қон полициясының өкілі.

Атап өтерлігі, жалға берушілер де өз тұрғындары тіркелмесе, айыппұл арқалайды. Жеке тұлғалар 10 АЕК (22,600 теңге), шағын кәсіп иелері - 15 АЕК (34 мың теңге), ал ірі кәсіп субъектілері - 50 АЕК (113,5 мың теңге) төлейді.

Қорытынды

Мұғалім : Ата  заңым!


Арман  әнім!
Сенен асқан бар ма бағым!
Жалғыз саған байланысты
Елімде еркін самғағаным
Тәуелсіздігімізге 26 жыл толғалы отырған еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі –Ата Заңның орындалуында. Ата Заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады. Халқымызға дұрыс бағыт беретін Ата Заңымыз мәңгілік жасасын ,- дей отырып, бүгінгі тренинге өз ой-тәжірибелерімен алмасқан жас мамандарға және  сарапшығы ------алғысымды айта отырып, « Ардың шыңы –Ата Заң » атты тәрбие сағатын аяқтаймыз

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет