Этика (әдеп) дегеніміз гректің мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен шыққан философиялық ұғым.
Этика адамдар мен адамдардың арасындағы адамгершілікке толы қарым-қатынастардың озық үлгілерін, жақсы дәстүрлерін оқытатын қағидалар жиынтығы. Халқымыз ежелден адамгершілік, инабаттылық, сыйластық сияқты асыл қасиеттерді өз бойына сіңіріп және ардақтап келеді. Адам өмірге келгеннен кейін өзара сыйласу - баршаға ортақ қасиет. Тіршілік иелерінің ішінде адам санасымен ерекшеленеді.
Этика - мораль туралы ілім, яғни адамгершілікті, ізеттілікті, кішіпейілділікті,әдептілікті оқытады.
Этика— адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.
Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.
Медициналық деонтология- медицина қызметкерлері қызметінің моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарым-қатыстарын қамтиды.
Мейірбике деонтологиясы- науқас пен дәрігерлің, медициналық қызметкерлердің өзара қарым-қатынасындағы және ғылыми техникалық жетістіктердің тәжірибелік медицинаға енгізілуіне байланысты парыз туралы ғылым. медицина қызметкерінің өзін көрсете білу мәдениетін екіге бөлуге болады:
Ішкі бейне- медицина қызметкерінен сезімталдық, ықыластылық, қарапайымдылық, ақ пейілділік, мейірімділік, қамқорлық және жоғары кәсіпкерлік сияқты адамгершілік қасиет талап етіледі.
Сыртқы бейнеге қойылатын нақты талаптарды орындау: ауыстыратын аяқ киімнің болуы, халат таза және үтіктелген, тырнақтары қысқа қырқылған, шаш қалпақтың ішінде болуы керек.
Медицина қызметкері өзін бірқалыпты ұстауы, анық сөйлеп, сабырлы, ұстамды болуы керек.
Сөйлеу мәнері- медицина қызметкерінің сөйлеу мәнері анық, нақты, білімді, эмоционалды, сыпайылығымен айқындалуы тиіс.
Медициналық этиканың негізгі принциптері Флоренс Найтингейлдің антында былай делінген:
Адамгершілік және мейірімділік, махаббат және қамқорлық
Қайғысын бөлісу
Жақсылық жасау
Әділ болу
Еңбек сүйгіштік
Медициналық этика негізгі үш бағыт бойынша оқытылады және анықтайды:
Медициналық қызметкер –пациент
Медициналық қызметкер – пациенттің туыстары
Медициналық қызметкер –медициналық қызметкер
Достарыңызбен бөлісу: |