30. Оқырман ойы, пікірі:(оқушы студент пікірі жазбаша жазу керек!) Шығарманың құрылымы, стилі, көздеген аудиториясы, автор көзқарасы, автор ұстанымы. Автор көздеген мақсатына жетті ме? Шығармадан қандай ой түюге болады? Қандай қорытынды шығаруға болады? Шығарма несімен ұнады немесе ұнамады. Егер мен автор болсам шығарманы қалай аяқтар едім..
Көшпелi қазақ ауылының феодалдық-патриархалдық тұрмысы жағдайындағы кедей шаруалардың тiршiлiгiн жазушы сол ортадан шыққан қыз тағдыры арқылы бейнелейдi. Ауылдағы ауқаттылар мен əлсiздердiң арақатынасын, қогамдық əдiлетсiздiктiң мүсəпiр адамдарды езiп, рухани тоздырып бара жатқанын суреттейдi. Осындай ортада өскен Күнiкейдiң сол бiр əдiлетсiздiкке қарсы бас көтерiп, өзiнiң адамдық, азаматтық құқын қорғауға ұмтылуы, атастырган күйеуiн менсiнбей, өзi сүйген жiгiтпен қашып кетуi — ескi тəртiпке, ата-баба салтына берiлген үлкен соққы тəрiздi елестейдi.