Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
5-сыныпта «Ежелгі дүние тарихы» пәні оқытылды. Ал 6-сыныптың дүние тарихы соның жалғасы.
Қазірге дейін қолданып келген 6-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулықтарында ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің тарихы оқытылғанымен, тақырып аясын ашуда еуроцентристік көзқарас басым болды. Бұл көзқарасты ұстанған ғалымдардың оқулықтары ежелгі Грекия мен Римнің тарихын көбірек оқытуға баса көңіл аударды. Осы жағдай басқа халықтардың көне тарихын оқып үйренуге нұсқан келтірді. Орта және Орталық Азияның ежелгі халықтары мен мемлекеттерінің тарихы ауызға алынбады. Сондықтан да олар туралы мектептерде нақты білім берілмей келді. Осы кемшіліктерді жою мақсатында бұл оқулыққа Орта және Орталық Азияда қалыптасып, дамыған ежелгі Бактрия, ежелгі Кушан, ежелгі Парфия патшалықтары туралы жеке тақырыптар енгізіліп отыр.
Сонымен қоса 6-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулығында оқушылардың өздігінен оқуына лайықталған материалдар берілген. Оларды оқу тарихы жағдайлар мен оқиғаларды терең түсінуге көмектеседі.
ІІІ. Сабақты бекіту: «Ежелгі дүние» атты тақырыпта эссе жазу.
Ү. Үй тапсырмасы: Кіріспені оқып келу.
Сабақтың тақырыбы: § 1. Шумер және Аккад
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақты бастағанда Азия материгіндегі бір-бірімен жарыса аққан Евфрат пен Тигр өзендерінің Кавказ тауларының оңтүстік сілемдерінен басталып, Парсы шығананыға құятынын картадан көрсетемін.
Тақтаға қос өзеннің схемасын бормен сызып, саяхат жасаймыз. Бұл екі өзенді көбінесе Қосөзен деп атайды. Кейде өзен аралары Месопотамия деп те жазылатынын айтамын. Көне замандарда бұл аймақ батпақты, сазды болған екен. Қамыс көп өскен.
«Қосөзен жерінде пайдалы қазбалар, орман, тау-тас болмады, ал елі өте бай болды. Неге? Бұл сұрақ, әрине әрқайсыңды қызықтырады.
Қосөзеннің оңтүстік бөлігі ойпатты келеді. Көне заманда бұл аймақ батпақты, сазды, бір сөзбен айтқанда, тіршілікке қолайсыз болған екен. Сонағ қарамастан адамдар батпақты да жұмсақ, әрі құнарлы топырақты жерлерді де біртіндеп игере бастайды. Еккен өнім мол өнім берді, бір пальманың өзінен 50 кг құрма алды, Қосөзеннің оңтүстігінен жібек жүн, бидай, құрма т.б. шет жаққа шығарыла бастады.
Сабақтың тақырыбы: § 2. Ежелгі Вавилон
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қалалардың ішінде Вавилон қаласының ерекшелене бастауы, аккад тіліндегі «бабилу» сөзі-«құдайға барар қақпа» деген ұғымды білдіретіні, оған басқа қалаларға қарағанда артықшылықтар беріліп, әсіресе Хаммурапи атты билеуші тұсінда дәуірлей түскені туралы баяндау.
Сабақтың әдісі: Оқушылар ойша саяхат жасайды. Кітаптың мәтінімен жұмыс істейді, әңгімеге араласады, жаңа тарихи терминдерді дәптерге түсіреді, сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың типі: Саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Картамен жұмыс.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау:
Сұрақ:1. Ур қаласының маңынан табылған табыттарды зерттеу барысында өлген адаммен ондаған құлдары, ат бағушылар, музыканттары бірге жерленіп, оған қоса алтын бұйымдар, неше түрлі әшекейлер қоса қойылғаны анықталды. Бұл туралы қандай қорытынды жасауға болады? Өз ойыңды айт.
Вавилон қаласына сырттай саяхатқа шығу. Мүмкіндігінше оқушылармен бірге «Ежелгі дүние тарихы» энциклопедиясын ақтаруға кірісемін.
Вавилон Қосөзеннің ең ыңғайлы жерінде, сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Қалада 200 мыңдай тұрғын болған көрінеді.
Хаммурапи б.з.б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық етті. Ол қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қоластына ба,ындарды. Сөйтіп бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды.
Қаланың архитектуралық ерекшеліктерін, қалай орналасқанын, тарихи ескерткіштерін айта келіп, төмендегідей сұрақтар қоямын:
Сабақтың тақырыбы: §3. Ежелгі Қосөзен мәдениеті.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Алғашқы жазу суреттер жобасы тақтаға сызылады. Мүсіндердің макеттері қойылады.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тапсырманы сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Балаларға ертегі, дастандарды айтып берген жөн бе немесе оқып беру керек пе? Бұл сұрақтың жауабы бала ықыласына және дастанның мәніне байланыстырамын
Ертегі кітабына неше мәрте үңіліп, оның мәнін әбден ұғынамын. Ертегінің көркемдік дәрежесі жоғары болған сайын айтушы да шабытпен кіріседі және әңгімесі әсерлі шығады. Көркем шығарма әсерімен оқушыларды рухани ғажайып ертегілер өлкенісне ертіп әкетуге болады. Олар нағыз өмірден мыстан кемпірді, сөйлейтін аңдарды, сиқыршыларды, алыптар мен ергежейлілерді көруге болмайтынын білсе де ертегіге сенеді. Ертегіні талдай түсіндіріп, оны баланың жанына жеткізудің ерекше мәні бар.
Енді жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып, «Гильгамеш таралы аңцз» дастаныының мазмұнын айтып беремін.
Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасқаны, оны дүниеге келтіргендер Қосөзенге шығыстан қоныс аударып келген шумерліктер екені баяндалады.
Олардың алғышқы жазуы арқылы, әр нәрсенің ерекше белгілерін салу арқылы қалыптасады. Мысалы, «құл» жеп жазу үшін жұмыртқа суретін салды. Ал «туу» немесе «дүниеге келді» деген ұғымды білдіру үшін құс пен оның жұмыртқасын бірге салғанын салып көрсетемін.
Осылайша суреттердің орнына сурет таңбаларын пайдаланып жазу пайда болды. Бірақ бұл жазу да күрделі, қиын еді. Кейінірек әр сөзді нақты таңбамен жазу үшін таңбалар қолданылғаны белгілі. Міне, осылайша еделгі шумерлік әріп қалыптасты. Дегенмен кейбір әріптер бірнеше мағына беретін еді.
Ежелгі Қосөзен өнері туралы айтқанда б.з.б. VI ғ. Вавилон қаласының суретін пайдаланамын. Вавилон құрылыстарының ішінде ең құдіреттісі-Иштар құдайдың құрметіне арналып салынған қақпа. Олардың барлығы мыстан жасалған. Қақпаның мұнаралы дуалына айбат шеккен арыстандар мен аждаһа бейнелі қасиетті жануарлар бейнеленген. Күйдірілген, түрлі-түсті кірпіштер бұл жануарлар бейнесін ерекшелендіре түсетін.
Қақпадан енген адам тас төселген жолмен алыстан көренген мұнараға қарай жүретін. Ол биік мұнара құдіретті Мардук құдайдың ғибадатханасының мұнарасы еді. Мұнара биіктігі оның басына қараған адамның бөркі жерге түсердей еді.
Вавилон аспалы бағымен, зәулім мұнарасымен әлемге әйгілі. Мұғалім одан әрі Аспалы бақтың тарихын айтып беремін.
Қосөзендіктердің діни түсініктер туралы оқулық бойынша баяндаймын.
ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.
Пысықтау барысында оқушы білімінің айқын да тиянақты болуына қол жеткізу, оқушыны ойлану әрекетін дамытуға ынталандыру.
IV. Үйге тапсырма: §3
Пән: Дүние жүзі тарихы
Сыныбы: 6 Б
Күні: 05.10.2016
Сабақтың тақырыбы: §4. Египетте мемлекеттің пайда болуы.
Білімділік: Ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылардың пайда болуына байланысты құлиеленушілік құрылыс қалыптасып, шағын мемлекеттер пайда болғанын баяндап жеткізу.
Дамытушылық:мемлекеттің пайда болуы жайлы 5-сыныпта алған түсініктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы нәтижесінде ғылыми білімдер, сәулет және құрылыс өнері дамығандығы жайлы әңгімелеп, балаларды әсемдік әлемін, адамзат баласмының қолымен жасалған ғажайып өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгіме, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырамын сұрау.
«Гильгамеш туралы аңызда» не туралы баяндалады?
Дастан не туралы?
Аспалы бақ туралы не ойлайсыңдар?
Жаңа сабақ жоспары:
Ніл алқыбының табиғат жағдайлары.
Нілдің тасуы
Алғашқы мемлекеттер
Бір орталыққа біріккен мемлекеттің құрылуы.
Сабақ барысында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:
Алғашқы қауымдық қрылыс пен құлиеленушілік құрылыстың арасындағы айырмашылық неде деп ойлайсыңдар?
Алғашқы қауымдық құрылыста тапқа бөлініп, біреуді біреу қанау деген болып па еді?
Оқушылар салыстыру арқылы жауап беруге тырысады. Тақтаға тірек сөздер жазылады: 1)
адамды адамның қанауы; 2) теңдік; 3) тап.
Перғауын (фараон) өз ұлына жазған өсиетінде былай деді: «Кедейлерге еш уақытта сенбе, кедейлер ең беріспес жауың: патша өзінің әйгілілігімен даңқты, өз әскеріңді алға сүйре, малмен,жермен, мүлікпен сыйла, оларды сыйға тарт».
Перғауын неге кедейлерді қас жау деп есептейді? Патшалығының даңқын шығару үшін ұлына қандай өсиет қалдырды? Перғауын кімнің мүддесін қорғады?
Осы сұрақтарға дұрыс жауап алғаннан кейін «мемлекет» және «ел» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты ашып көрсетемін.
Оқушылар оқулықтың 25-бетін оқып шыққаннан кейін «Алғашқы қауымдық құрылыста мемлекет болды ма?» деген сұрақ қоямын. Билік басында ақсақалдар кеңесі мен көсемі болғанын оқушылардың есіне сала кетемін.
«Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі биліктен мемлекеттің айырмашылығы қандай?»
Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін «мемлекет-бұл күш қолданылатын, күшке сүйенетін билік (әскер, сақшылар т.б.)» деп түйіндеймін.
ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.
түсінікті болуын пысықтау барысында оның мәнінің тереңірек ашылуына, оқушылардың оның қыры мен сырана қаныға алуына байланысты болмақ.
Б.з.б. ІІ мыңжылдықта Египетте құлиеленушілік құрылыстың түбегейлі орнап, бекігені туралы айт. Еңбек өнімділігінің артуына және ауыл шаруашылығының дамуына бұл жағдайдың әсері болды ма?
Египеттің б.з.б. 1500 ж. Басқыншылық жорықтарын контур картаға түсіріңдер, шекарасын көрсетіңдер. Соғыста қолға түскен тұтқындар неге «бағалы» табыс болып есептеледі?
IV. Үйге тапсырма: §4
Пән: Дүние жүзі тарихы
Сыныбы: 6 Б
Күні: 12.10.2016
Сабақтың тақырыбы: § 5. Ежелгі Египеттегі әлеуметтік құрылым.
Білімділік: Билік шекарасы, мемлекет туралы ұғымдарды дамыту.
Дамытушылық: ежелгі Египет еңбекшілерінің жағдайын, мүліктік және әлеуметтік жіктелуін ашып көрсету.
Тәрбиелік: Қолөнершілердіғ еңбегі, олардың ептілігі және төзімділігі жайлы баяндай отырыпы, оқушыларды еңбекке, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: баяндау
Көрнекілік: сурет, карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Ежелгі Египеттің табиғат жағдайларан сипаттаңдар.
«Ніл-құтты мекен» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың үйге берілген кестені қалай толтырғанын аралап көріп, екі-үш оқушыны орнынын тұрғызып, оқытамын.
ІІІ Тутмос жүргізген тағы бір қанды шайқас аяқталды. Перғауынның байлығына тағы байлық қосылды. Жорықтан әскербасы да оралды, оның байлығы бұрынғыдан да арта түсті. Шайқастарда жан аянбай күрескен шаруа да үйіне оралды. Соғыстан оралған ол үйіне келгенде не көрді?
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң, қарапайым халықтың жағдайын түсіндіруге көшемін. Көпшілігі соғыс жорықтарынан мүгедек болып оралғандықтан ешбір еңбекке жарамсыз болды, нәтижесінде кедейшілік пен қайыршылық жағдайда өмір сүрді. Бұл мүліктік және әлеуметтік жіктелудің тереңдеуіне әсер еткен, яғни ежелгі Египетте адамдар бай және кедей топтарға бөліне бастады.
Египет жауынгерлері жаулап алған елдердің мал-мүлкін, бағалы дүниелерін ғана емес, адамдарын да айдап әкелген.
Соғыста қолға түскен құл неге бағалы табыс болып есептелді? Неге оларды «тірі өліктер» деп атады?
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң құлдардың ең ауыр жұмыс атақарғандығын, олар егіс даласында, құрылыста, шеберханаларда еңбек етіп, үлкен харамдар мен фараондардың зираттарын салғанын баяндаймын.
Ежелгі Египеттегі құлдардың негізгі көзі не деп ойлайсыңдар?
Құлдар санының өсуі неге әкеліп соғуы мүмкін?
Шаруалардың жағдайын түсіндіруге көшкенде оқулықтың 31-бетіндегі кесте тақтаға сызылып, оқушылардың көмегімен толтырылады.
№
|
|
Құл
|
Шаруа
|
Колөнерші
|
Тау-кен жұмысшылары
|
1
|
Нені иемденді?
|
|
|
|
|
2
|
Қандай жұмыстар атқарды?
|
|
|
|
|
3
|
Қандай құқықтары болды?
|
|
|
|
|
Египетте б.з.б. ІІ мыңжылдықта құлдар шаруашылықтың барлық саласында еңбек етті. Шонжарлардың егіс далаларында жер жыртып, егін егіп, оны жинады, тау-кен жұмыстарын істеді.
Ежелгі Египеттегі шаруалар екі түрлі міндеттер өтеген:заттай алым-салық төлеген және еңбек ету міндеткерлігін атқарған. Шаруалар өз жерінде өндірілген астық және басқа да өнімдерімен салық төлеп отырған. Әкімдер әрбір шаруаның қанша жері мен малы, жеміс ағашы бар екенін есепке алып отырған. Күзге қарай шаруаның жеріне салық жинаушы келіп, түсімін есептеген.
Қолында таяғы мен пальма шыбығы бар күзетшілер астық беруін талап еткен. Салық жинаушының ойынша, ол атқарып жүрген қызмет ауыр, әрі ешкімге жақпайтын жұмыс.
«Шаруаларға келсең осы,-дейді салық жинаушы,»- «Өнім жоқ»- деп ренжиді де отырады, ештеңе бергілері келмейді, осыдан кейін күзетшісіз келіп көр.
Тақтадағы кесте толтырылғаннан кейін, әрине, оқушылардың көмегіне сүйене отырып, төмендегі мәселелерге оқушылар назарын аударамын.
«Шаруа дегеніміз кім?
Шаруа шаруашылығына сипаттама беріңдер.
Оны кім және қалай қанады?
Құл мен шаруаның айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
Қайсысының құқығы мүлде жоқ болды?»
Қолөнершілердің еңбегі туралы бір оқушыға дауыстап оқытамын
Сабақты пысықтаймын.
ІІІ. Үй тапсырмасы: §5.
Пән: Дүние жүзі тарихы
Сыныбы: 6 Б
Күні: 14.09.2016
Сабақтың тақырыбы: § 6. Египеттегі үстем тап өкілдері және
перғауындардың басқыншылық саясаты.
Білімділік: ІІІ Тутмос тұсында Египет әскерлері зор жеңіске жетіп, бұл басқыншылық жорықтар Египеттің Азияға ықпалын, беделін күшейткенін баяндау.
Дамытушылық: Перғауындардың жаулап алған жерлерін аяусыз талан-таражға салғанын, фараон мен шонжарлар өмірін суреттеу.
Тәрбиелік: Египет әскербасыларының бөтен елге, жерге жасаған басқыншылық соғыстарын, олардың ұстанған саясатын бейнелеу, әшкерелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырамын тексеру.
Еңбекшілер еңбегін сипаттаңдар
Шаруалар патша қазынасына қандай салықтар төлеп отырғаны таралы айтыңдар.
Жаңа сабақтың жоспары:
Перғауындар.
Ежелгі Египеттіктердің перғауынды құдай деп санауы.
Күшті әскери тәртіптің орнауы
Перғауындар басқарып тырған мемлекеттік аппарат әр түрлі қызмет басындағы шонжарлардан тұрды.
«Шонжар» ұғымы туралы баса айтып кетемін. Оларды тікелей перғауында өзі тағайындайды, шонжарлар тобына сарай қызметкерлері, қазылар, әкімдер, жазғыштар, сақшылар мен шабармандар жатты.
Перғауындар мемлекеттің шаруалар мен құлдарды басып-жаншитын құлар болғанын, үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғап отырғанын сабақ барысында қорытындылап, түйіндеймін. Сондай-ақ ежелгі Египет патшаларының бүкіл Египет халқы мен табиғат байлықтарына иелік етіп, билеп-төстегені, шонжарлардың мүддесі үшін еңбеккерлерді аяусыз қанағаны туралы баяндаймын.
Перғауындар шонжарлардың жағдайын жақсарту мақсатында оларға құнарлы жерлерден тұтас мекендер беріп, шондардар өмірі мен олардың дүние-мүлкіне қастандық жасағандарды аяусыз жазалағанын айта отырып, перғауын мен шонжарлар бейнесін аша түсемін.
Оқулықтағы суреттерге оқушылар назарын аудару.
Ежелгі Египеттіктердің перғауынды құдай деп санайтына тоқталып, тақтаға «Перғауын» («фараон») сөзін жазып, египеттіктерше «перо» сөзі «үлкен үй», «патша сарай» деген ұғымды білдіретінін айтамын.
Шонжарлар тобына кімдер жататынын тақтаға жазып қоямын. Олардың тұмыс жағдайы туралы бір оқушыға кітаптан оқытамын.
Перғауындардың жақсы дайындығы бар, жаттықтырылған, тұрақты әскер құрғаны туралы баяндай келіп, ІІІ Тутмостың негізгі әсер құрамы жаяу әскерден тұрғанын, құлдар әскерге шақырылмағанын, негізгі әскер құрамы шаруалар болғандығын айтамын.
Тәжірибелі әскербасылар қарамығындағы жаынгерлерін сапта жүру, садақ ату сияқты әскери өнерлерге үйретті. Жалқауларға дүре соғылды. Бейбіт уақытта жауынгерлер жұмыстың небір ауыр түрлерін атқарды.
Соғыс тактикасында жеңіске жету көбінесе жаяу әскердің іс-қимылдарына байланысты болды. Жаяу әскер садақпен қаруланды. Ауыр қаруланғандардың қолында қалқаны, ұзын найза, балтасы болды.
Соғыс қару-жарақтарын жасаған кезде қола кеңірек қолданыла бастады.
Жеңіл арбалы атты әскер құрамы пайда болып, соғыс тактикасына үлкен өзгерістер әкелгенін, оған тек бай-шонжарлар, ауқатты әскербасылар мінгенін айта кетемін. Ал олардың қолбасшысы болып, әрине, перғауынның баласы ғана тағайындалды.
Сондай-ақ перғауындардың Азия мен Африка елдеріне ақы төлеп, әскер жалдағанын айта кетемін.
Перғауындар жалдамалы әскерін қалай тиімді пайдалана білді? /ой қозғау/
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң: «Шаруалардан құрылған әскерге қарағанда жалдамалы әскерлер әскери сапасы жағынан ерекшелеу болды. Соғыс өнерін жақсы білді. Шаруалардан құрылған жауынгерлерден жалдамалы әскерлердің айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар? Қандай жағдайларда сенімді болды? Қандай жағдайларда әлсіздік танытты?» деген сұрақтар қоя отырып, әскердің екі түріне мінездеме беруге көшемін. Әскерге алынған шаруаларды перғауындар соғыс өнеріне үйретті, жаттықтырды. Бірақ әскери жорықтар кезінде шаруаның ойында, санасында ауылы, шаруашылығы тұрды. Алдағы шайқасты ойлап келе жатқан ол жоқ, шаруашылықты басқаруға отбасының шамасы жете ме, күзгі өнімді жинай ала ма-міне, оны осы ойлар қинайды.
Жалдамалы әскердің негізгі міндеті-жорыққа қатысу, соғыс тактикасын үйрену, сондықтан ол шаруаларға қарағанда сапасы жағынан мықты, соғыс өнерін меңгерген, жауды жеңіп, бекіністі алуға бар күшін салады. Ал егер Египетті жау шапса, қайсысы елін ерлікпен қорғай алады? Неге?
Осы сұрақтар арқылы жалдамалы әскердің жақтарын ашып көрсетемін.
Перғауындар жаулап алған елдерін аяусыз талан-таражға салды. Египет әскерлері мол олжамен оралып отырды. Алтын тиеген кемелер, тең-тең маталар, бағалы ағаштар, әшекей бұйымдар, табын-табын сиыр, үйір-үйір жылқылар әкелді. Осылардың ішіндегі бағалысы тұтқындар еді.
Соғыста қолға түскен тұтқындар неге бағалы болды?
Соғыста жан аянбай күрескен шаруа да үйіне оралды. Шайқастан оралған шаруаның үйі, шаруашылығы қандай жағдайда еді?
Үнемі жүргізілген соғыстар Египет патшалығын неге әлсіретті? Өз ойларыңды білдіріңдер.
ІІІ. Оқушының жаңа оқу материалын қалай түсінгенін тексеру.
IV. Жаңа сабақты пысықтау
V. Үй тапсырмасы: §6
Пән: Дүние жүзі тарихы
Сыныбы: 6 Б
Күні: 19.10.2016
Сабақтың тақырыбы: § 6. Египеттегі ғылыми білім негіздері
Білімділік: Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылыми білімдердің негізгі заңдылықтарын ашып көрсту.
Дамытушылық:Ежелгі Египетте математикалық, геометриялық және аспан денелерінің қозғалысын бақылап отыратын астрономиялық ғылыми білімдердің болғанын баяндау.
Тәрбиелік: білім мен ғылымның ежелгі Египеттен бастау алғаны туралы айтып, оқушылардың білім алуға деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
«Перғауын» ұғымын түсіндіріңдер.
Перғауындардың шексіз билік жүргізгендігіне мысалдар келтіріңдер.
Египетте шондарлар тобына кімдер жатты? Олардың қызметіне сипаттама беріңдер.
Жаңа сабақ жоспары:
Египетте жазудың шығуы мен дамуы.
Математикалық білімдер.
Аспан әлемі
Египеттегі медицина.
Ежелгі Египеттегі мектеп
Б.з.б. IV мыңжылдықтың өзінде-ақ Египетте білімнің әр түрлі салалары дамыған. Осыған байланысты жазудың қажеттілігі туған. Ал мемлекет пайда болған кезде жазу біржола қалыптасқан еді. Перғауындарға сауатты адамдар қажет болды.
Алғашқы египеттіктер айтайын деген ойын суреттер арқылы білдірген. Ал таңба суреттер-иероглифтердің саны 750-дей болған. Таңба суреттерді тақса да, ағашқа да ойып салған.
Одан әрі сабақты оқулық бойынша түсіндіремін. Ежелгі Египетте математикалық білімдердің болғандығын «математикалық папирустар» дәлелдейді.
Ежелгі Египетте құрылысқа тасты пайдалану кең өріс алды. Оған дәлел-Египеттегі пирамидалар, храмдар, сәулетті үйлер. Бұл міндеттерді орындау үшін құрылысшыларға қандай білім, амалдарды білу керек болды деп ойлайсыңдар? Ғылымның қай түрі дамыды?
Оқушылар ойын тыңдап болған соң сөзін жалғастырып, кітаптағы суретке оқушылар назарын аударамын. Ақ жібек матадан тігілген әдемі киім киген шонжар пальманың көлеңкесінде тұрып, егіншілер еңбегін бақылай отырып, іштей есеп шығарады:
«Құлдар мен шаруалар еген даласынан храмға арнап 400 қап бидай жинады, 20 қабын шондарларды асырауға қалдыру керек, 80 қабын бордақыланған малға жемге жұмсаймын, 40 қабын құлдардың күн көруіне, 20 қабын көктемгі егіске. Сонда қанша қабы қалды?
Ол ойланып, есептеп көрсе, 240 қап бидай ды сатуға болады екен. Ауыл шаруашылығының тез өркендеп, дамуына байланысты египеттіктерге көп есеп шығаруға тара келді.
Осының бәрі қандай ғылымның дамуына әкелді? Әрине, оқушылар: «Математика», -деп жауап береді.
Перғауын Ніл өзенінің бойына, табиғаты әдемі жерге сарай салғызуға нұсқау береді. Құрылысшылар кеңесе отырып, ол құрылысқа қанша кірпіш кетеді, неше құл мен шаруаны жұмысқа жегу керек, қанша күнде салып бітіруге болады-осының бәрін есептеп шығарады. Қолөнершілер де қоланы құйғанда мыс пен қалайының қанша бөлігін жұмсау керек екенін дәл есептеп алу қажет болған.
Тақтаға ежелгі египеттік сан таңбаларын жазып көрсетеді де, нені білдіретінін сұраймын.
Таңбаны жазу мен есептеу жүйесі қиын да, көп болды, соған қарамастан адамдар арифметикалық амалдың төрт түрін меңгере білді.
Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылымдардың бірі геометрия болды. Өйткені күнделікті тұрмыста, құрылыс саласында, жер өлшегенде ауданы мен көлемін анықтау қажет болды. Египеттіктер тік төртбұрыштың, үшбұрыштың, трапецияның және шеңбердің бер көлемін есептей білген. Олар ұзындықты шынтақпен де алақанмен де саусақпен де есептеген.
Ежелгі мысырлықтарға Нілдің қашан таситындығын күні бұрын білу қажет болған. Ең қысқа түнде таң алдында аспаннан жарық жұлдыз көрінетіндігін байқаған. Дәл сол күні су таси бастаған.
Нілдің қашан таситындығын неге күні бұрын білу керек болды? Аспанды бақылау кезенде қандай ғылым пайда болды?
Ніл тасығанға дейін каналдарды тазартып, бөгеттерді жөндеу керек болатын. Егер Ніл өзенін бөгемесе, олар тектен-текке теңізге құйып, қуаңшылық салдарынан барлық астық күйіп кететін еді.
Мысыр абыздары Сотистің бірінші көрінуінен екінші көруне дейінгі аралықта 365 күн бар екендігін есептеп шығарды. Осы уақыт аралығын олар 30 күннен 12 күнге бөледі, ал калған 5 күнді ешбір айға қоспай, жыл аяғында құдайға құлшылық ететін күндер деп есептейді.
Ежелігі Египетте өте кең тараған ғылыми білімдердің бірі-медицина болды. Египет дәрігерлері аурудың жеке түрлеріне маманданды. Олар: асқазан, тыныс жолдары, көз, тері аурулары т.б. болып бөлінді.
Египет дәрігерлері хирургия тәсілін пайдалана отырып та емдеген. Олар операцияға қоладан жасалған әр түрлі медициналық құралдарды пайдаланды.
Дәрігерлер көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттерін білген. Сондықтан да адамдарды емдеу барысында шөптер мен өсімдіктерді жиі пайдаланып отырған.
Ежелгі Египетте мектеп оқушыларына арналған ереже болған. Ережеде мынадай сөздер бар: «Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы. Өзіңнен артық білетіндермен ақылдас, болмаса сені ұрып-соғады. Баланың құлағы арқасында , ол таяқ жегенде ғана тыңдайды».
ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.
Пысықтау барысында білімнің айқын да тиянақты болуына қол жеткізуге тырысамын.
IV. Үйге тапсырма: §7.
Пән: Дүние жүзі тарихы
Сыныбы: 6 Б
Күні: 19.09.2016
Сабақтың тақырыбы: §6. Ежелгі Египеттегі ғылыми білім негіздері.
Білімділік: Ежелгі Египет өнері-архитектурасы, мүсіндері және көркем әдебиеті өзінің көркемдік дәрежесінің жоғарылығымен бағалы екенін, адамзат тарихындағы тұңғыш мүсіндер Египетте жасалғанын баяндау.
Дамытушылық:Оқушылардың өнерге деген ықыластыран арттыру
Тәрбиелік: Адамзат баласының қолымен жасалған көркемөнердің озық туындыларын сезіне білуге, бағалай білуге, көркемөнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Әңгіме, баяндау, суреттермен жұмыс.
Суреттің түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: «Үлкен Сфинкс», «Пирамида» т.б. суреттер, иллюстрауиялар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Египетте жазудың қалай пада болып, дамығанын сипаттап беріңдер.
Египетте ғылыми білімдердің қандай түрлері дамыған?
Математика ғалымының шығуына қандай жағдайлардың әсері болды?
Жаңа сабақ жоспары:
Әдебиеті.
Ежелгі Египет діні
Египеттегі храмдар
Пирамидалар салу.
Үлкен Сфинкс.
«Миф» сөзінің қандай мағына білдіретіні түсіндіріліп, оқулықпен жұмыс жүргізіледі.
Ежелгі Египетте халық ауыз әдебиеті ерекше дамығанын, шығармалар мазмұнында халықтың өмірі, тыныс-тіршілігі, кәсібі мен тұрмысы және батырлардың ерлігі сипатталғанын айта келіп, егер уақыт жетсе, оқушылардың біреуіне шытарман оқиғалы «Синухеттің басынан кешкендері» шығармасын дауыстап оқытамын. Содан кейін оқушылардың шығарма мазмұнын әңгімелеп беруін сұраймын. Ежелгі Египетте Ніл өзені, құдайлар мен перғауындарды мадақтайтын гимндер мен өлеңдер де болғанын айтамын.
Египет кедейлерінің ауыр тұрмысы мен ащы зар-мұңын білдіретін көптеген әндер мен мақал-мәтелдері туралы немесе «Астық тасушының әні» жайлы баяндаймын.
Күн құдайы Амон-Раны ежелгі египеттіктер ең құдіретті, көркем құдайымыз деп санады. Олардың ойы бойынша перғауындар адамдарды қалай басқарса, Ра құдай да солай басқарды. Ол күндіз аспанға алтын қайығымен келіп, кешкісін азыққа кетеді.
Ойланып көріңдер, египеттіктердің күн құдайы неге негізгі құдай болып есептелінеді?
Оқушылар жауабын толықтыра отырып ежелгі египеттіктердің ең алғашқы діни сенімдері Күн құдайы Ра мен тас құдайы Бен-бенге сиынудан басталғанын айтамын. Египеттіктер құдайдарды жануар басты адам бейнесінде елестеткен (оқушылар назарын кітаптағы суретке аударады.)
Олар адамдар құдай жолымен жүрмесе, құүдайлар ашуға мініп, бүкіл елді бақытсыздыққа дашар етеді деп ойлады. Сондықтан олар құдайларға сый-сыяпат жасап, көңілдерін аулауға, жалбарынып, мейіріміне бөленуге тырысқан.
Египетткітер перғауындарды да құдайға теңеді. Оларды «құдайдың ұлы», құдіретті деп санап, пір тұтқан. Егер перғауын аяқ киімін сүйдірсе, оның өзі үлкен құрмет деп есептелген.
Ежелгі Египетте перғауынның билігі қандай болған?
Мемлекеттік билік пен діннің арасында қандай байланыс жатыр?
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң, сөзін жалғастырып, ежелгі египеттіктердің перғауындарды пір тұту құрметіне толып жатқан мерекелер мен ойын-сауықтар ұйымдастырғаны туралы баяндаймын.
Осы бөлімді түсіндіру кезінде «Осирис пен Исида» туралы мифтің мазмұнына тоқталып, егер үлгерсе, толық айтып беремін. Р.М.Рубенштейннің «Ежелгі Шығыс» атты сыныптан тыс оқулығын пайдаланамын.
Төмендегі кестені сыныппен бірге толтырамын.
Құдайлардың аттары
|
Олар табиғат құбылыстары мен шаруашылықтың қандай түрлерін бейнелейді?
|
Олар құлиеленушілік құрылысқа қандай әсерін тигізді?
|
|
|
|
Фивы қаласындағы храмдар туралы айтылғанда оны салуға әлемнің әр түкпірінен келген, ең таңдаулы шеберлердің қатысқаны, оның колонналы залы дүние жүзіндегі ең биік зал болғаны, храм ішіндегі бөлмелерде 200-ден астам мүсіндер барын әсерлі түрде баяндаймын.
Тастан жасалған алыпқа қарағанда адамның зәресі ұшатын еді. Жұрт оны қалай атады? Бұл құрылыстар қандай мақсатта жасалды?
Храмдарды безендіру мен сәулет өнері де алғаш ежелгі Египетте өркендеп, дамыды. Египеттіктер әлемде тұңғыш рет тастан қаланған, аспанмен тілдескен керемет құрылыстар сала білді. «Египеттегі құрылыстар жайлы кім айтып береді?» деген сұраққа оқушылар жауабын тыңдап болған соң, Ніл өзенінің батыс жағындағы аспанмен тілдескен әлемнің жеті кереметінің бірі- пирамидалар жайлы сөз қозғаймын. Бұлар-перғауындардың мазарлары. Ең бірінші пирамида Жосер перғауынға арнап салынған екен. Ал ең биік пирамида б.з.б. 2600 жылдардың шамасында Хеопес перғауынға арнап салынды. Оның биіктігі 150 метрге жуық. Оны айналып шығу үшін бір шақырымға жуық жол жүру керек. Пирамида тарихын бір оқушыға оқытамын. Ол дауыстап оқып шыққаннан кейін ойын тұжырымдап, дәптерге түсіреді.
ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.
Пысықтауды картиналар, схемалар т.б. көрсету арқылы жүргізу.
Алған білім, біліктерді іс жүзінде пайдалануды қажет ететін кроссворд т.б. шешуге жаттықтыру.
IV. Үйге тапсырма: §6 1. «Египет діні» деген кестені толтыруды аяқтайды.
«Шығыстағы мәдениеттің дамуы» кестесін толтырады.
Пән: Дүние жүзі тарихы
Сыныбы: 6 Б
Күні: 26.10.2016
Сабақтың тақырыбы: § 7. Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
Білімділік: Ассирия атауы Тигрдің оң жақ жағасында орналасқан Ашшур қаласынан шыққаны, оның бірнеше ғасырлар бойы әскери қуаты аз болғандықтан, өзінен неғұрлым күшті көрші мемлекеттерге жиі-жиі тәуелді болып келгені, кейіннен аса үлкен әскери державаға айналғаны таралы баяндау.
Дамытушылық: Ассирия билеушілері Жерорта теңіщінің шығыс жағалауындағы елдерге үстемдігін күшейту және Египетті жаулап алу мақсатында жорыққа дайындалғанын, сөйтіп Ассирия б.з.б. VII ғасырда орасан зор аумақты бағындырған әскери мемлекетке айналғанын баяндау.
Тәрбиелік: Ассирия әдебиетінің өзіндік сипаттарына әсіресе ассирия жылнамасының ерекшеліктеріне тоқталу, шәкірттердің сабақ үстінде тақырыпты толық меңгеріп, тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау.
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: «б.з.б.XVI-Viғасырлардағы Алдыңғы Азия» оқу картасы. Суреттер: «Ассирия жауынгерлері», «Қос дөңгелекті арбадағы урарту жауынгері», «Адам басты, қанатты арыстан» (мүсін) т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспары:
Табиғат жағдайлары
Ассирия мемлекетінің құрылуы
Ассирияның отаршылдық саясаты.
Мәдениеті.
ІІІ. Оқушылардың жаңа оқу материалы жайлы түсінігін тексеру.
Оқушылардың сөйлеу мәнеріне, алған білімін, ойын жүйелі жеткізе білуіне көңіл бөлемін.
Оқушылардың жаңа материалды түсінуіндегі олқылықтарды түзетуге тырыстырамын.
Оқушыларға қоятын сұрақтарға ерекше назар аударамын.
IV. Жаңа білімді пысықтау.
Пысықтау барысында оқушының ойлану әрекетін дамытуға көңіл бөлемін.
Пысықтау барысында оқушы білімінің айқын да тиянақты болуына қол жеткізу.
V. Үйге тапсырма: §7.
Пән: Дүние жүзі тарихы
Сыныбы: 6 Б
Күні: 09.11.2016
Сабақтың тақырыбы: § 8. Хетт патшалығы.
Білімділік: Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың бас кезінде Кіші Азия түбегінің шығыс бөлігін біріктіру үшін алғашқы талпыныстар жасалғанын, Хетт жердавасы б.з.б. 1660-1650 ж. шамасында Табарна патшаның тұсында ғана қалыптасып болғанын баяндау.
Дамытушылық: Хетт державасының гүлдену және құлдырау себептерін түсіндіру.
Тәрбиелік: Білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Әдісі: интарактивті
Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Оқулықтағы картадан немесе атластан Ассирияны табыңдар. Ассирияның әскери өнері жайлы өз ойларыңды тұжырымдаңдар.
Ассирия патшасы өзінің Вавилонға жасаған жорығы туралы әңгімесінде былай дейді: «Мен оның қазынасын аштым, алтындары мен күмістерін, асыл татарын, қисапсыз байлығын алдым... Олардың дүниесін иелендім...»
Ассириялықтардың басқыншылық жорықтарынан қандай қорытынды жасауға болады? Ондағы отаршылдық саясаттың мәнін неден көреміз?
Ассирия заңдарын оқып шығыңдар: Ассириядағы жер иелену тәртібі туралы не ойлайсыдар? Жалпы Алдыңғы Азия елдерінің заңдарында қандай ұқсастықтар бар?
Жаңа сабақ жоспары:
Кіші Азияның табиғаты.
Хетт патшалығының құрылуы.
Хеттердің өмірі мен тұрмысы
Мәдениеті
Картаны пайдалана отырып, Кіші Азияны үш жағынан – солтүстігінде Қара теңіз, батысында Мәрмәр және Эгей теңіздері және оңтүстік-батысында Жерорта теңізі қоршап жатқанын баяндаймын. Кіші Азия таулы-үстірті әрі далалы өлке. Егістікке қолайлы, кең алқыпты жазықтар аз. Мұнда ірі өзендер де жоқ. Енді үлкен өзен-ежелгі Галис, ал қазір Қызыл Ирмак деп аталатын өзен ғана.
Мал өсіру (әсіресе жылқы өсіру) басым болды, жайылымға жарайтын дадалы алқыптардың көп болуы бұған қолайлы жағдай туғызды. Бал арасын өсірудің маңызы зор болғанын да айтамын.
Тау қойнауларында күмі, мыс, қорғасын, темір сияқты металдар көп еді. Сол себепті де оңтүстік тау жоталары Күміс таулар деп аталған.
Хетт патшалығының құрылуы туралы айтқанда билеушілер билігіне тоқталып, патша билігін мұралану, балаларына мұра ретінде беру елдегі билік үшін таласты күшейтіп, мұның өзі мемлекетті әлсіретіп жібергенін баяндаймын, Телепин атты патшаның Хетт патшалығын нығайтуы жайлы әңгімелеймын.
Хеттердің өмірі мен тұрмысын оқулық көлемінде түсіндіремін. Тақтаға төмендегі кесте сызылып, оқушылар көмегімен толтырылады.
Мемлекет аты
|
Өмірі мен тұрмысы
|
Мәдениеті
|
Құдайлары
|
Құрылыс өнері
|
|
|
|
|
|
ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.
Оқулықтың 59-бетіндегі Хетт заңдарын оқи отырып, вавилондық және ассириялық заңдармен салыстырыңдар. Қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар деп ойлайсыңдар?
IV. Үйге тапсырма: §8.
Оқулықтағы Хетт патшасының өсиетін оқып шығып өз ойларыңды тұжырымдаңдар.
Пән: Дүние жүзі тарихы
Сыныбы: 6 Б
Күні: 16.11.2016
Сабақтың тақырыбы: § 9. Ежелгі Финикия мен Палистина
Білімділік: Финикия тарихының басты ерекшеліктері туралы баяндау.
Дамытушылық: Оқушылар белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Білікті, иманды, азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекіігі: «Финикия колониялары» оқу картасы, Финикия, грек және латын алфавиттерінің салыстырмалы таблицалыры.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру барысында оқушылардың көпшілігіне ортақ қателерді және олардың себептерін көрсетемін.
Сынып оқушылырының үй тапсырмасын саналы да дұрыс орындағандығына көз жеткізу.
Жаңа сабақ жоспары:
Табиғи –географиялық жағдайы
Финикия қала мемлекеттері
Израил-иудей мемлекеті
Израил-иудей мемлекеттінің құрылғаны жөнінде оқулық көлемінде баяндалады.