Күні: 9. 12.2016
Сыныбы: 8а, геометрия
Тақырыбы: Пифагор теоремасы
|
Мақсат:
|
|
Жаңа білім
|
Косинустарды және олардың тек бұрышқа тәуелді екенін есіне түсіреді. Пифагор теоремасын үйренеді. Оның кері теоремасын таниды.
|
Жаңа түсінік
|
Пифагор үштігін айырып таниды. Пифагор үштігіне мысал келтіреді. Анықтамаларды парафразалайды
|
|
Қолданым әрекеті
|
Үшбұрыштың гипотенузасын екі катеті арқылы есептеп шығарады. Үшбұрыштың катетін гипотенузасы мен екінші катеті арқылы шығарады. Ромбының қабырғасы мен диагоналдарының бірін қолданып, екінші диагональін шығарады. Тіктөртбұрыштың берілген бір қабырғасы мен диагональін арқылы оның екінші қабырғасын есептеп шығарады.
Теңқабырғалы үшбұрыштың берілген қабырғасы арқылы оның медианасын табады. Теңбүйірлі трапецияның табандары мен бүйір қабырғасы арқылы диагональін есептеп шығарады. Осының барлығын есептеуде Пифагор теоремасын қолданады.
|
Талдау әрекеті
|
Үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы байланысын анықтайды
|
Шығармашылық әрекет
|
Пифагор теоремасының дұрыстығын тексеру үшін эксперимент жасайды
|
|
Бағамдау әрекеті
|
Пифагор теоремасын түйіндейді. Үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы байланысын анықтайды. Пифагор теоремасын қолдану арқылы тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларын есептейді. Пифагор теоремасын қай кезде қолдану керек екендігін ерекшелейді.
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І. Ақпарат алмасу (14 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).
V.Бағамдау - бағалау (3 мин.).
|
Сабақ типі: фронтальді, жұптық
|
Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
Оқушыға жол сілтеу, оқушының индивидуалдық қасиеттерін дамыту.
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Тікбұрышты үшбұрыш, Пифагор, Пифагор теоремасы, катет, гипотенуза, косинус, синус.
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау.
|
Ақпарат көздері:
|
|
А.Әбілқасымова, В.Корчевский, А.Абдиев, З.Жұмағұлова, «Мектеп», 2016
|
Оқушы жетістігін бағалау: Оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады.
|
Үй тапсырмасы:
|
|
Пифагор теоремасының кері теоремасын дәлелдеңіз
Бүйір қабырғасы 10см, ал табандары 4см, 16см теңбүйірлі трапецияның биіктігін табыңдар.
|
|
БОНУС. Пифагор үштігіне 2 мысал жазып келіңіз.
|
1. Пифагор теоремасы