Анықтама. А және В оқиғаларының А•В көбейтіндісі деп екі оқиғаның қатар орындалуынан тұратын оқиғаны айтады.
Анықтама. A және B тәуелсіз үйлесімді оқиғалардың ықтималдығы келесі формуламен анықталады:
P(AB) = P(A)•P(B).
Теорема. A немесе B тәуелсіз және үйлесімді оқиғалардың біреуінің орындалу ықтималдығы келесі формуламен анықталады:
P(A + B) = P(A) + P(B) – P(A)•P(B).
Мысал. Ойын сүйегін екі рет лақтырғанда
екі ретте де жұп сан түсті;
кем дегенде біреуінде жұп сан түсті оқиғаларының орындалу ықтималдығын табу керек.
Шешуі. A оқиғасы – «Ойын сүйегін бірінші рет лақтырғанда жұп сан түсті», B оқиғасы – «Ойын сүйегін екінші рет лақтырғанда жұп сан түсті». A оқиғасының орындалу ықтималдығы P(A) =0,5 және B оқиғасының орындалу ықтималдығы P(B) = 0,5.
Ойын сүйегін екі рет лақтырғанда екі ретте жұп сан түсуінің ықтималдығы келесідей анықталады:
P(AB) = P(A)P(B) = 0,5 ⋅ 0,5 = 0,25.
Ойын сүйегін екі рет лақтырғанда кем дегенде біреуінде жұп сан түсуінің ықтималдығы келесідей анықталады:
P(A + B) = P(A) + P(B) – P(A)P(B) = 0,5 + 0,5 – 0,5 ⋅ 0,5 = 0,75.
Тапсырма. 1-тапсырма. Жоспар бойынша конспект жазу.
2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс: https://www.okulyk.kz/wp-content/books/550/550.pdf №10.1, №11.8
Дескриптор: Білім алушы
барлық мүмкін болатын үштаңбалы сандардың санын анықтайды;
санның «0» цифрымен аяқталуының ықтималдығын табады;
санның «2» цифрымен аяқталуының ықтималдығын табады;
санның «6» цифрымен аяқталуының ықтималдығын табады;
ықтималдықтарды қосу ережесін пайдаланады.
Қолданылған әдебиеттер мен ресурстар:
А.Е.Әбілқасымова, З.Ә.Жұмағұлова. Алгебра және анализ бастамалары. 10 сынып, - Алматы: Мектеп, 2019. 64-66 беттер. https://www.okulyk.kz/wp-content/books/550/550.pdf
https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/11-synyp/yqtimaldyqtar-tusinigi-yqtimaldyqtardy-qosu-zhane-kobejtu-teoremalary
https://www.youtube.com/watch?v=3v47p-WYRdY
https://www.youtube.com/watch?v=HNbzDMPtBHI&t=17s
https://www.youtube.com/watch?v=dLxKk56AhN0
https://www.youtube.com/watch?v=1DzoA3mvIzs
https://www.youtube.com/watch?v=g4ed6EkVunc
Достарыңызбен бөлісу: |