Күні: 31. 01. 2020 ж Сыныбы: 8 «Б» Сынып жетекшісі: Утемисова Р. Б тақырыбы: берік отбасы — МӘҢгілік ел



Дата06.02.2020
өлшемі25,2 Kb.
#57357
Байланысты:
отбасы

күні: 31.01.2020 ж Сыныбы: 8 «Б» Сынып жетекшісі: Утемисова Р.Б

тақырыбы:БЕРІК ОТБАСЫ — МӘҢГІЛІК ЕЛ

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Міндеті: Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Өткізу түрі: ашық тәрбие сағаты

Әдісі: Сұрақ — жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, ойындар.

Көрнекілігі:Мақал — мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер.

Мазмұны:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Шаттық шеңбері «Тілек шырағданы»



«Білімдіге дүние жарық» викториналық сұрақтар.

«Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.

«Құндылық құнын ұғындыру» суретпен жұмыс.

«Сәлем – сөздің анасы» нақыл сөздер сайысы.

Рефлексия. Отбасы дегеніміз не?

Қорытындылау.

Іс-шара жоспары:

1.Ұйымдастыру.

Отбасында адам бойындағы  асыл  қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,  туған-туысқандарына деген  сүйіспеншіліктен басталады.

                                                                                  Н.Ә.Назарбаев

 Кіріспе

Бүгін біз «Берік Отбасы – мәңгілік ел» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді.



Негізгі бөлім.

Тілек шамы:

Сонау ерте  замандардан от халқымыз үшін қастерлі ұғым. От-жылулықтың, жарықтың мәнін  білдіреді. Ендеше, тілек шамын бір-біріне ұсыну  арқылы балалар өз отбасына деген тілектерін білдіреді.

Оқушыларды 2 жұпқа бөліп отырғызу.

2.«Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда жұптың шапшаңдылығын, біліктілігін аңғарамыз. Ендеше «Сандық» стратегиясы бойынша сандықтан викториналық сұрақтарды алып, соларға жауап беріледі.

І жұпқа


Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)

Балдан тәтті не? ( бала)

Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)

Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)

Үйдегі алтын адам кім?  ( ана)

Бес дұшпанды атаңдар?  ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек,  бекер мал шашпақ)

  Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата — анасына)

 ІІ жұпқа

Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)

Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

18 жасқа толмаған адам ( бала)

Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)

«Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесіңдер? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)

Бес асылды атаңыз? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

Отбасының басшысы кім? ( Әке)

«Тіл өнері» мақал-мәтелдің жалғасын табу. Шарты: Қоржыннан алып, мақал-мәтелдердің жалғасын жылдам тауып, жауап беру.

1 жұпқа


Ананың көңілі балада,………………… Баланың көңілі далада.

Ата көрген оқ жонар, ……………………..Ана көрген тон пішер.

Өз үйім – ……………………….өлең төсегім.

Балапан ұяда не көрсе,…………………….Ұшқанда соны іледі.

Атаның баласы болма,……………………….. Халықтың баласы бол.

Жақсы ата – орман,…………………Жақсы бала қорған.

Әкең өлсе де,………………….. әкеңді көрген өлмесін.

Ата көрген оқ жонар,……………………. ана көрген тон пішер.

2 жұпқа

Ананың сүті – бал, …………………………..Баланың тілі – бал.



Балалы үй базар, …………………………….Баласыз үй қу мазар.

Ұяда не көрсең , ………………………………Ұшқанда соны ілерсің.

Ана алдында – құрмет………………..Ата алдында – қызмет.

Анаңа ауыр сөз айтпа,………………Атаңа ауыр жүк артпа.

Атаңа не қылсаң,…………….Алдыңа сол келер.

Ата – бәйтерек, …………………бала – жапырақ.

Әдепті бала арлы бала, ……………………әдепсіз бала сорлы бала.

«Құндылық құнын ұғындыру» суретпен жұмыс.

1-жұп


«Құндылық құнын ұғындыру».  Отбасы мүшелерінің суреттері беріледі. Суреттерді жабыстыру арқылы сөйлемдерді  толықтыру және ұғындыру.

Балалармен отбасындағы  күнделікті жиналатын орын туралы сұраймын.

-Балалар,отбасы мүшелері түгел жиналатын уақыт қай кезде және ол қайда?

-Дастархан басында.

2 жұп.«Дастархан басында». Отбасы мүшелерін дастархан басына жайғастырыңдар және не үшін олай отырғызғандарыңды дәлелдейсіңдер.

5.«Сәлем-сөздің анасы» нақыл сөздер сайысы. Гүл теруге шығайық!
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару). Барлық балалар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Теріп алған гүлдерінің санына қарай нақыл сөздер айту.

  Мұғалім: Отбасы – ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді.

«Отбасы» туралы қандай тақпақтарың естеріңе түсті. Ана, әке туралы тақпақтар айтқызу.

1 оқушы.

Ана жанын ана болсаң ұғарсың.


Алдыңдағы ол бір биік құзар шың,
Балаң үшін биіктен де құларсың.
Ана мейірі күн көзімен пара-пар.
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар!
2 оқушы.

Әке деген-биік шыңы адамның,


Әке деген- тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойыңда аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Не десең де әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

3 оқушы.

Әжемнің саясында ержетіп мен,


Аялы ақ бесікке тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен.
Жүрегімде әжемнің әжімі бар,
Жүрегімде достардың әзілі бар,
Жүрегімде өмірдің қызығы бар,
Жүрегімде жанымның азығы бар.
Ержетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы.
Иіскеп, маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны.

4 оқушы.

Жанұяның тірегі әке болсын,

Шаңырақтың шуағы ана болсын,

Бар тілекті арнайтын балаңызға

Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.

Біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты шағын мемлекетіміз «жанұяны» мықты мемлекетке айналдыру. Ол үшін мықты мемлекет – жанұямызға берік босаға, кең кереге, үлкен терезе, мықты шаңырақ керек.


Кірпіштерге жазылған сөздермен біздер өзіміздің Үйімізді қалайық. Біздер балалар барлығымызда өз өміріміздің құрлысшысымыз. Біздің үйіміздің фундаменті неден тұрады екен?
Оқушыларға актуальдық сұрақтар:
1. Үй дегенді қалай түсінесің?
2. Үйдің жылуы, ата – ананың аялы алақаны дегенді қалай түсінесің?
3. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер?

Біздің алдымызда үй салатын мынандай кірпіштер жатыр:


1. байлық.
2. бауырмалдық
3. татулық
4. қайырымдылық
5. әдептілік
6. инабаттылық
7. шыдамдылық
8. толеранттық
9. түсіністік
10. ізеттілік
11. ауызбірлік
12. сенімділік
13. махаббат
14. ата – ананың балаға деген махаббаты

Осы кірпіштердің көмегімен біздер өз үйлерімізді тұрайық. (Балалар үй тұрғызуға кіріседі)


Балаға теріс әсер етеді.
• Жанұядағы жанжал
• Үлкендердің аузына келген сөздеріне айтуы
• Балалардың көзінше басқа біреуді сөгуі
• Басқалардың сыртынан өсек айту
• Арақ ішу
• Темекі тарту

  1.  Қорытынды шығару

Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік. Ата-анамызды ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты міндетіміз.

Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың да болашақта жақсы азамат болып өсуі, тәрбиелі болу отбасына берілген тәрбиеге байланысты болмақ

 

 

 



 

 \

Рефлексия. Отбасы дегеніміз не?  Оқушылар  оз  ойларын  жазады?












 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


  1. Қорытынды шығару

Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік. Ата-анамызды ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты міндетіміз.

Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың да болашақта жақсы азамат болып өсуі, тәрбиелі болу отбасына берілген тәрбиеге байланысты болмақ.



FacebookTwitterEmailОтправить

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет