1.Әңгіме жүргізу.
- Наурыз – көктемдегі адамдардың асыға күтетін мерекелерінің бірі.
Наурыз жыл басы деп аталады.Бұл күн барлық адамдар бір-біріне «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын» деген тілектер айтады.
2. Суретпен жұмыс.
- Адамдар Наурыз мерекесін қарсы алып жатыр.
«Наурыз мерекесінде үйге қаншама адамдар келіп, наурыз көжеден дәм татса, үй иесіне соншама жақсылық келеді, бақыт қонады» деген ниетпен адамдар бір-бірін қонаққа шақырады.
Наурыз мерекелерінің тағы бір ерекшелігі адамдар үйлерін, аулаларын тазалап, көшеттер отырғызады.
Наурыз күні не пісіріледі?
- Наурыз мерекесінде қазақ халқының ұлттық тағамының бірі- Наурызкөже пісіріледі.
Балалар наурыз көжені 7 түрлі тағамнан дайындайды.
Наурыз мерекесінде ұлттық ойындар ойналады.
|