Ұйымдастырушылық,
оқытушылық,
қызықтырушылық
|
Таңғы жиын.
1.Жұмбак шешкізу. «Көктем».А.Байтұрсынов
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салада ағады.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Айтындаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
- Дұрыс, балалар, бұл көктем мезгілі екен.
|
Балалар жұмбақтың жауабын педагогтің көмегімен бірге айтады.
|
Ұйымдастырушылық –
ізденушілік
Ғылым орталығы.
|
1. Әңгіме жүргізу.
- Көктем мезгілі үш айдан тұрады.Олар: наурыз, сәуір, мамыр.
- Көктемде қар ериді, күн жылынады,ағаштар бүршік жарып алғашқы гүл -бәйшешек шығады. Көктемде табиғат жаңарады, барлық тіршілік иелері оянады.
Балалар, көктемде үлкендердің көмегімен балабақша ауласында гүл егеміз, ағаштардың түптерін қопсытамыз, кұстарға ұя жасаймыз.Сондыктан да үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тиіспіз.
2. Сергіту сәті:
«Сұр Қоян».
3. Ойын: «Сөйлемді жалғастыр»
Шарты: көктем мезгілінің басты ерекшелігін атап айту.
- Көктемде кандай өзгеріс болады?
- Қар ериді.
- Құстар ұшып келеді.
-Ағаштардын жапырақтары шығады.
-Жаңбыр жауады.
Суреттерін тактаға ілу.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар,көктемнін негізгі ерекшелігін айтып өттік. Көктемнің тағы бір ерекшелігі -жыл кұстарының ұшып келуі. Олар:бозторғай, карлығаш, су құстары.Осы кұстарға кандай көмек көрсетеміз?
4. Тыйым сөздер.
Көк шөпті жұлма, ағашты сындырма,кұстың ұясын бұзба.
5.Үлестірмелі материалмен жұмыс Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.
|
Көктемгі
ай аттарын балалар бірге қайталайды.
Көктем мезгілі туралы білетіндерін айтады.
Қоянның кимылын келтіреді.
Сөйлемдер құрастырады,сөйлемдерді аяқтайды.
Әке, ағаларымыз ұя жасайды,біздер жем, су береміз.
Тыйым сөздерді қайталайды
Балалар суреттегі күнді бояйды
|