Ұйымдастырушылық,
оқытушылық,
қызықтырушылық
|
Таңғы жиын.
Шаттық шеңберін құрып, балалар жақсы көңіл күймен, бір- бірлеріне мақтау сөздер айтады.
|
Балалар шеңбер болып отырады.
|
Ұйымдастырушылық –
ізденушілік
Ғылым орталығы.
|
1.Әңгіме жүргізу.
-Балалар, ғылым орталығына қош келдіңдер!
Үнтаспа тыңдау.
Тәрбиеші үнтаспадан құстардың даустарын тыңдатады.
- Балалар сендердің ненің даусын естіп тұрсыңдар?
-Бұл құстардың даусы екен.
2.Суретпен жұмыс.
Біз құстарды екі топқа бөлеміз.
-Суретте қандай құстар бейнеленген?
- Торғай, қарға, қарлығаш - осылардың бәрін бір сөзбен құстар деп атаймыз?
-Кәне, бәріміз айтайық.
- Иә, балалар, құстар – біздің досымыз. Құстардың адамдарға, табиғатқа пайдасы өте зор.
Құстар зиянкес жәндіктермен қоректенеді. Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?
Құстардың жылы жаққа ұшып, көктемде қайтып келеді ұя салады балапан басады.
3. Сергіту сәті.
«Торғай» өлеңімен орындалады.
4.Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Құстардың ұясын көрсету.
5. Тыйым сөздер.
Құстың ұясын бұзба.
Құсқа тас лақтырма.
6. «Ұшты - ұшты» ойыны.
Шарты: тәрбиеші: «Ұшты – ұшты», - деп, құстың атын айтса, балалар қолдарын жоғары көтереді, ал «ұшты - ұшты», - деп заттың аты айтса, балалар қолдарын көтермеу тиіс.
Өзін – өзі бағалау.
|
Балалар үнтаспа тыңдайды.
Құстардың
Балалар мұқият тыңдайды.
Құстар.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Тыйым сөздерді қайталады.
Балалар қызыға ойнайды.
|