Ұйымдаструшылық ізденушілік
|
1.Әңгіме жүргізу.
-Ия, балалар, дұрыс айтасыңдар, жұмбақтың шешуі – су.
Су – мөлдір, сұйық зат.
(Стақандағы суды көрсету).
2.Суретпен жұмыс.
- Су адамға не үшін қажет екен?
-Суды ішеміз, тамақ әзірлеу үшін пайдаланамыз, шомыламыз, киімді жуамыз,
үйді тазалаймыз.
-Ал енді су кімге және не үшін қажет екенін
білесіңдерме?
-Ия, сусыз адам да, жануарда, өсімдік те тіршілік ете алмайды.
Көрдіңдер ме, балалар судың қажет емес жері жоқ, сондықтанда суды
|
|
үнемдеп пайдалану керек, суға қоқыстар тастауға болмайды. «Су- тіршілік көзі» деп бекерге айтпаған.
3. Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Шарты:Айсұлуға қол жууға баратын жолды көрсету.
4.Тәжірибе жасап көрсету.
- Мына екі ыдыстағы мөлдір судың біреуіне аз ғана топырақ салып көрейік. Судан қандай өзгеріс байқадық? Енді оны іше аламыз ба? Сондықтан, суды әр қашан таза ұстауымыз керек.
Тыйым және нақыл сөздер.
1.Суға түкірме.
Су – өмір нәрі.
Бұлақ көрсең, көзін аш.
5.Сергіту сәтін өткізу.
6.Ойын: «Күн мен жаңбыр». Шарты:
балалар «Күн» дегенде қолдарын жоғары көтеріп, алақандарын ашады, «Жаңбыр жауады» дегенде отырып, еденге саусақтарын тықылдатады.
Өзін – өзі бағалау.
|
Балалар тапсырманы тәрбиешінің көмегімен орындайды.
Балалар тәжірибені бірге орындайды.
Судан қандай өзгеріс байқағандарын айтады.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Балаларға тыйым және нақыл сөздердің мағанасын түсіндіру.
Балалар қызыға ойнайды.
|