1.Әңгіме жүргізу.
Балалар бүгін біз өзіміздің туған үйіміз, отбасымыз туралы әңгімелесеміз. Яғни сол отбасымызда кім кандай кызмет атқарады.
2. Суретпен жұмыс.
Балалардың назарын суретке аудару.
Балалар мына суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?
Ия, дұрыс суретте ата не істеп отыр?
-Ал әже не істеп отыр?
- Әкесі немен айналысып жатыр?
-Ал анасы не жасап жатыр?
Ия, балалар өте дұрыс ата газеттен жаналық хабар оқып, әжесі немерелеріне шұлық тоқып, отыр. Ал анасы ас әзірлеп жатыр.
Әкесі көлік жөндейтін орталықта қызмет атқарады екен.
3. Мақал – мәтел:
1. Анаға қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер.
(Мақал – мәтелдің мағанасын ашып түсіндіреді.)
4.Сергіту сәтті: (Саусақ гимнастикасы)
Бас бармағым – атам үдің данасы,
Балаң үйрек – апам, ошақ анасы.
Ортан терек – әкем, отау панасы,
Шылдыр шүмек – анам, үйдің ажары.
Кішкентай бөбек - мен, бәрінің базары.
5. Балалар мен әже туралы өлең оқып берейін,
тыңдаңдар!
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі.
Маған айтып береді.
6. Д/О: «Менің отбасым» Отбасы мүшелерін тауып, атап беру.
Өзін – өзі бағалау.
|