Мақсаты: 1 білімділік: , Халық ауыз әдебиетінің үлгілері –шығарма түрлерімен таныстыру ,шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, композициялық құрылысын талдау.
2 дамытушылық: Іскерлік қабілетін дамытып, белсенділігін арттыру, іздемпаздық қабілетін күшейту,өздігінен білім алуға жол ашу, тілдерін жетілдіру,өз пікірін қорғай білуге, талдай білуге баулу,шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
3 тәрбиелік: Оқушыларды туған жеріне, елінің табиғатына арнап жазған ақын, жазушылардың шығармаларын білуге, оқушыларды оқуға, білімге, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу,халық ауыз әдебиеті үлгілерін білуге, яня
Сабақтың түрі: Лекция сабағы,аралас сабақ, топсеруен сабағы, панорамалық сабақ, саяхат сабақ, тәжірибелік сабақ, өздік жұмыстарының сабағы, зертханалық жұмыс сабағы,бақылаужұмысы, семинар сабақ,сахналық көрініс қою.
Сабақтың типтері: жаңа білімді меңгеру сабағы; білімдерді,машықтарды дағдыларын іске асыру сабағы; жалпылау және жүйелеу сабағы; бақылау сабағы; аралас сабақ ; тәжірибе кезінде білімдерін қолдану; дағдылар сабағы, бекіту сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сөз әдісі, проблемалық іздену әдісі, ынталандыру,қызықтыру әдісі, көрнекілік әдісі ,тәжірибелік әдіс, логикалық әдіс, бақылау, бағалау әдісі.
Сабақтың барысы: І. Мотивация. 1.« Ой қозғау» стратегиясы. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Психологиялық дайындық.
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық... Бұл кімнің өлеңінен алынған үзінді?
Дұрыс жауабы: Ыбырай Алтынсарин. . Ыбырай Алтынсариннің портретін көрсету. Ыбырай ағаларың туралы не білесіңдер?
қашан туды?1841ж тұнғыш қазақ балаларына мекткеп ашты
«Қазақ хрестоматиясы» Ыбырай Алтынсарин ағартушы педагог
оқулығын жазды ақын қайтыс болды 1889ж
Қайда туды? Қостанай обл, Қостанай ауд аудармашы
ІІ. Мағына тану.Оқушылардың білімдерін жаңғырту. Проблемалық ситуация тудыру Проблемалық ізденіс. Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде... Бұл шығарманың қай түрінде жиі қолданылатын үзінді?
Дұрыс жауап: Ертегіде.
Ертегі дегеніміз не?
Ертегі- халық ауыз әдебиеті үлгілеріне жататынең көне жанр. Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойданшығарылатын оқиғалар.
Шыншыл ертегілер қиял-ғажайып ертегілер
Ертегі түрлері
Хайуанаттар жайлы ертегілер
Халық ауыз әдебиет үлгілерінің ішінен белгілеу Топтастыру. Өз ойларын түйіндеу. Батырлар жыры тұрмыс-салт жырлар
Ертегі аңыз мақал- мәтел төрт түлік жырлары, айтыс
жаңылтпаш Халық ауыз әдебиет үлгілері жұмбақ
шешендік сөздер бата-тілек өтірік өлеңдер
Тақтамен жұмыс. Тақтада алдын ала ертегінің мазмұнына байланысты диафильм құрастырылған.
Қарабатырды бала кезінде басқа елдің жолаушылары ұрлап кетеді.
Қой бақтырып, аш, жалаңаш, тамақ бермей ұатайды
Қойдың сүтін сауып, күнін көріпті.
Бір күні елі есіне түсіп, жылап отырады.
Бір қарға келіп қонады.Бала көмек сұрайды, қарға қарқылдап ұшып кетеді.
Сауысқан келіп қонады. Бала көмек сұрайды, бірақ сауысқан шық- шық етіп, ұшып кетеді.
Тырна келіп қонады. Бала көмек сұрайды, бірақ тырна да тыру- тыру дейді де, ұшып кетеді.
Одан кейін қаз келеді. Бала көмек сұрайды, қаз қаңқ етеді де, ұшып кетеді.
Аққу келеді. Бала көмек сұрайды, аққу тоқталынқырапкөлденеңдеп тұрады да, ұшып кетеді.
Біраз дан соң қарлығаш ұшып келеді.Бала көмек сұрайды. Қарлығаш олай бір ұшады, былай бір ұшады да , баланы қимай,қолына қонады.
Бала көйлегінің етегін жыртып, қарлығаштың мойнына байлайды.қолын инемен шаншып қанатады да, сол елдің таңбасын салып жібереді.
Қарлығаш баланың елін іздеп отызыншы күні бір ауылға келіп қонады.әр үйдің шатырына қонып, адамдарды байқап жүреді.Сөйтіп шаршап қалғып отырғанда, біреудің жылаған даусын естіп қояды.
Анасының зарлап жылауы: -Ау, шырағым,құлыным, маңдайымда тұлымым,көлге біткен құрағым,жалғыз ұлым, шырағым.Жау алды ма- білмедім,су алды ма- білмедім,аң алды ма –білмедім. Жиырма төрт ай болды сені көрмегеніме.
Қарындасының зарлауы: Асыл еді негізің, бірге туған егізім, сен туғанда ойлаушы ем: арғымақ ат мінермін, асыл киім киермі,тең құрбымнан ілгері мен жарқырап жүрермін.биіктен талап етермін, ойын- күлкі сауықпен, қызық дәурен сүрермін.
Егізімнен айрылып,ақша беттенқан кетті, көңілімнен жан кетті.Түс көрдім, түсімде бір іс көрдім: қолдан ұшқан сұңқарым қайта қонып жүр екен. Үйірден
шыққан тұлпарым қайта келіп жүр екен. Бірге туған құлыным үйге келіп жүр екен.
Қарлығаш осының бәрін естіп, сол үйге келіп қонған екен.Баласының белгісі арқылы
Қарабатырды тауып, еліне алып келеді екен.
Сыныпты үш топқа бөліп, аттарын қою.
1-топ. «Төзімділер »
2-топ «Тапқырлар »
3-топ. «Қайырымдылар »
Әр топқа тапсырма беру.Мәтіндерді бөліп беру
1-топ:Шығарманы талдау.
2-топ: Ертегіні сахналау.
3-топ Кейіпкерлерге мінездеме беру.
. Мәтінді алдын ала үйге оқуға беріледі.
1- тапсырма . Мәтінді кесте бойынша алгоритмге салу. Ауызша қорғау.
2. Мәтінмен жұмыс жасата отырып сыни тұрғыдан ойлауға икемдеу. Адам өміріндегі ананың рөлі жайлы ойларын тыңдай отырып, сөйеу дағдыларын жетілдіру.
3. Ананы сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Бала сын тұрғысынан ойлауға, ойын еркін жеткізуге, ананың құдіретін тануға, сұраққа толық жауап беруге, ынтымақтастық атмосферасының құрылуына.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Топ басшыларын сайлап, оларға бағалау парақтарын беру, топпен жұмыс жүргізгендегі ережелерге тоқталу.
Бағалау геометриялық фигуралар бойынша, топ басшыларының белгіленуі бойынша болады.
ІІ. Үй жұмысын тыңдау
Әр топ өз тапсырмалары жөнінде сөйлеу.
І топ: 4 жол өлең
ІІ топ: Ана тіліне байланысты шығарма
ІІІтоп.Қайнекей Жармағанбетов туралы мәлімет жинау
ІҮтоп. Сызба құрастырып келу
-Ендеше бүгін біз Қайнекей Жармағанбетов ағамыздың «Ормандағы оқиға » әңгімесімен танысатын боламыз.
-Балалар сендер орманда қандай ағаштар өсетінін білесіңдер ме?
-Ағаштардың қандай пайдасы бар? Ол табиғаттың қай түріне жатады?
-Айналаны көгалдандырудағы мақсатымыз не?
— Ормандарды қорғау туралы не білесіңдер?
Бүгінгі оқитын ертегі әңгімеде ормандағы қайың, қарағаш және тобылғы туралы оқып білеміз.Сылдырап ағып жатқан әдемі бұлақтың жанында қайың мен қарағаш өсіпті. Олар тату достар болған екен. Күндердің күнінде тобылғы қайың мен қарағашты бір-біріне жамандайды, оның сөзіне сенген қайың мен қарағаш таң атысымен қатты ренжісіп, шайқасады.Оларды арашалауға келген сексеуілдің омыртқасы сынып мүгедек болып қалады екен.Осының бәрін көрген тобылғы өз қылығынан қатты ұялып орманнан алысқа айдалада бұғып тіршілік ететін болыпты, ал сексеуіл болса қиқы-жиқы болып өсетін болған екен.
Суреттеріне тоқталу.
ІІІ.Кітаппен жұмыс
Қайнекей Жармағанбетов 1918-1974ж Қостанай облысында Жангелдин ауданында өмірге келген.Оның «Заман біздікі», «Адам туралы аңыз» т.б өлең жинақтары, «Әнші азамат» повесі бар.
— Топтардан 1 оқушы азат жол бойынша оқу.
Мазмұнын ашу, сұрақтар қою.
Ағаштар бір-бірімен ренжісуіне не себеп болды? Тобылғы қайыңға қандай әңгіме айтты?
Қарағашқа не деді? Тобылғыға мінездеме беріп көрейік.
Сексеуілге де мінездеме берейік. Осы ағаштардағы қандай мінездер адамдарда бар?
Саған ұнаған және ұнамаған қылықтар?
ІҮ. Сөздік жұмыс Дәптерлерін ашып күнді жазып, түсініксіз сөздерді жазып алу.Ағаштар атын жазу, өзіне ұнаған ағаштың жанына + белгісін қою.
Ү.Сергіту сәті
ҮІ.Топпен жұмыс Әр топқа жеке тапсырма:
І топ: Мінездеме жазу
ІІ топ Екі ағашты салыстыру венн диаграммасымен
ІІІ топ:Әңгіме барысына сай сурет салу
ІҮтоп: Ағаштардың қандай пайдасы бар? Сызбамен
ҮІІ. Ой толғаныс Ітоп- қайың ІІ- тобылғы ІІІ- адам ІҮ- Ағаштар
Күтілетін нәтиже: достықты құрметтейтін ынтымақшыл тұлға
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қайнекей Жармағамбетовтың « Ормандағы оқиға» атты ертегісі не жайлы? Қайың мен Қараағаштың қатты ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті деп ойлайсың?(шағыстыруы). Қараағаштың қылығы қандай адамды елестетеді? Әңгіменің қай жері саған ерекше әсер етті? Неліктен? Сенің қай ағашқа жаның ашыды? Неліктен?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Қазіргі заманда олар қалай өмір сүреді екен? Бұл ертегіден ойыңа не түйдің? Қандай қорытынды пікір айта аласың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер қауын, қарбыз жеп көрдіңдер ме? Оның дәмі қандай? Олар туралы жұмбақ білесіңдер ме?
Ү. Жаңа сабақ. Жолтай Әлмашевтің «Қауын мен Қарбыз» ертегісін түсініп оқу;
сөздік жұмыс:Түйнек – өсімдіктің өніп шыққан жеміс түйіні. Тұз тағылары – далада тіршілік ететін жабайы аңдар. Пәлек – қауын-қарбыздың көлбей өскен өркені. Сұрақ-жауап: Қарбыз бен Қауын қандай шешімге келді? Қауынды кім тауып алады? Қарт қауынның дәнін не істеді? Қарбыздың жағдайы не болды?
ҮІ. Білімін тексеру. 1.Бұл ертегіден нені түсіндің? 2. Ертегі қалай басталатынын дәптеріңе жаз.(Ерте- ерте, ертеде, ешкімнің табаны тимеген ен далада Қауын мен Қарбыз жайқалып өсіп тұрыпты...) 3. Қарбыздың жалғыз қалып өкінген жерін ертегіден тауып оқы.
ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Нелер жайлы? «Дән – Қауынның жүрегі. Осы өлмесе, ол мәңгі жасайды» дегенді қалай түсінесің? Бұл үзіндіні, яғни Қарбыздың жағдайын оқығанда қандай сезімде болдың?
ҮІІІ Үйден: оқу, әңгімелеу. Суретін салу. 2. Бағалау .
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы. «Аққу, Шортан һәм Шаян». Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы туралы мағлұмат бере отырып, шығармаларының мазмұнымен таныстыру. 2. Дамытушылығы: Оқушылардың ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсінігін, өз ойларын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алуын және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелігі: Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын ашу арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру. Сабақтың көрнекілігі: А. Байтұрсынұлы мен И. А. Крыловтың портреті. Мысал бойынша салынған сюжеттік суреттер. Сабақта қолданылатын әдістер: Топтық жұмыс, түсіндіру әдісі, іздендіру, өздігінен білім алу. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Сабақтың мақсатын таныстыру. - Балалар, бүгінгі сабақта қазақ халқының ұлы ақыны А. Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры туралы сөз қозғап, мысал өлеңдердің ерешеліктері туралы оқып үйренеміз. III. Жаңа материалды түсіндіру. Балалар, бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Қана оқушылар топқа бөліне қоямыз. Топқа бөліну шарты: Қағазға салынған аққудың, шортанның, шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа бірігеді. Оқушыларға алдын ала әр түрлі үй тапсырмалары берілген, олар әрқайсысы өз сұрақтары жөнінде ізденіп, оны тірек - сызбалары арқылы салып, соған жазып түсіндіруі керек. 1 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі. 2 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары. 3 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері. Топ оқушылары бір - бірден шығып үй тапсырмаларын қорғайды. Қысқаша толқтырулар. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым, ақын, аудармашы, бірнеше оқулықтардың авторы. Туған жері қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы. А. Байтұрсынұлы ең алғаш рет «Әліпби»оқулығын жазған. Оның «Қырық мысал», «Маса»деген шығармалар жинағы шыққан. Бар өмірін Адал қызмет етуге арнаған адам. Оған «Халық жауы»деген жала жауып, жазықсыз құрбан болды. Ахмет Байтұрсынұлы И. А. Крыловтың мысалдарын қазақшаға аударып, оны кітап етіп шығарған. Солардың бірі – бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян»мысалы. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқып беремін. Бірнеше оқушыға мәнерлетіп оқытып, сұраққа - жауап аламын. - Балалар, олар қалай өмір сүреді? - Олар не істемек болды? - Олардың жүктері неге қозғалмады? - Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр? Оқушылар, мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы болады дедік. Негізгі ой дегеніміз - ақынның айтар өсиеті. Ой қозғау. 1 - топ. «Аққулар» - А. Байтұрсынұлының түйінді ойықай жерде жазылған? - Бұл мысал бізді неге шақырады? (Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру) 2 - топ. «Шортандар» Негізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы білетін мақалдарын жазу. Мысал: 1. Бірлік болмай, тірлік болмас. 2. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса төбедегі келеді. Топ мүшелері жазған мақалдарының мағынасын түсіндіреді. 3 - топ. «Шаяндар» Осы мысалды сахналық қойылым ретінде дайындайды Бұл тапсырмада балалар алдын ала мысалды диалогке айналдырады. Мысалы, автор «Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген арба тауып алып, қатты қуанышқа кенеледі. Аққу айтады: - Достар, келіңдер мына арбаны әуеге тартып шығарайық, Шортан айтады: - Мұны көлге апарайық,- дейді. Шаян айтады: - Жоқ онан да мұны құмға апарайық. Автор: - Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды Осылайша балалардың әрқайсысы өз ойларын айтып, мысалды әр үрлі импровизация жасайды. Сергіту сәті. Ал, балалар, тұрайық, Қане, қанат жазайық. Аққу болып ұшайық, Көлде жүзген балықтай, Жүзіп, жүзіп алайық, Қане, айналып, қарайық. Дәптермен жұмыс: Мақал - мәтелдер жазу. 1. Алтау ала болса, ауыздағы кетер, Төртеу түгел болса, төбедегі келер. 2. Бірлік болмай, тірлік болмас. 3. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Қорытындылау: - Не үйрендік? Не білдік? Үйге тапсырма: Мысалды мәнерлеп оқып, түсініп келу. Кейіпкерлердің суреттерін салып, әрқайсысына мінездеме жазу. Бағалау:
Тақырыбы: Оралхан Әубәкіров.Ара мен Шыбын. Мақсаты: 1.Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. 2. Оқушыларды өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. 3.Оқушыларды мысал мазмұнын айқындай келе, қонақжайлыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақ Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу, танымдық тапсырма Көрнекілігі:суреттер,үлестірмелер Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру кезеңі: Cабаққа дайындықтарын ұйымдастыру. 2.Оқушыларды 3 топқа бөлу.Топқа бөлу үшін мұғалім балаларға гүл таратып береді.Сарғалдақтар бір топқа, Түймедақтар екінші топқа,Раушангүлдер үшінші топқа топтасып отырады.Топ басшыларына ұпайды есептейтін бағалау парағы беріледі.Олардың міндеті- жауап беріп отырған өз тобының балаларын белгілеп отыру.Әр топтың ұпайы есептеп шығарылады. Жаңа сабақ1.Сабақтың мақсатымен таныстыру. 2.Автор туралы қысқаша дерек. О.Әубәкіров 1934 жылы туып,1986 жылы қайтыс болды. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қаракестек ауылында дүниеге келген.Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген.Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен мынау» т.б. көптеген жинақтары бар. О.Әубәкіров-талантты сатирик.Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап,мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз. 3.Үнтаспадан «Ара мен Шыбын» диалогын тыңдату. 4.Тірек сызба арқылы мысалды талдату. Кім?Кімгеайтты? Не деп? Неліктен? 5.Шығарманы толық оқу. -Шыбын Араға не деді? -Ара оған неге бірден келісе салмады? Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген? 1-топ:Шығарманы рөлге бөліп оқу. 2-топ:Ара мен Шыбын бейнеленген сурет бойынша екеуіне мінездеме беру. 3-топ:Шыбынның үйін, жататын жерін көзіңе елестетіп,суреттеп айтып беру. «Кім ақын?»тапсырмасы.Үш топқа өлең бойынша ұйқас табу тапсырмасы беріледі. Келді араға Ш........н Жиып жатқан ш..... ..н, Шақырды Шыбын қ......қа. Ара келсе ке.......п, Жатып қапты ше.....п. Қонақты дұрыс кү........пті, Шыбынға ақыл же.......пті. Жұмысты тез әрі дұрыс орындағандары үшін ұпай беріледі. «Кім ұтқыр?» тапсырмасы. Бұл тапсырма бойынша мынадай сұрақтар таратылып беріледі.Оқушылыр ойларын мына сұрақ негізінде жинақтайды: 1. «Қонақжай» дегенді қалай түсінесің? 2. «Қонақ» деген кім?Қонақтың қандай түрлері бар? 3. Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің? «Кім тапқыр?» тапсырмасы. Мысал бойынша мақал-мәтелтауып жазу тапсырмасы беріледі. 1.Келгенше қонақ ұялады,келген соң үй иесі ұялады. 2.Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза. 3.Еңбекшінің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті. Сабақты бекіту. «Кім мықты?» сайысы. А ) «Сарғалдақтар» тобының тапсырмасы.Ара мен Шыбын қанатын жамылып, рөлге бөлініп ойнайды. Ә) «Түймедақтар» тобы мысалдағы түйінді ойды жазады. Б) «Раушангүлдер» тобы Ара мен Шыбын жайлы «Егер мен Шыбын болсам...» тақырыбына эссе жазу. Сабақ бойынша жүргізілген сайыстың қорытындысы шығарылады Үйге тапсырма. 1.Мысалды түсініп,мәнерлеп оқып келу. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі бағалайды,сонан соң топ жұмысы баға
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров. «Арыстан мен тышқан» (мысал) Сабақтың мақсаты: Мысалдың мазмұнын ашу, саналы түсініп оқу. Сабақтың міндеттері: а) мәтінді мәнерлеп, саналы түсініп оқу, мазмұнын түсінуге жетелеу, автор туралы түсінік беру, сөздік жұмысын жүргізу, мәтінмен жұмыс жүргізу; ә) оқушыларды жан - жануарларға, үлкенге, кішіге қамқор болуға, мейірімді болуға, біреуге қол ұшын беруге дайын болуға, қоршаған ортадағы тірі жандарды аялауға тәрбиелеу; б) ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорын байыту, өз ойларын жеткізе білуге төселдіру, мәтінді талдауға қалыптастыру, негізгі ойды табу, қорытынды жасау дағдыларын арттыру. Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау, суреттеу, талдау. Сабақтың көрнекілігі: мақалдар, автордың портреті, арыстан мен тышқан бетперделері, оқушылардың салған суреттері. Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау. Кітап, дәптер, күнделік, қаламсап және т. б. құралдарының түгел болуын қадағалау. ІІ. Үй тапсырмасын тексер«ара мен шыбын». Мәтіннің мазмұнын сұрау: -Шыбын Араға не деді? -Ара оған неге бірден келісе салмады? Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген? Шығарманы рөлге бөліп оқу. ІІІ. Жаңа материалды игеру. 1. Кіріспе әңгімесін жүргізу. - Балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Арыстан мен тышқан». - Авторы Сұлтанмахмұт Торайғыров (портреті көрсетіледі). - Қане, балалар, С. Торайғыров туралы не білеміз, еске түсірейікші. - С. Торайғыров (1893 - 1920) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл аулында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, жазушы, әрі педагог. Жастарды оқуға үндеген «Неге жасаймын», «Шәкірт ойы», т. б. өлеңдердің, «Қамар сұлу», т. б. көркем шығармалардың иесі. Осы 4 сынып ана тілінен біз «Туған елім» өлеңін оқыдық. - Ал, балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Арыстан мен тышқан» деп аталады. - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем. - Көктемде айналада қандай өзгерістер болады? Жан - жануарлар не істейді? - Дұрыс айтасыздар. Балалар, көктемнің осындай жайма - шуақ күнінде арыстан мен тышқан кездесіп қалады. Қане, балалар, айта қойыңдаршы, арыстан мен тышқанның айырмашылығын салыстырыңдаршы, екеуіне мінездеме беріңіздер. Арыстан --------------------------------- Тышқан Жыртқыш--------------------------------- кеміргіш ірі --------------------------------------------ұсақ аң патшасы ------------------------------- жыл басы батыл -------------------------------------- өте қорқақ өте күшті --------------------------------- өте әлсіз ұзақ жасайды ---------------------------- көп өлімге душар болады етпен қоректенеді ------- -----------------тағам талғамайды бірнеше жылда ұрпақ береді -----------көп балалайды (Қарама - қайшылықты сызбасын көрсету) 2. Негізгі бөлім. «Арыстан мен тышқан» а) Мәтінді оқушылардың іштей оқуы. - Мәтін шығарманың қай түріне жатады? Автор МЫСАЛ жан – жануарлар өсімдіктер адамдар арасындағы қатынастар заттар - Сызба бойынша түсінік беріледі. ә) Мұғалімнің оқуы (оқушылар қарындашпен автор, арыстан, тышқан сөздерін бөліп отырады). б) Оқушылардың рөлдерге бөліп оқуы (бетперде киіп). в) Сөздік жұмысын жүргізу. Сейіл құру – қыдыру, бойын жазу. Зиян – залал, зақым Азат қыл – еркіндікке жібер, босат. г) Мақалдарды оқып, ішінен мысалдың мазмұнына сәйкес келетін мақалды тауып алу. д) Дәптермен жұмыс. Мақалды дәптерлеріне жаздыру. е) Мысалды оқи отырып, әр шумаққа сурет салу. 1 - қатар – 1, 2 шумаққа; 2 - қатар – 3, 4, 5 шумаққа; 3 - қатар – 6, 7 шумаққа. Салынған суреттерді байланыстырып, мәтіннің мазмұнын баяндау. Салынған суреттерді талдау. Қорытындылау. - Мысалдағы оқиға нелер арасында болған? - Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды? - Тышқан арыстанға берген уәдесін қалай орындады? IV. Бекіту - Балалар, бүгін біз кімнің шығармасымен таныстық? - Мәтін ұнады ма? - Мәтін шығарманың қай түріне жатады? - Адамдар қатты қысылған уақытта қандай көмек беру керек? - Осы мысалдан қандай сабақ алдыңдар? Түйін Үлкен сабақ түйгеніміз мысалдан – Нағыз дұшпан артық жаман досыңнан. Тығырыққа тірелер күн туғанда Арыстан да көмек сұрар тышқаннан! V. Үйге тапсырма. «Арыстан мен тышқан». Мәнерлеп оқу, мазмұндау VI. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Араша. Қастек Баянбаев
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың өлеңді жүргізіп, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру. Ондағы негізгі ойды анықтау, түсіну, кейіпкерлердің әрекетіне баға беру, өз ойы мен пікірін еркін баяндап беру машығын қалыптастыру. Диалог жайлы білімдерін кеңейте түсу.
2) Әлсіздерге әлімжеттік жасамау, қайрымды, қамқор болуға, мейірімділікке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
3) Сөздік қорын байытып, тілін, логикалық жүйелі ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, топтау, өз бетінше жұмыс, ізденіс әдісі, оқулықпен жұмыс, жазба жұмысы.
Көрнекілік: слайд (жануарлардың суреттері, карточка, кесте
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
Сабақтың барысы
І. Алғашқы ұйымдастыру
Оқушыларды, оқу құралдарын түгендеп алу.
- Балалар, бүгін бізде ашық сабақ. Сендерге қонақтар келіп отыр, сондықтан олармен амандасып, мына ұранды жаттап алып айтайық.
Әрбір адам: Туысым, досым, жұрағатым.
Әрбір сабақ: Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің: Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің: Шындық, бірлік, адалдық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Арыстан мен тышқан. Жақсы шығарманы мадақтап, кем қателік болып жатса түзету.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Ой қозғау. Ребус шешу. (Ара суреті (құрал), шана суреті көрсетіледі)
шешуі: АРАША
- Араша сөзін қалай түсінесіңдер? - деп оқушылардың ойын тыңдау. Оған мағынасы жуық сөз табу. Қамқор, көмек
2. Өтілетін сабақтың тақырыбын ашқан соң авторға қысқаша тоқталу.
Қастек Баянбаев 1936 жылы 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971 - 1995 жылдары «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған.
3. Өлеңді оқып беру.
4. Сөздік жұмыс: бүлік төбелес, көркем сөздер: бөрткендей дәндей, жайын ауыз, жуан төс, томар мойын, тұман көз, құрақ мойын, қыл құйрық, шын жүйрік, ұзын сирақ сары бала, Маубас,
5. Оқушылар тізбектей оқиды.
6. «Сәйкестендір» ойыны Шарты: Тақтадағы қима қағаздағы сөздердің қай жануарларға қатысты екенін тауып, суретінің тұсына қою.
Шыбын: бөрткен дәндей әлсіз жәндік
Торғай: кәдімгі ашулы бейшара
Мысық: мұртын талдап тараған, үстін сәндеп жалаған, шапшаң әрі епті, маубас
Төбет (ит): жайын ауыз, жуан төс, томар мойын, тұман көз, ашу қысқан арландай
Құнан (ат): құрақ мойын, қыл құйрық, шын жүйрік, жымиған қос құлағы
7. Сергіту сәті
Торғай, торғай, торғайсың, таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал, сонда аязға тоңбайсың.
Бар менің мысығым, көрсең оның пысығын.
Қақпалақтап ойнайды, ол әжемнің ұршығын.
Секіріп өт ордан да, секіріп өт жолдан да.
Күшік қуса жетпессің, машина басып кетпесін!
Атқа ерін саламын, секіріп мініп аламын.
Жүйрік желдей шабамын, бәйгеден мен озамын!
8. Қосымша материал. «Артық болмас білгенін»
- Ал енді, балалар, осы жануарлар қанша жыл өмір сүретінін білесің бе?
Шыбын үш апта, мысық пен ит 15 - 20 жыл, жылқы 30 жыл өмір сүреді. Ал кәдімгі торғай тіршілік ету жағдайына байланысты 2 - 3жыл қала ауыл ішінде, ал жабайы жағдайда 10 жыл өмір сүреді екен.
9. - Өлеңдегі кейіпкерлердің адамға қандай пайдасы бар?- деп оқушылардың ойын тыңдап, қорытынды шығару
10. Диалог туралы анықтаманы жазып алу
11. Өлеңді рөлге бөліп оқу.
ІV. Қорытынды..
12 Сабақты бекіту сұрақтарға жауап береді.
1. Өлең неліктен «Араша» деп аталған?
2. Мәтіндегі басты кейіпкерлерді ата
3. Ақты төгіп шашқан кім? Аққа қатысты тыйымдар айт
4. Төбетке қатысты сөз тіркестерін есіңе түсір
5. Кер құнанға қатысты көркем сөздерді ата
6. Диалог дегеніміз не?
Сабақты өлеңнің негізгі ойын ашатын мақал мәтелмен қорыту:
1. Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.
2. Ашу шабыстырады, ақыл табыстырады.
V. Үйге тапсырма.
1. Өлеңді қара сөзбен мазмұндау.
2. Өлең мазмұны бойынша сурет салып, кішкентай буклет жасау.
VІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, отырған оқушыларды мадақтау.
Барлығын бағалау
Сабақтың тақырыбы: Адам қорыған көл
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың өлеңді жүргізіп, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру. Ондағы негізгі ойды анықтау, түсіну, кейіпкерлердің әрекетіне баға беру, өз ойы мен пікірін еркін баяндап беру машығын қалыптастыру.
2) Әлсіздерге әлімжеттік жасамау, қайрымды, қамқор болуға, мейірімділікке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
3) Сөздік қорын байытып, тілін, логикалық жүйелі ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, топтау, өз бетінше жұмыс, ізденіс әдісі, оқулықпен жұмыс, жазба жұмысы.
Көрнекілік: слайд (жануарлардың суреттері, карточка, кесте
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
Сабақтың барысы
І. Алғашқы ұйымдастыру
Оқушыларды, оқу құралдарын түгендеп алу.
- Балалар, бүгін бізде ашық сабақ. Сендерге қонақтар келіп отыр, сондықтан олармен амандасып, мына ұранды жаттап алып айтайық.
Әрбір адам: Туысым, досым, жұрағатым.
Әрбір сабақ: Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің: Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің: Шындық, бірлік, адалдық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Адам қорыған көл Түсіндіріп оқып беру
Тізбектеп оқыту
Сөздікпен жұмыс а) қиян-алыс ә)көңілім көншімейді б) індет –жұпалы ауру в)мұңлық-қайғы
Сұрақ-жауап Бұл шығарма неліктен қазіргі заман ертегісі деп аталады?
Шығарманың ертегіге ұқсайтын жері барма?
Жазушының негізгі ойы не? Проблемалық жағдаят: Кейс-Стади әдісін пайдалану
Арайлым көлін қалпына келтіру үшін не істеуге болады?
Адам баласының табиғатқа,Отанға келтірер
пайдасы
зияны
+
+
+
-
-
-
Қорытынды: Мен не үйрендім? Не білдім? Не үйрендім?
Ұсыныс хат
Бағалау
Үйге тапсырма: Оқып түсінік айту. Қазақстандағы қорғауға алынған (қорықтар) жерлер туралы жазып келу
Заказ
Детали заказа
№ заявки #302
Добавлено 21.10.2015
Способ оплаты Банковский перевод
Платёжный адрес
Мөлдір Сұлтамұратова
Қордай ауданы Жамбыл ауылы №26 Жамбыл ат
Жамбыл облысы Қордай ауданы Жамбыл ауылы Қалғұты Новая көш.№2/2
Қордай ауданы
Жамбылская область
Казахстан
ИНН 891210300911
АО «Казкоммерцбанк» Кызылординский филиал
ИИК KZ9392607014PC026004
БИК KZKOKZKX
КБЕ 19
КНП 861
НЕ ЗАБУДЬТЕ СОХРАНИТЬ ЧЕК ОБ ОПЛАТЕ И ОТПРАВИТЬ НАМ ФОТОГРАФИЮ ЧЕКА ИЛИ СКАНИРОВАННЫЙ ЧЕК
Заказ не будет обработан, пока деньги не поступят на наш расчетный счёт.