№
|
Тақырыптар
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
|
І тоқсан 32 сағат
|
|
|
1
|
Қасым Аманжолов. Туған жер
|
1
|
|
2
|
Мұқағали Мақатаев. Сүйемін, өскен Отаным
|
1
|
|
3
|
Кеңес Оразбекұлы. Елтаңба мен Ту туралы жыр
|
1
|
|
4
|
Қайрат Жұмағалиев. Туған өлкем
|
1
|
|
5
|
Қали Сапарбаев. Туған жердің ыстығы- ай
|
1
|
|
6
|
Халық ауыз әдебиеті үлгілері
Шешендік сөздер: Төле бидің төрелігі. Халқыңа адал бол
|
1
|
|
7
|
Малайсары мен Сырым батыр
|
1
|
|
8
|
Қазыбек бидің шешендігі
|
1
|
|
9
|
Шешендік нақыл сөздер: Қайтып кірер есікті қатты жаппа. Қонақжайлық белгісі
|
1
|
|
10
|
Айтыс. Ақындар айтысы: Шөже мен Орынбайдың айтысы
|
1
|
|
11
|
Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтысы
|
1
|
|
12
|
Батырлар жыры. Жекпе-жек («Ер Тарғын» жырынан үзінді)
|
1
|
|
13
|
Жолбарыспен айқас («Қамбар батыр» жырынан үзінді)
|
1
|
|
14
|
Тайбурылдың шабысы («Қобыланды батыр» жырынан үзінді)
|
1
|
|
15
|
Тортайдың мұңы («Алпамыс батыр» жырынан үзінді)
|
1
|
|
16
|
Батыр бала мен Шұбар ат («Бөген батыр» жырынан үзінді)
|
1
|
|
17
|
Ертегілер: Сатқын жапалақ
|
1
|
|
18
|
Бес ешкі
|
1
|
|
19
|
Аңыздар: Қорқыт
|
1
|
|
20
|
Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай
|
1
|
|
21
|
Сөздік жұмбақтар. Логогрифтер. Метаграмма. Шарада
|
1
|
|
22
|
Мазмұндама
|
1
|
|
23
|
Менің үйренгенім
|
1
|
|
|
АСЫЛ АРНАЛАР
|
|
|
24
|
Әдеби ертегілер: Ыбырай Алтынсарин. Қарабатыр.
|
1
|
|
25
|
Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана
|
1
|
|
26
|
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
|
1
|
|
27
|
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
|
1
|
|
28
|
Мысалдар. Ахмет Байтүрсынүлы. Аққу, Шортан һәм Шаян
|
1
|
|
29
|
Оспанхан Әубәкіров. Ара мен Шыбын
|
1
|
|
30
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров. Арыстан мен Тышқан
|
1
|
|
31
|
Қастек Баянбаев. Араша
|
1
|
|
32
|
Адырбек Сопыбеков. Сапар мен Парта
|
1
|
|
33
|
Сейітқұл Оспанов. Шыбын мен Көбелек
|
1
|
|
34
|
Нұрдәулет Ақышев. Адам қорыған көл (Қазіргі заман ертегісі)
|
1
|
|
35
|
Нұрдәулет Ақышев. Адам қорыған көл (Қазіргі заман ертегісі)
|
1
|
|
36
|
Шығарма .Менің үйренгенім
|
1
|
|
Тақырыбы: М.Мақатаев Сүйемін, өскен Отаным
Мақсаты: Оқушыны Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету;
Өлеңнің өзекті түйінін, ойын ашуға жағдай жасау,ой-өрісін дамыту
Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту;
Күтілетін нәтиже: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істейді, байланыстырып сөйлеу, шығармашылық ойлауы дамиды.
Әдісі: Оқулық, әдістемелік құрал, дәптер, топтасу, стикер,суреттермен жұмыс
Түрі: аралас
Көрнекілігі: суреттер, дидактикалық материалдар
Сабақтың Барысы: 1.Ұйымдастыру
І.Жүректен жүрекке. (Сәттілік тілеу) Топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасы
Қ.Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін жатқа сұрау
Жабық сұрақтар қою
- Ақынның көңіл күйі, туған жерге деген ризашылық сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген?
- Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой-пікірін аңғаруға болады?
- Лирика дегеніміз не?
- Өзіңнің туған жерге деген ықыласың қандай?
Жаңа сабаққа даярлық.
«Менің елім, Отаным» дегенде сенің көңіл күйің қандай? Сен не сезінесің? Қандай Отан, туған жер туралы өлеңдер білесіңдер? Есіңе түсір. ( «Отан туралы» М.Мақатаев, «Туған өлкем» Ө. Тұрманжанов, «Үш бақытым» М.Мақатаев, С. Мәуленов, «Отан» Ж.Смақов, ...)
3. Қызығушылықты ояту
- суреттер көрсету Оқушылардан не көргенін, не байқағанын сұрау. Сол арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау. Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясында (өлеңінде) шоқтығы биік аса дарынды ақын. Оның өлеңдерінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып, үйлесіп тұрады. Сондай өлеңдердің бірі – «Сүйемін, өскен Отаным».
Ой шақыру стратегиясы.
Оқушылар айтқан сөздерін тақтаға жазып отырады.
4. Мағынаны тану сатысы
Топқа оқу стратегиясы.
-өлеңді мәнерлеп оқу; -түртіп алу әдісі; -талдау жасау.
Ресурстармен жұмыс
І топ өлең мазмұны бойынша үлгі ағашқа ақынның нені сүйетінін жазады
ІІ топ ақынның өздері білетін өлеңдерін жазады
Сергіту сәті «Нөсер» 5.Ой толғаныс сатысы
Бірінші өз топтарыңа берілген тапсырмамен танысып, ойланып, жұппен ақылдасып, топта талқылайсыздар және постер жасайсыздар.
- Оқушылар топта жұмыс жасау барысында тәтті тарату. Жұмыс жасамай отырған оқушы жұмысқа белсене кіріседі.
І топ Мұқағалиға хат жазады ІІ топ Отан туралы шығарма жазады
Шығармашылық тапсырма
І топ Отан туралы мақа-мәтелдер айтады ІІ топ Ақынның өзі білетін өлеңдерін жатқа айтады
Рефлексия.
-Сабақ ұнады ма?
-Қандай тапсырма орындаған ұнады?
-қандай тапсырма орындағанда қиындық келтірді?
Бағалау.
Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.
Үйге тапсырма: Сүйемін, өскен Отаным өлеңін мәнерлеп оқимыз. Осы тақырыптар бойынша білімдеріміз де тағы да жетілдіреміз. Интернеттен, басқа әдебиеттерден қосымша материалдар іздестіреміз.(дарынды оқушылар үшін)
Тақырыбы: «Елтаңба мен Ту туралы жыр»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды жаңа тараумен таныстыру. «Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтінімен таныстыру арқылы, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйспешілін арттыру. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ынтымақтастыққа, патриоттыққа, рәміздерімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап, көрсету.
Көрнекілігі: тақта, оқулық, слайд.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Сабаққа назарларын аудыру.
Мұғалім: Психологиялық дайындық жасату.
Оқушылар: Ана тілім – бала шағым, өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
Үй тапсырмасын тексеру: «Мен не үйрендім?» тақырыбына шағын эссе жазып келу.
Жаңа сабақ
Мұғалім: Бүгін жаңа тарауды бастаймыз. Тарау – «Туған өлкем – Тұғырым» деп аталады.
Ассосация әдісі.
«Туған өлкем – Тұғырым» дегенді қалай түсінесіңдер? Көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылар: Отанымыз, Туған жеріміз, ауылымыз, өскен жеріміз, тұрып жатқан жерімізге деген сүйіспеншілігіміз. Мемлекетіміз, Елбасымыз, Рәміздеріміз.
Мұғалім: Рәміздер туралы не білесіңдер, балалар?
Оқушылар: Өз білгендерін ортаға салады.
Мұғалім: Ел рәміздері слайд арқылы көрсетіледі. Есту және көру қабілеттері арқылы сабақтың тақырыбын, мазмұнын, мақсатын ұғындыру.
Туған ел, Туған жер, Отан туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Оқушылар:
1. Туған жердей – жер болмас,
Туған елдей – ел болмас.
2. Туған жердің түні де ыстық, күні де ыстық.
3. Отан – оттан да ыстық.
4. Отан үшін отқа түссең - күймейсің,
Арың үшін алыссаң - өлмейсің....
Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен жұмыс.
«Елтаңба мен Ту туралы жыр».
Мұғалім: Мәтінді оқу ережесін сақтап оқы.
Оқушылар: Мәтінді іштей, түсініп, шапшаң оқиды.
Мұғалім: Дауыстап оқыту.
Оқушылар: Тақтаға 1 - 2 оқушы шығып дауыстап, дұрыс, мәнерлеп оқиды.
Қалғандары қолмен жүгіртіп отырады.
Мұғалім: Мәтінді талдау. Түсінік сұрау.
Оқушылар: түсініктерін айтады.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Мұғалім: Тапсырма 2: Мәтінге сүйеніп, мақалдармен нақыл сөздерді аяқтап жаз.
1. Ат ердің -....
2. Бергеннің..., бермегеннің....
3. Ел аралаған... болар.
4. Отан -... ыстық.
5.... – өлең төсегім.
Оқушылар:
1. Ат ердің - қанаты.
2. Бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан.
3. Ел аралаған сыншы болар.
4. Отан - оттан да ыстық.
5. Өз елім – өлең төсегім.
Сабақты пысықтау.
Слайдта Елтаңба мен Тудың суреттері көрсетіледі. Артына сұрақтар мен тапсырмалар жасырынған.
1. Қос пырақ қандай елдерді аралапты?
2. Қыран олардан не деп сұрайды?
3. Пырақ не деп жауап береді?
4. Мәтіндегі мақалдар не туралы айтылған?
5. Елтаңбаның авторы кім?
6. Тудың авторын ата
7. Әнұранның авторы.
Оқушылар:
1. Шығыста Амурды, батыста Дунайды, Румды аралапты.
2. Не көрдіңдер, не түйдіңдер? деп сұрайды.
3. Көргенімізді айтсақ көп сөз. Түйгенімізді айтсақ, «Әркімнің өз жері – жұмақ» екен, - депті.
4. Туған ел, туған жер туралы.
5. Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов
6. Шәкен Ниязбеков
7. Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі
Сабақты қорытындылау. Оқушылардың жауаптарын толықтыру. Өлең жолдарын слайдтан оқыту.
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
Шырқадым Әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата Заңым қабылданып
Бағалау:
Белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.
Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Бүгінгі өтілген тақырып бойынша эссе жазып келу немесе сурет салып келу
Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік «Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Дамытушылық: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, туған жер, Отан туралы өз ойларын, көзқарастарын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға елін, жерін, Отанын қорғауға, туған жерге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сурет, слайд, кесте, авторлардың портреттері.
Сабақ түрі: жаңа білімді беру сабағы.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ жауап, баяндау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды сабаққа даярлап, оқу - құралдарын реттеу.
- Ана тілі – көңіліңе гүл егер,
Ана тілі - ғұмырым деп біле бер
Өзге тілде сөйлей білу – бір өнер,
Өз тіліңде сөйлей білу – шын өнер,- деп ақындарымыз жырлағандай, ана тілі сабағын бастайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?
- М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңі жаттауға, «Отан» туралы шығарма жазып келу берілді.
-(Оқушылардың түгел дерлік сұрау және шығармаларын оқыту)
3. Үй тапсырмасын қорыту.
Топтастыру стратегиясы бойынша:
М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын қорытындылау.
9. 02. 1931ж Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылы 10 - 11 жасынан өлең жаза бастады
1948 ж ауыл орта мектебін бітірді 1976ж 27. 03 Алматы қаласында болды ұлы ақын, аудармашы Еңбектері «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Жан азасы», «Өмір өзен» «Қарлығашым келдің бе?
2008ж М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды. 2011ж оның 80жылдығы Қазақстан бойынша аталып өтілді.
4. Жаңа сабақ.
Сұлу дала!
Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Біз өткен сабақта Қазақстан, Отан туралы жырласақ, бүгін туған жеріміз туралы жырлаймыз. Қ. Жұмағалиевтің «Туған өлкем»өлеңі.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Туған өлке деген сөзді қалай түсінесіңдер? (өз ойларын сұрау). Қайрат Жұмағалиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру.Батыс Қазақстан Орда ауданы Басқұдық ауылы көрнекті қазақ ақыны«Сарыарқа» журналының редакторы Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі
«Тұңғыш»өлеңдері (1964ж) «Жанар» өлеңдері (1966ж) 16. 09. 1937ж
5. Оқулықпен жұмыс.
1) Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы. 2) Өлеңді оқи отырып, таныс емес сөздерді белгілеп отырады.
3) Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуы. 4) Сұрақтарға жауап алу 6. Сөздік жұмыс.
Кермиық - асыл, жақсы, әсем. Ықылым күн - өткен күн.
7. Дәптермен жұмыс Мына ребустарды шешкенде, туған жер туралы мақалдар оқи аласыңдар. Ребустың шешуіндегі мақалдарды дәптерлеріңе жазыңдар.
Ребус шешу ----------------------,,, н ж - 6+н
ғ,, л,,,,,,,, --------------,, б,,, ------------------------,,, н ж д 2,,,,, ж,,,,-------------------- б, м,,,,
10. Қорытынды. Шығармашылық тапсырма:
Оқушыларды топқа бөліп, тапсырма орындату.
1) Туған жер туралы өлең шығару 2) Табиғат көрінісін бейнелеу 3) Табиғат туралы мақал - мәтел, тыйым сөз жазу.
9. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.
Бағалау..
«Ұлыма арнау»
Дұрыс сөйле, шала қазақ атанба,
Өз тілінде кеткен сөйлеп атаң да.
Қадірлей біл тілің менен дініңді
Саған берер, менің осы батам да.
Өзге ұлттан кем санама өзіңді
Қай кезде бол шыдамды, төзімді
Жүрсең дағы қай қиырда, қай жерде.
Сақта есіңде, менің осы сөзімді.
Қадірлесең жерді мынау киелі
Оның саған шарапаты тиеді,
Ел, жер үшін Қабанбайдай қанаттан,
Сонда ғана халық сені сүйеді.
Сабақтың тақырыбы: Туған жердің ыстығы-ай ! Қали Сапарбаев
Сабақтың мақсаты
Білімділік Оқушыларды аңгімені түсініп оқуға,мазмұны мен идеясын түсіне білуге үйрету.
Дамытушылық. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулып, шығармашылық қабілетін сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік. Туған жерін сүюге, оның қадір қасиетін білуге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер:Жеке жұмыс,топтық жұмыс,оқытудың әдістері,бағалау,тақырыпты ашу,топқа берілген тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі:Тақырыпқы байланысты топтық,жеке жұмыс тапсырмалары,топқа бөлу карточкалары
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар әңгімені жан-жақты түсінеді,шығармашылықпен,ұжымдаса жұмыс істейді,өз ойларын ашық,еркін айтады,түйінді ой айта алады.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару
2.Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)
«Туған өлкем» Қ.Жұмағалиев
1.Оқушылар өлеңнің әр шумағын мәнерлеп оқиды.
2.Оқыған шумақтарын қара сөзге айналдырып түсіндіреді.
3.Сұрақтарға жауап береді.
- Өлеңнің негізгі идеясы неде ?
- Ақын өлеңде туған өлкенің қандай байлықтарын мақтаныш етеді? (3мин)
3.Оқушыларды топтарға бөлу
-Балалар,біздің жеріміздің басты байлығы не?
-Қандай балықтар бар?
Оқушыларға қайық суреті бар карточкаларды тарату.
Интерактивті тақта арқылы қайықтар суретін аша отырып,келесі бетіндегі балықтар арқылы топқа бөлу
болып бөлініп,әрқайсысы өз тобына жайғасады.
Жаңа сабақ
Тақырыпты ашу (3мин)
« Қарлығаштың сезімін берсе бізге... »
(Интерактивті тақтада қарлығаш қанатын қағып тұрады,музыка ойнап тұрады Екі оқушы 2 шумақтан 4шумақ өлең оқиды.)
Дәптермен жұмыс (2мин)
Жаңа тақырып: Туған жердің ыстығы-ай (Қали Сапарбаев)
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді түгел оқып шығу
А) жұпта талқылау
Ә) топта талқылау (9мин)
2.Топтармен жұмыс (8мин)
1-топ. Баяндаушы –мазмұнын баяндайды.
2-топ. Із қуушы – кейіпкерлер не істеді? Сұрағына жауап жазу
3-топ. Ізденуші –нақыл сөздер мен ерекше әсер еткен жерін табу
4-топ. Сипаттаушы –кейіпкерге мінездеме береді
5-топ. Бейнелеуші –оқиға бойынша сурет салу
6-топ. Жазушы –барлық топтың жұмысын қорыту
Сергіту сәті (2мин)
« Туған жер » өлеңінің бір шумағын қимылымен орындайды.
Жеке оқушымен жұмыс (3мин)
Интерактивті тақта бойынша жасырын сөздерді өзі таңдайды.
1.Түйе туралы не білесің?
2.Бота анасына неліктен ермеді деп ойлайсың?
3.Түйе мен бота судан өтіп,бір-бірімен қалай табысты?
Сабақты қорыту /Кері байланыс/ (2мин)
-Бүгінгі сабақтан не ой түйдің? (Әр топ бір-бір сөйлем арқылы түйіндейді)
Үйге тапсырма: (2мин)
1.Мақалда да мән бар.
1.Туған елдей ел болмас,. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.Кісі елінде сұлтан болғанша, . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. « Туған жердің ыстығы-ай » (тақырыпты оқып,мазмұндау)
3. « Туған жер » тақырыбында 2-3 шумақ өлең шығару
Бағалау (2мин)
Оқушыларды жинаған смайликтері арқылы бағалау
Тақырыбы: Сырым мен Малайсары.
Мақсаты: Шешендік сөздерді оқи отырып, сөздің қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелерді шешудегі ролін таныту; Сырымның іс-әрекетін талдай отырып, перзенттік парызды сезіну; Шешендік жұмбақтар мен шешендік келісімдерді оқи отырып, сөзді пайымдау, тапқырлық қасиеттерге баулу;
Түрі: Жаңа білімді игерте сабағы
Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу
Пәнаралық байланыс: Тарих
Көрнекілік: Сырым шешеннің суреті, кітаптар көрмесі
Барысы: Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
Шешендік өнердің қазақ халқының тарихындағы орны қандай?
Заң
Тәртіп
Ел бірлігі
Әділеттік
Тәрбие
Тапқырлық
Салт-дәстүр
Қызығушылықты ояту
Ой қозғау
Қандай би-шешендерді білесіңдер?
Сырымды кім деп танисыңдар?
Шешен
Тапқыр Сырым би
Батыр
Сырым мен Малайсары
Композициялық талдау
Оқиға қалай басталды?
Оқиға қалай дамыды?
Оқиға қалай шешімін тапты?
І топ
Сырымның Малайсарыдан бата сұрай келуі
Малайсарының бітпеген ісі
Сырымның тапсырманы орындауы
Малайсарының риза боп, бата беруі
Қорытындылау
Үй тапсырмасы
Сырым мен Малайсары
Сырымға мінездеме
Достарыңызбен бөлісу: |