Мақсаты: Тіл мәдениетіне қойылатын талаптарды таныта отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Шығармадағы негізгі ойларды анықтата отырып, таным-түсінігін, өзіндік көзқарасын қалыптастыру;
Ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу;
Сабақтың түрі: Тіл ұстарту
Сабақтың әдісі:
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
І. Қызығушылықты ояту
Ойлан, жұптас, пікір алыс
Тіл мәдениетіне қандай талаптар қойылады деп ойлайсыңдар? (Өздері жазады, жұпта талқылайды)
Ойын жүйелі жеткізу;
Сауатты сөйлеу;
Әдеби көркем тілде сөйлеу;
Сөзді орнымен қолдану;
Дәлелді сөйлеу;
Оқулықтан Тіл мәдениеті тақырыбын оқып, өз ойларымен салыстыру
ІІ. Мағынаны тану
Болжау стратегиясы (Мәтінмен жұмыс)
Абайдың әңгімесі
- Ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?
- Қараны қалай асыл дейсіз?
- Әбіштің жауабы қандай болады деп ойлайсыз?
ІІІ. Ой толғаныс
Талқылау кестесі
Тапсырма
|
Мысал
|
Мәтіндегі негізгі ой
|
|
Ой жүйелілігі
|
|
Ой көркемдігі
|
|
Үй тапсырмасы: «Жақсы деген немене,
Жаман деген немене» (ойтолғау)
Тақырыбы: Малайсары мен Сырым батыр.
Мақсаты:
Шешен Малайсары мен Сырым батырдың тапқырлығымен, екшелігімен таныстыра отырып, оқушыны тапқырлыққа, шешендікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу;
сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру;
сөздік қорын дамыту.
Ұстанымдары: жүйелілік, тілдік сезімді, шешенділікті дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: іздену, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Балалар, сендерге қандай үзінді ұнады? Кім жатқа айтар екен? Тезек төре қандай жұмбақ жасырды? Бөлтірік шешен оны қалай шешті?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен бұл жұмбақты басқаша қалай шешер едің?
ІҮ .Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Батаны не үшін береді деп ойлайсың? Егер саған бата бер десе қалай бата берер едің? Ойланып көрдің бе?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Мәтінді өздігінен оқытып, әңгімелеу. 2. Малайсарының Сырымға берген батасын тауып оқы. Қалай ойлайсың неге жасың жетпіске жетпесін деп айтты? Малайсарының көрген қиындықтарын тауып оқы.
Сырым мен Малайсары
Композициялық талдау
1. Оқиға қалай басталды?
2. Оқиға қалай дамыды?
3. Оқиға қалай шешімін тапты?
І топ
Сырымның Малайсарыдан бата сұрай келуі
Малайсарының бітпеген ісі
Сырымның тапсырманы орындауы
Малайсарының риза боп, бата беруі
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Сырым Малайсарыға не сыйлады? (кілем жабылған қара нар) Малайсарының Сырымға айтқан шешендік сөздерінен не түсіндің? Өз сөзіңмен айт. Сырым Малайсарыға неге ренжіді? Малайсарының қиындықтарын сен қалай түсіндің? Дәптеріңе жазып ал. (жастық кездегідей шауып жүре алмайды, бірдеңе дұрыс болмаса үйдегілермен сөзге де келіп қалу, сөз талас та болуы, жалғыздықтың келуі, өзі еңбектенбегеннен кейін кісі қолына қарау, қартайған соң аурудыңда көбеюі ...)
ҮІІ. Қорыту: Сен досыңа қандай бата – тілек айтар едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу, бата жазып келу.Бағалау.
Тақырыбы: Қазбек бидің шешендігі.
Мақсаты:
Шешен Қазбек бидің тапқырлығымен, екшелігімен таныстыра отырып, оқушыны тапқырлыққа, шешендікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу;
сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру;
сөздік қорын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: кітап,суреті, сызба, кесте.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. . Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау. Сырым Малайсарыға не сыйлады? (кілем жабылған қара нар) Малайсарының Сырымға айтқан шешендік сөздерінен не түсіндің? Өз сөзіңмен айт. Сырым Малайсарыға неге ренжіді? Малайсарының қиындықтарын сен қалай түсіндің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен досыңа қандай бата – тілек айтар едің?
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе: Қазбек бидің қандай өсиетін 3 класта оқыдық? Мәтінді түсініп , іштей, жалғастырып, рөлмен оқу; шешендік сөздерге көңіл бөлу. Қазбек бидің сұрақтарына берілген жауапты тауып оқы.
Сөздік жұмыс: Кемеңгер кісі – дана, данышпан адам.
Несие – бұл жерде: берген тәрбиенің жемісі.
Жанары таю – көзі нашар көру.
Ү.Жаңа сабақты пысықтау:
1. Төле би Қазбектен не сұрады? Қазбек бидің алыс, жақын, тәтті деп жұмбақтап сұрағаны нелер екен? Қазбек бидің сөзге шешен, тапқыр екенін жұмбақтап сұраған қай сөздерінен байқауға болады?(Әкеме жете туған баласы болармын. ... Төле биге қойған сұрағынан оның тапқырлығын, шешендігін білуге болады.)
ҮІ. Қорыту:
Кестемен жұмыс: зер сал, өз ойыңды тұжырымда. Төле бидің Қазбекке қайырған жауабының мәнін кестегесүйеніп жаз.
Сұрақтары
Жауаптары
Мәні
Қазбек
Төле би
Алысыңыз қандай? Алысым жақын. Жақыннан көру
Тәттіңіз қандай? Тәттім сирек. Ұйқысының сирегені
Несиеңіз қандай? Несием өсіп жатыр. Балаларының күтімі
ҮІІ.Үйге тапсырма: . Бағалау.
Тақырыбы: Ақындар айтысы. Шөже мен Орынбай.
Мақсаты:
Халық ауыз әдебиетінің бір түрі айтыс дегеннің не екендігі, ақындардың арасындағы сөз жарысы жайлы, айтыстың бірнеше түрлері болатындығы жөнінде айта отырып, мәнерлеп түсініп оқуға, ойын қорытып, түсінгенін еркін жеткізуге үйрету;
Дұрыс сөйлем құра отырып, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру;
Өнер, білімнің қажеттілігін айта отырып, білімділікке, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Өткенді пысықтау: Сен бұл дауды қалай шешер едің? Сеніңше бұлардың қайсысы дұрыс айтып отыр? Неге?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен, міндеттерін түсіндіру. Айтыс дегеніміз не екен?
. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Айтыс дегеніміз екі ақынның арасындағы сөз жарысы. Айтыстың бірнеше түрі болады.
1. Кіріспе. Айтыстың қандай түрлері бар екенін білесің бе?
Айтыс
Жан –жануарлар айтысы
Қыз бен жігіт айтысы
Жұмбақ айтыс
Тұрмыс – салт айтысы
Ү. Жаңа сабақ: 1. Шөже атығай – қарауыл елін аралап жүргенде, жұрт айтыстыру үшін Орынбай ақынды Шөженің үстіне алып кіреді. Екі көзі бірдей су қараңғы Шөже Орынбайдың келгенін сезіп, сөз бастапты... 2. Кітаппен жүмыс: айтысты іштен, рөлмен, жалғастырып оқу. Әр шумақта не жайлы айтылғанын талдау.
ҮІІ. Білімдерін тексеру: 1. Шөже мен Орынбайдың арасындағы айтыс айтыстың қай түріне жатады? Бұл айтыста кім жеңді деп ойлайсың? Шөже Орынбайдан бір көзіңді бер деп неліктен сұрады? Шөже қандай мақал айтты? 2. Сергіту сәті.
ҮІІ. Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Айтыста сөзден ұстап, тапқырлық танытқан кім? (Шөже). Бұл адамдарды кімдер деп айтуға болады?(шешендер). Шөже өздерін біз кімбіз деді? (мен сезімтал, сен көреген). Саған бұл айтыс ұнады ма?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Түсініп оқу, мазмұнын білу. 2.Бағалау
Тақырыбы: Жұмбақ айтыс. Сапарғали мен Нұржанның айтысы
Мақсаты:
Халық ауыз әдебиетінің бір түрі жұмбақ айтыс туралы айта отырып, мәнерлеп түсініп оқуға, ойын қорытып, түсінгенін еркін жеткізуге үйрету;
Дұрыс сөйлем құра отырып, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру;
Өнер, білімнің қажеттілігін айта отырып, білімділікке, тапқырлылыққа, сөздің түбіне жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.
Көрнекілігі: оқулық, сызба, мақал- мәтелдер.
Күтілетін нәтиже: Өнерлі, білімді, тапқыр, мәнерлеп оқу дағдысы дамыған тұлға.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудар Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау: . Шөже мен Орынбайдың арасындағы айтыс айтыстың қай түріне жатады? Бұл айтыста кім жеңді деп ойлайсың? Шөже Орынбайдан бір көзіңді бер деп неліктен сұрады? Шөже қандай мақал айтты?
ІІІ. Өткенді қорыту: Айтыста сөзден ұстап, тапқырлық танытқан кім? Бұл адамдарды кімдер деп айтуға болады? Шөже өздерін біз кімбіз деді? Саған бұл айтыс ұнады ма?
Сонымен айтыстың қандай түрлерімен таныстық? (жан – жануарлар айтысы, ақындар айтысы). Бүгінгі сабақта сол айтыстың бір түрі «Жұмбақ» айтысымен танысамыз.
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кітаппен жұмыс: айтысты іштен, рөлмен, жалғастырып оқу. Әр шумақта не жайлы айтылғанын талдау.
2. Сөздік жұмыс: Несібе – сыбаға, ризық, үлес. Болсын тамам – бітсін, аяқталсын.
Сапарғали мен Нұржанның айтысы айтыстың қай түріне жатады? (жұмбақ айтысқа). 3. Сергіту сәті:
ҮІ. Жаңа сабақты қорыту: 1. Жұмбақ айтысының дәстүрлі (жай) жұмбақ айтып, шешуден қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар ма ? (ақындар арасындағы бір – біріне сөз жарыстыру арқылы жұмбақтауы). 2. Сапарғалидың бірінші жұмбағының шешуін тауып, дәптеріңе жаз.
Жұмбақ
|
Бұл не?
|
Жансыз бір аяқ
|
Қалам
|
Теңіз
|
Қағаз
|
Сайрап жатқан жол
|
Жазу
|
ҮІІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік?
Сапарғалидың екінші жұмбағының шешуінің суретін сал.
Әйнегі, есігі жоқ бір үй бар. Ішінде несібі бар. Жанды, жансыз болады.
|
(жұмыртқа, құс)
|
ІХ . Үйге тапсырма:. Түсініп оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Жекпе-жек Ер Тарғын жырынан.
Мақсаты: балаларды көркем сөздің шынайы үлгісімен таныстыру мақсатында қазақтың асыл мұрасы – халық ауыз әдебиеті үлгілері жайлы анықтама беріп, әдебиет теориясынан қарапайым түсініктер беру; Халық ауыз әдебиетінің бір түрі батырлар жырымен таныстыра отырып, өзінше жазылу ережелері болатындығы жайлы, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелей отырып, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау; балалардың өзіндік жұмыс істеуіне, өмірімен байланыстыра отырып білімге деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, тілдік сезімді дамыту, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ . Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ Кіріспе:
1. Ана тілі оқулығымен, жазған, құрастырған адамдар жайлы, шығарған баспамен таныстыру. Кітапты күтіп ұстау, оған көп адамның еңбек еткені, кісі еңбегін сыйлау керектігін, өзінен кейін тағы кіші достары ұстайтынын ескерте кету.
2. Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады. Сендер бұл бөлімде ертегілерден бастап ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен танысасыңдар. Ауыз әдебиетінің түрлері көп, олардың ерекшелігіде әр түрлі.
Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жататынын білесіңдер ме?
ертегі
аңыз
Халық ауыз
әдебиеті
Батырлар жыры
айтыс
Бесік жыры
жаңылтпаш
Батырлар жыры - еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғап қалған ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі. Оларды жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.
4. оқулықпен жұмыс.Жырды түсініп, іштей ,тізбектей, жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұм-с
сөздік жұмыс жүргізу «Пәрмен – бұл жерде: көмек.
Тобасы – бұл жерде: тілегі.
Көңіліне қайғы бітеді – қатты қамықты, түңілді.»
ІҮ. Түсінгендерін тексеру:
сұрақ – жауап: «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың?
талдау: Осы үзіндіні мазмұны жағынан неше бөлікке бөлер едің?
(Жаудың келуі, Ұрысқа шақыру, Жекпе – жек.)
Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?
Шығармашылық жұмыс: Өлең жолдарын жырға қарап толықтырып жаз.
Толықсып келген қалмақты, Толғап Тарғын салады.
Домбауыл барып құлады, Туы қолдан сұлады.
Ү. Қорыту: 1. Ер Тарғынды және Домбауылды суреттейтін жолдарды тауып оқы. Екеуін салыстырып айт.2. Кітаптағы суретке қарап осы оқыған жырмен байланысы бар деп ойлайсың ба?
ҮІ. Үйге тапсырма: жырды түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.
Тақырыбы: Жолбарыспен айқас. (Қамбар батыр. жырдан үзінді)
Мақсаты:
Халық ауыз әдебиетіндегі Қамбар батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу;
оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу;
іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу; берілген тапсырманы тез, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу.
Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.
Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тұжырымдау, тиянақтау сезімін дамыту.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың? Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Осы «Ер Тарғын» жырынан өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Бүгінгі сабақтан қазақтың қас батыры аты аңызға айналған Қамбар батыр туралы білеміз. Кітаптағы суретке қарап не айтар едіңдер?
Оқулықпен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.
Кітаптағы суреттің осы оқыған жырмен байланысы бар ма? Қандай?
Сөздік жұмыс: мына сөздерді қалай түсінесің?
Мазар – зират, мола.
Пешене – бақ, маңдай, тағдыр.
Шері – жолбарыс
Даусы жерді көшірді – даусы айналаны жаңғыртты.
Ү.Жаңа сабақты пысықтау: 1. Сұрақ – жауап:
Қамбар батыр нені айтып уайымдады? Батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көретінін оның қай сөзінен аңғаруға болады? Қамбар сияқты тағы қандай батырларды білесің?
Үзіндіден жолбарыстың тұлпарға шабуыл жасаған кезіндегі кейпін суреттеген жолдардан теңеулерді тап,
Түгінің бәрін жатқызып, Құлағын жымып жапырды.
Көріктей ашып ауызын, Ырылдап жаман ақырды.
Даусы жерді көшіріп, Нар маядай бақырды.
Бүркіттей жазып тырнағын, Тұлпарға барып асылды.
Әсірелеу – бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп, үлкейтіп айту дегенді білдіреді.
Қара қасқа аттың сыртқы түр – тұлғасы сипатталатын тұсын жырдан тауып оқы. Бұл жерде қандай көркем сөздер қолданылған?
(Мойның алтын табақтай,
Қамыстай екі құлағың. Төрт аяғың қазықтай,
Төңкерген кесе – тұяғың. Сұлулығың сүмбідей,
Жылқыға бітпес жануар, Сымбатың мен сияғың.)
ҮІ. Қорыту: 1. Жырдағы көркем сөздерді, әсірелеп айтылған сөздерді тауып, сызбаны толтыр.
Қара қасқа ат
|
әсірелеу
|
мойны
|
алтын табақтай
|
құлағы
|
қамыстай
|
Төрт аяғы
|
қазықтай
|
тұяғы
|
төңкерген кеседей
|
сұлулығы
|
сүмбідей
|
2.
ҮІІ.Үйге тапсырма: оқу, түсінігін айту, суретін салу.
Тақырыбы: Тайбурылдың шабысы ( «Қобыланды батыр» жырынан үзінді)
Мақсаты:
Халық ауыз әдебиетіндегі Қобыланды батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға, үзіндідегі тілдің көркемдігі жөніндегі әсірелеу сөздерін тауып, тез түсініп, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу;
оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу;
іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу;
Күтілетін нәтиже: Намысты, патриотты тұлға
Сабақтың түрі : аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: кітаптағы суреттер, кесте, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Қамбар батыр нені айтып уайымдады? Батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көретінін оның қай сөзінен аңғаруға болады? Қамбар сияқты тағы қандай батырларды білесің?
ІІІ. Өткенді қорыту. Оқушы өзінің салған суреттері бойынша әңгімелеп беруі. Әсірелеу дегеніміз сонымен не болды? Сен қалай түсінесің?
ІY. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық Батырлық жайында қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Ү Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Балалар біз соңғы кезде қандай батырлар жайлы білдік? Олар кімдер? Олардың тұлпарлары қалай аталады?
Міне, балалар, бүгін біз Қобыланды батырдың тұлпары Тайбурыл жайлы білеміз.
Қобыланды батыр жырынан үзінді оқып, балалардың үйден оқығандары болса әңгімелетіп жіберуге болады. (кітаптан)
Батырлар жырлары әдебиетте эпикалық жырлар деп аталады.
Кітаппен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.
Сөздік жұмыс: қосын – әскер.
Сергіту сәті.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. Сұрақ – жауап: Жырда не сипатталады? Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?
2. талдау: Жырдан Тайбурылдың шабысын әсірелеп (күшейтіп) сипаттаған жерді тауып оқы. (Сонда бурыл гуледі...)
3. Көлге, тауға қатысты сипаттау сөздерді жырдан тауып, сызбаны дәптеріңе толықтырып жаз.
(қазды көл, қулы көл, желді көл.шалқар көл, қызды көл); (барлы тау, қарлы тау, Қаратау, Алатау)
ҮІІ. Қорыту: Батырлық жырларда қандай ұқсастық бар?
«Қамбар батыр» жырынан
|
«Қобыланды батыр» жырынан
|
Өлең сазы
Ырғағы
Көркем сөз
Әсірелеу
Теңеу....
|
|
ҮІІІ Үйге тапсырма: суретін салу, оқу, әңгімелеу.
Тақырыбы: Алпамыс батыр ( жырдан үзінді)
Мақсаты:
Халық ауыз әдебиетіндегі Алпамыс батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға, үзіндідегі тілдің көркемдігі жөніндегі әсірелеу сөздерін тауып, тез түсініп, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу;
оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; і
здену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу;
Күтілетін нәтиже: Намысты, патриотты тұлға
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік
Көрнекілігі: суреттер, кітап
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламыз, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Жырда не сипатталады? Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Жырда қандай әсірелеу сөздерімен таныстық? Өзің салған суретің жайлы не айтар едің? Өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен, міндеттерін түсіндіру. (батырлық жайлы мақал – мәтелдер: «Сары май сасымас, батыр саспас.; Батыр жарасыз болмас. ; Батыр ортақ, ер ортақ, Күн ортақ, ай ортақ. ; Батырдың қаһары – еліне қорған. ; Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы.»)
Ү. Жаңа сабақ:
Кітаппен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.
2. сұрақ – жауап: Алпамыс шатырға кіргенде қандай көрініске тап болды? Тортай кім? Алпамыстың сұрағына не деп жауап береді? Алпамыс болмаған жеті жыл ішінде қандай өзгеріс болыпты? Ұлтан деген кім? Ол елге қандай қорлық көрсетіпті?
ҮІ. Білімдерін тексеру: сұрақ-жауап
ҮІІ. Қорыту. Бүгін кім жайлы оқыдық? Жырдан келтірілген үзіндіні өз ойыңмен аяқтап айтып көр. Жырды «Алпамыс батыр» жырын оқып шығып, өз ойыңмен салыстырып көр.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Түсініп оқу, мазмұнын білу. 2.Бағалау
№ 5. Тақырыбы: Батыр бала Бөген мен Шұбар ат. ( жырдан үзінді)
Мақсаты: Бөген батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға, үзіндідегі тілдің көркемдігі жөніндегі әсірелеу сөздерін тауып, тез түсініп, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу;
Сабақтың түрі : аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік.
Көрнекілігі: оқулықтағы суреттер, сызба, мақал- мәтелдер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау: Алпамыс шатырға кіргенде қандай көрініске тап болды? Тортай кім? Алпамыстың сұрағына не деп жауап береді? Алпамыс болмаған жеті жыл ішінде қандай өзгеріс болыпты? Ұлтан деген кім? Ол елге қандай қорлық көрсетіпті?
ІІІ. Өткенді қорыту: Қандайбатырлармен таныстық? Олардың тұлпарларының аттары қалай аталады? Олардың қандай ұқсастығы, айырмашылығы бар деп ойлайсың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық, оқушы көңілін сабаққа аудару.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кітаппен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.
2. Шұбар ат неліктен жүргісі келмеді деп ойлайсың? (балаша аунап, шөбі қалың жерге оттап, боз балаша шапқылап жүгіргісі келді).
«Түсінде аян берді» дегенді қалай түсінесің? (түсінде көру).
3. іздену: Шұбардың сырт бейнесін суреттеу үшін қандай сөздер қолданылған? (Сауырына қарасаң, Төңкерген қара қазандай. Ту сыртына қарасаң, ... Салып қойған көпірдей)
ҮІ.Сергіту сәті.
ҮІІ. Білімдерін тексеру: 1. Жырдан өзіңе ұнаған тұсын мәнерлеп оқып бер. 2. Сызба бойынша жырдағы Шұбар атты суреттейтін әсерелеу сөздерді дәптеріңе жаз.
Шұбар ат
|
әсірелеу
|
Аяғы
|
Төрт аяғы тең жорға, Әр аяғы келідей
|
Шекесі
|
Он екі құлаш Шұбар ат
|
Сауыры
|
Төңкерген қара қазандай
|
ту сырты
|
Суда жүзген сазандай
|
Құлағы
|
Қиып қойған оюдай
|
Екі көзі
|
Парлап жанған шырақтай
|
Танауы
|
Түбі түскен шелектей
|
Бауыр еті
|
Мал жайлауы даладай
|
Омырауы
|
Салып қойған көпірдей
|
ҮІІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Осы оқыған жырлардың барлығына сай ортақ ұйқасы, ырғағы, өлеңнің сазы жайлы не айтар едің?Х . Үйге тапсырма: Шұбар аттың суретін сал, оқы, жырдан өзіңе ұнаған жерін жаттап ал. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сатқын жапалақ (ертегі)
Сабақтың мақсаты: Ертегі мазмұнын ұғынып, ой түйін шығару.
Міндеттері:- халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа, нысапшылыққа
тәрбиелеу;
- ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.
Қолданылатын модулдер: Диалогтік оқыту, Оқыту үшін бағалау, Оқудағы көшбашшылық, АКТ.
Стратегиялық іс әрекет: «Ой шақыру», «Ой қозғау», «Кезектесіп қайталау»
Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс әрекеті Оқушылардың іс әрекеті Ресурстар
3 мин КіріспеҰйымдастыру кезеңі
Топ ұстанымы Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.
Топ ұстанымын еске түсіру. Сәлемдеседі, бүгінгі сабақтағы көңіл күйлерін білдіреді. Топ ережесі
6 мин Үй тапсырмасын қайталау.
Топты ауыстыру Сұрақтар қояды
Оқушыларды түстер бойынша орындарын ауыстыру.
1 топ- қызыл 2 топ- көк 3-топ-сары 4топ- жасыл Жауап береді
Оқушылар орындарын ауыстырады. Дәптер Түсті қағаздар
2 мин Тұсаукесер
Қызығушылық ояту Видео ролик көрсету Оқушылар көңіл бөледі. Видео ролик
3 мин Ой қозғау - Видео рилик туралы не айтуға болады? Оқушылар өз ойларын айтады.
2 мин Тақырыпты ашу Тақырыпты айту, мақсатпен таныстыру Мақсатқа идея қосады.
7 мин Негізгі бөлім
Ертегі мазмұнымен танысу Тізбектей оқыту Мәнерлеп оқу Оқулық
4 мин Ой жинақтау
Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар қою. Сұрақтарға жауап беру
10 мин Топпен жұмыс Тапсырмалар ілінеді
Оқушылар топпен бірлесе отырып, тапсырманы орындайды. Флипчартқа жазылған тапсырмалар
4 мин ҚорытындыОй түйінРефлекция
Бүгінгі біз не үйрендік?
-Мен көп нәрсе үйрендім
-Мен аз нәрсе үйрендім
-Мен еш нәрсе түсінбедім
Өз ойларын білдіреді
Өз ойларын жазып флипчартқа жабсырады.
Түрлі –түсті стикерлер, флипчарт.
2 мин Үйге тапсырма Ертегіні мазмұндау, кейіпкерлерге мінездеме беру. Күнделіктеріне жазып алу Күнделік
2 мин Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» Топ басшылары келесі топта жақсы қатысқан екі сыныптасына екі жұлдыз беріп, қалғандарына тілек айтады.
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер. Бес ешкі.
Мақсаты:
1.Халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегілер жайлы түсінік беріп, түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету;
2.сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;
3.адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, сурет, сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, ертегіге зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Қорқытты қандай сауалдар көп ойландырады? (Ажал жайындағы ой қатты толғандырады, адамдар неге өледі?) Қорқыт түсінде не көрді?(ажал) Ол қандай сөзді байқаусызда айтып қалады? (Өгізшесі байлауын үзіп кеткенде. Өліп қалайын, бірақ іздеп тауып аламын.)
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қорқыттың күйін аң – құс, жел, өзен қалай тыңдайды? Өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Ертегі дегеніміз не? Қандай ертегі білесіңдер?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Ертегілер халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып есептеледі. «Ертегі» деген аты ертедегі, ерте кездегі деген сөздерден туған. Қазақ ертегілерінің бәрі әдетте «Ертеде бір бай болыпты», «Ертеде бір хан болыпты», «Ертеде бір кемпір мен шал болыпты» деп басталады.
2. Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?
Ертегілер
Шыншыл ертегілер
Қиал - ғажайып ертегілер
Жан – жануарлар туралы ертегілер
«Бес ешкі» ертегісін оқысақ, ертегінің үшінші түрін оп – оңай табамыз.
3. Ертегіні түсініп оқу.
4. Сөздік жұмыс: Аят оқы – құран оқы, Иманыңды айта бер – құдайыңа сыйына бер, Шықшыты – жақ сүйектің шығыңқы келген төменгі тұсы, Бас сауғалау – өз басын алып қашу; өз басына азаттық сұрау; Зауал – сазайын тартқызу, жазасын беру.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
1. Ертегі қалай басталады? Кедейдің далада боранда қалған малына не кез болады? Кедей малын қалай шақырады? Олар өз бастарын қорғау үшін не істегендерін қалай айтады?
2. Ұлып соққан қарлы боранда малдардың жасаған әрекеттерін тауып оқы.(ешкілері тасқа келіп ықтайды, тоқтысы көкпектің түбіне...,қамыстың арасындағы құдыққа күмп етеді...,). Қасқырдың өлейін деп жатып өкінген сөзін тап. Кедей малдарын қалай шақырғанын тауып оқы. Өзіңнің малыңды қалай шақырасың?
3. Диалогті рөлмен оқу.
ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік?
Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесің?
Суретпен жұмыс: Суреттен нені көріп тұрсың?
Ертегі саған ұнады ма? Несімен ұнады ?
Бұл ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсың?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: ертегіні оқу, әңгімелеу.
Бағалау
Тақырыбы: Аңыздар Қорқыт
Мақсаты мен міндеттері: халық ауыз әдебиеті аңыз үлгілерімен таныстыру;
1. Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2. Дамытушылық: мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: тапқырлыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: тірек - сызба
Әдіс - тәсілдер: жұптық, талдау,
Күтілетін нәтиже: халқымыздың мұрасын бағалай білетін,елін сүйетін тұлға
Сабақ барысы
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру
Ертегі қалай басталады? Кедейдің далада боранда қалған малына не кез болады? Кедей малын қалай шақырады? Олар өз бастарын қорғау үшін не істегендерін қалай айтады?
2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Бүгінгі танысатынымыз: аңыздар
Аңыз - тарихта болған адам туралы шығарма.
Бүгінгі танысатын аңызымыз: Қорқыт туралы аңыз
Өмірбаяны
Қорқыт
Тарихи тұлға, ақын және композитор, ол IX ғасырда Сырдария даласында туған. Қобызды жасаушы, аңызшы, ақындардың, музыканттардың иесі, бақсы. Аңыздар бойынша Қорқыт түйені сойып, терісінен қобыз жасайды. "Қорқыт атаның кітабы" - түрік халықтарының эпикалық жазба ескерткіші. Әрбір аңыздың өзіндік сюжеті бар және олардың әрқайсысының басты қаһарманы Қорқыт ата - дана, көсем, басшы, тағдыр туралы болжап - пісуші. Аңыз бойынша және Қорқыттың өзінің өтінішімен, оның қабіріне денесімен бірге, желмен дыбысталып тұратын қобыз бірге салынады. Қорқыт атаның құрметіне 1980 жылы Қызылорда облысында архитектуралық ескерткіш салынған. Белгілі қазақ жазушысы, академик Мұхтар Әуезов арқылы әңгімеленетін "Қорқыт туралы аңыздардың" мәні аса жоғары, себебі, ол - адамға қызмет ету арқылы өнердің өлмейтіндігін, мәңгіліктігін көрсетеді.
Оқулық бойынша жұмыс
- үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
- - тізбек бойынша оқу
- тұтас оқу
- іштей оқу
- қорқытты қандай сауал көп ойландырады?
- Қорқыт түсінде не көреді?
- Ол қандай сөзді байқаусызда айтып қалады?
- Қорқыттың өмірі қалай аяқталады?
Сергіту сәті
3. Жаңа білімді бекіту:
- Мәтінді тұтас, бірнеше рет оқып шығу
Дәптермен жұмыс: аңызда кездесетін жер - су аттарын дәптерге теріп жаз. (өзіндік жұмыс)
Сызбаны толтыр (жұптық жұмыс)
Қайтеді?
Құстар..... ұшуын тоқтатады
Жел соғуын доғарады
Аң - құс жағаға келеді
Өзен ағысын тоқтатып тұрады
Венн диаграммасы
Аңыз
Ертегі
4. Үйге тапсырма:
Тақырыбы: Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай
Мақсаты: Аңыз жанры туралы түсінік қалыптастыру; Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, Адалдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауға баулу.
Сабақтың түрі : аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Қорқытты қандай сауалдар көп ойландырады? (Ажал жайындағы ой қатты толғандырады, адамдар неге өледі?) Қорқыт түсінде не көрді?(ажал) Ол қандай сөзді байқаусызда айтып қалады? (Өгізшесі байлауын үзіп кеткенде. Өліп қалайын, бірақ іздеп тауып аламын.)
ІІІ. Өткенді қорыту: Қорқыттың күйін аң – құс, жел, өзен қалай тыңдайды? Өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ.Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, біз 2 – 3 кластарда қандай аңыздармен таныстық? (Қожанасыр мен ашқарақ, қажанасыр мен Алдаркөсе, Бетпақдала Ақселеу Сейдімбек. (аңыз), Алдардың айласы (аңыз)). Міне, балалар, сонымен Алдаркөсе деген кім екен? Ол туралы не білесіңдер?
Ү. Жаңа сабақ:
1. Аңыз көбінесе тарихта болған адамның басына құрылатын шығарма. Аңыз әңгімеде өмірде шын болған адамның басынан өткен жайттар мен қиял- ғажайып оқиғалар араласып келеді.
Қазақ аңыздарында Асанқайғы, Жиренше, Қорқыт сияқты ерекше жандар мен Алдаркөсе сияқты ел ішінен шыққан қарапайым адамдар туралы оқиғалар айтылады. Алдар жөнінде ел аузында айтылатын күлдіргі аңыздың бірі – Шықбермес Шығайбайды алдауы. (Балаларға аңыз ерекшелігін мына сызба арқылы түсіндіруге болады)
Аңыз дегеніміз
|
Кейіпкелері
|
Ерекшелігі
|
Тарихта болған адамдар іс- әрекеті баяндалады
|
Асанқайғы,Жиренше,Қорқыт,
Қожанасыр, Алдаркөсе
|
Шындық пен қиял – ғажайып оқиға араласып келеді
|
Оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, тауып оқу.
Сөздік жұмыс:
Тауы шағылыпты – іске аспапты,
Әккіленіп алған – қуланып алған, түзге – далаға.
Аңыздың басында Шықбермес Шығайбай туралы оқығаныңда көз алдыңа қандай адам елестеді? Шықбермес Шығайбайды алдау үшін Алдар қандай қулық ойлап тапты? Шығайбайдың үй іші түгелімен сараң адамдар екенін олардың қандай әрекеттерінен, қандай сөздерінен байқауға болады? Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма?
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
Алдар Шығайбайдың үйіне кіріп келгенде жасырып қойған дүниелерін неге теңегенін тап.
Теңеу дегеніміз екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату.
Жыланның жуандығы қандай?
Байдың тығып қойған қазысындай.
Жыланды ұрған тастың үлкендігі қандай?
Бәйбіше астындағы қойдың басындай.
Былш етіп иленіп түскенін неге теңейді?
Тоқал астындағы қамырға.
Сақалының жұлынғанын неге теңейді?
Қызы тығып қойған тырнаның жүніне. Бұл жерде сызба арқылы тапсырма орындауына болады.
ҮІІ. Қорыту:
Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма? Алдар Шығайбайдың үйіне кіріп келгенде, жасырып үлгірген тамақтарды дәл тауып, оларды нелерге теңегенін дәптерге жаз.
(қазы, иленген нан, қойдың басы, тырна) теңеуі: (қазы – жыланның жуандығындай, қойдың басы – ұрып жіберген тастай, былш еткені – иленген нандай, тырнаның жүнін жұлуы – сақалым жұлынсын) Егер сен Шығайбай орнында болсаң, не істер едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Оқу, әңгімелеу.2.Бағалау.
Тақырыбы: Сөздік жұмбақтар. Шарада. Метаграмма.
Мақсаты:
Сөздік жұмбақтар. Шарада. Метаграмма туралы түсінік беру
Танымдық қабілеттерін, зейінін дамыту
Шапшаңдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі : аралас
Күтілетін нәтиже: Зейінді, шапшаң, ұшқыр ойлы тұлға
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма? Алдар Шығайбайдың үйіне кіріп келгенде, жасырып үлгірген тамақтарды дәл тауып, оларды нелерге теңегенін дәптерге жаз.
ІІІ. Өткенді қорыту: (қазы, иленген нан, қойдың басы, тырна) теңеуі: (қазы – жыланның жуандығындай, қойдың басы – ұрып жіберген тастай, былш еткені – иленген нандай, тырнаның жүнін жұлуы – сақалым жұлынсын) Егер сен Шығайбай орнында болсаң, не істер едің?
ІҮ. Жаңа сабақ:
Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Логогриф-бір әрібін алып немесе қосқандаа алынатын .жұмбақ сөз.
1.Куб- Куба
2.Іл-Іле
2.Кит –Кито
4.Ер-жер
5.Әсел-сел
Метаграмма-бұл бір әрібін ауыстыру арқылы жаңа сөз .шығару.
1.Жерді ортасынан бөліп тұрады
Т - әріпін д-ға ауыстырсаң
Латын Америка елі болады
2.Бұл қауіпті газдың аты
У-әріпін и-ге ауыстырсаң
Таяу Шығыс елдің аты
3.Балық тың атындағы
К-әріпін н-ға ауыстырсаң
Африканың ең үлкен елі болады.
4.Еуропада екі ел бар,
Аттарының айырмашылығы
С және Р әріпінде
Шарада.дегеніміз сөзжұмбақәр сөздің әр бөләгә өзәнше мағына береді.
Бұрыл десем тезірек,
Түбірін тауып алдағы.
Ыс-ты жалға басына,
Пішініңді сал дағы,
Жаңа ұғымды табасың,
Оны біліп аласың. (бет-бұр-ыс)
Бір ақынның атында
Үш буын мен екі сөз.
Үш дауысты тірегі,
Айтшы кімдер біледі? (Тұ-ман-бай)
Етістікке ал деген,
Қоссам өлім жазасын.
Ертегіден, аңыздан,
Оны тауып аласың. (Ал-дар)
Достарыңызбен бөлісу: |