Күні: Әдебиеттік оқу Тексерілді



бет3/4
Дата08.07.2018
өлшемі433,38 Kb.
#48816
1   2   3   4

Қорытынды: Сөз аражігін ажыратып, мақалды оқы:
1.Наданмендосболғанша, 2.Тілқылыштанөткір.
Кітаппендосбол. 3.Сәлемсөздіңанасы.
4.Ағашжемісібұтақта, 5.Отанүшінотқатүскүймейсің.
Сөзжемісікітапта.

Тақырыбы: Мазмұндама «Күз»

Мақсаты:Мазмұндама жазу дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Міндеттері:

1.Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Мәтін түрлерін ажырата білу қабілеттерін дамыту;

3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу;



Сабақ түрі :жаңа сабақ

Көрнекіліктер:мазмұндамалар жинағы.

Әдіс-тәсілдер: өзіндік

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Мазмұндама мәтінімен танысу:



Мазмұндама.

Күз

Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Ағаштар жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді.Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі. Айнала сары кілем төсегендей. Күзгі табиғат қандай тамаша!
Күз

Жоспар:


  1. Қыркүйек айы

  2. Құстар тіршілігі

3. Аңдар тіршілігі

Сұрақтар:

1. Қыркүйек күздің қай айы? 2. Ағаштың жапырақтары қандай күйде?

3. Құстар тіршілігі қандай? 4. Аңдар қайтеді? 5. Айнала қандай?

Керекті сөздер: жапырақтар, айнала сары , құстар, жылы жаққа, қысқы тіршіліктеріне, кілем төсегендей.
Мәтінді әңгімелеу (жұптық жұмыс), тақтаға шығып әңгімелеу.
3.Жаңа білімді бекіту:

Жоспар бойынша, сұрақтар бойынша, керекті сөздерді пайдаланып мазмұндама мәтінін дәптерге жазу.



4.Үйге тапсырма: қайталау


Тақырыбы: Менің үйренгенім.

Мақсаты:

  1. Өткен сабақта алған білімдерін нығайту

  2. Танымдық қабілеттерін, зейінін,есте сақтау қабілетін дамыту

  3. Шапшаңдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі : аралас

Күтілетін нәтиже: Зейінді, шапшаң, ұшқыр ойлы тұлға

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ Өткен сабақты бекіту: Мазмұндамадан жіберген қателермен жұмыс жүргізу

ІІІ Жаңа сабақ:

Менің үйренгенім



  1. «Еске түсірейік өткенді» ойыны

Қысқаша тест

Халық ауыз әдебиетіне жатаы: а) ертегілер ә) батырлар жырлар б)....... в)........... г)

Анықтаманы аяқтап жаз: «Батырлар жыры дегеніміз-....»

Қандай жырларды білесің?

Қандай айтыстың түрлерін білесің?


  1. «Сөз жұмбақ шешейік» ойыны

Балалардың өткен сабақ бойынша құраған сөзжұмбақтарын топқа бөлу арқылы шешу.

Метаграммалық жұмбақтар

Шарада жұмбақтар

Ж – жасырын нәрсе


Ұ – шешуі болады
М – ойын
Б – сұрақ
А – ойлануды қажет етеді
Қ – бір адам жасырады, басқалары шешеді

  1. Жазда өсіп,піседі,
    Дәмі тәбет ашады.
    «Қ» орнына «Ж» қойсаң,
    Көктен тамып түседі,
    Жердің шаңын басады.
    (Қауын -Жауын)
  2. 2) Жатам құстар тобына,


    Азығымын адамның.
    «Ы»-ны қоссаң соңыма,
    Жылқы етімін – тағаммын.
    (Қаз - Қазы)
  3. 3) Қыста суды қаптаймын,


    Бірақ жазда жатпаймын.
    Алғашқы әріп ауысса,
    Онсыз тамақ татпаймын.
    (Мұз - Тұз)
  4. 4) «Т»-дан бастап оқысаң,


    Төлі болам пырақтың.
    «Т»-ны сызып тастасаң,
    Көкте қалған орақпын.
    (Тай – Ай)



  1. Әуелгі үш әріп —
    Дәмге нәр тілді үйірген,
    Кейінгі қос әріп —
    Мақтаның түсі үйілген.
    Қосылса бес әріп —
    Темір жіп созып иірген.

  2. жауабы

  3. Тұз - Ақ – Тұзақ

  4. Қорытынды:










  5. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет