Лауазымы: тәрбиеші Жұмыс өтілі: 22 жыл Санаты



бет1/6
Дата25.12.2016
өлшемі0,64 Mb.
#4506
  1   2   3   4   5   6
Балабақша атауы :№33 «Ақ бота» сәбилер бақшасы

Аты-жөні: Садықова Алмақан Құлжабайқызы

Лауазымы: тәрбиеші

Жұмыс өтілі: 22 жыл

Санаты: І

Топ:естияр

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі :Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін мнемотехника арқылы әңгімелеу (кіріктірілген сабақ)

Мақсаты : балалардың сөздік қорын молайту.

Міндеттері: ертегі мазмұнын көрнекті құралдарды қолдана отырып, әңгімелеп беруге үйрету.

Логикалық біртінділік түрінде ертегіні жүйелі құру біліктерін бекіту, жабайы аңдардың мінез-құлқын ажырата білуде пиктограмманы қолдану, сөздер мен сөз тіркестерін тіл ішінде белсендендіру.



Дамыту міндеттері:

Балалардың психикалық үрдістерін дамыту, есте сақтау,көру, зейіннің тұрақтылығын қалыптастыру, көрнекі әрекеттілік ойлауын дамыту, бейнелер мен таныс символ белгілерін құра білуге үйрету, жануарларға деген жағымды көзқарасқа тәрбиелеу, оларға қамқор болуға үйрету, жануарларды аялауға үйрету, балалардың саусақ ұшы қимылын дамыту:шымшу,есу әдістеріне баулу, ермексаздан тиіннің бейнесін мүсіндеп шығаруын қалыптастыру.



Көрнекі құралдар:

Теледидар, мнемосызбалар (символдармен), бала санына байланысты конверттер (І-конвертте көк шаршының белгісі бар, ішінде ертегі желісінің қиылған 4 бөліктері бар), жолақша (қызыл дөңгелек белгісі бар, ертегіде кездесетін кейіпкерлердің қиынды суреттерін салады және төменгі жағына осы кейіпкерлердің мінез-құлқын бейнелейтін түстер бар ), ертегі желісіне байланысты үлкен мазмұнды сурет,жаңғақ пен сәбіздің суреті, таратпалы материалдар, себет, грек жаңғақтары, тиін ойыншығы, мұнара, ермексаз, таяқша, сүлгі, су, тақтайша.



Сабақтың технологиялық картасы

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әдістер мен тәсілдер

Уәждемелік-түрткілік

Жылулық шеңбері.Балалар топқа келеді,шеңберге дөңгеленіп тұрады. Тәрбиеші балаларға тоқыма жіпті көрсетеді де айтады: «Мынау жіп бізде дәнекер жіп, қазір осы жіпті бір-бірімізге шеңбер бойынша беріп отырып,жылы лебіздерімізді білдіреміз». Балалар бір-біріне жіпті бере отырып,жылы лебіздерін айтып шығады. Тәрбиеші: «Балалар, біз осы дәнекер жіп сияқты біртұтас,татулықта болайық!» дейді.

Жаңа сөзбен жұмыс. Тәрбиеші: «Балалар бүгін біз сендермен «Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін әңгімелеп үйренеміз, бұл ертегіде «қатыгез, залым» деген жаңа сөздер кездеседі. Бұл қасқырдың мінез-құлқына арналған сөздер. Жаман деген мағынаны білдіреді.

Тәрбиеші осыдан кейін екі топқа бөлінетінін айтады. Сол бойынша балаларды екі топқа бөледі.



Балалар шеңберге тұрады.

Бір-біріне жылы лебіздерін айтады.

Балалар жіптің ұшын тұйықтап «Біз татумыз, біз біргеміз!» дейді.

Қатыгез, залым сөздерін қайталау. Бір-екі бала жаңа сөздердің мағынасын қалай түсінетінің өз түсінігі бойынша айтады.


(бірінші топ қатынас орталығына,екінші топ шығармашылық орталығына бөлінеді) үлкен жаңғақтарды алған балалар қатынас орталығына,кішкентай жаңғақ алған балалар шығармашылық тобына бөлінеді.

Қуаныш шеңбері.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші шығармашылық орталығындағы балаларға айтады: «Ертегідегі тиін көмек сұрайды. Менің баламды мүсіндеп беріңдерші деп келіпті. Көмектесеміз бе? Тәрбиеші үстел үстінде тұрған мұнара бойынша тиінді бірте-бірте жоғары көтере отырып сұрайды:

-Бұл не? (І-қабат)

-Ол не жейді? (ІІ-қабат)
-Ол қандай жануар? (ІІІ-қабат)

-Тиіннің баласын қалай атайды? (V-қабат).

Тәрбиеші тиіннің жасалу үлгісін көрсетіп береді.
Негізгі дамыту орталығындағы жұмыстар.
Тәрбиеші «Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін мәнерлеп бір рет оқып шығалы,екінші рет мнемосызба арқылы тағыда әңгімелеп береді. Тәрбиеші: «Балалар мұқият болыңдар,мен теледидардан осы ертегінің бір желісін көрсетемін,ал сендер мына ойықша (рамка) арқылы оқиға желісінің қай жері екенін тауып, сол жерге қоясыңдар.»

Тәрбиеші балаларға тақтадағы мнемосызба сияқты өздері ертегі желісін ретімен қойып, әңгімелеп беруін ұсынады.

Келесі тапсырманы түсіндіреді. «Алдарыңда жатқан қызыл дөңгелек белгісі бар жолақшаны алып, ертегіде кездесетін кейіпкерлердің қиынды суреттерін салуын және төменгі жағына осы кейіпкерлердің мінез-құлқын бейнелейтін түстермен белгілеуін ұсынады .

Сергіту сәті.

«Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің».

Тәрбиеші : «Балалар, менде сиқырлы таяқша бар,мен осы сиқырлы таяқшаны сермеген кезде,екі топ бір-бірімен орнын ауыстырады. (үнтаспадан «сиқырлы таяқшаның» дыбысы естіледі.)



Балалар «Иә» деп жауап береді.

Балалардың жауаптары:

-Бұл тиін.

-Тиін саңырауқұлақ,жаңғақ жейді.

-Тиін жабайы жануар,ол орманда мекендейді.

-Тиіннің баласын – тиіннің баласы деп атайды.

Балалардың назарының аууы.

Бір бала тәрбиеші ойықша қойған жердегі оқиға желісінің болып жатқан жерін әңгімелеп береді.

Балалар конверттен ертегі бөліктерін алып, ретімен қоя отырып, әңгімелейді.

Қызыл дөңгелек бейнеленген жолақшаны алып, ертегіде кездесетін кейіпкерлердің қиынды суреттерін қойып және төменгі жағына осы кейіпкерлердің мінез-құлқын бейнелейтін түстермен белгілейді.

Балалардың қимылы.


Балалар орталықтар бойынша ауысады.

Мүсіндеу әдісі

Д/о «Мұнараға көтеріл»

Сын тұрғысынан ойлау әдісі

Мнемотехника әдісі

ТРИЗ әдісі





Рефлекстік-жинақтаушы

Тәрбиеші: «Балалар бізге деген тиіннің сыйлықтары бар екен» деп себетті үстел үстіне қояды. Тәрбиеші: «Егерде кім ертегіні түсіндім, тиіннің баласын жақсы мүсіндедім деп ойласа, үлкен жаңғақтарды, ал егерде ертегіні түсінбей қалдым, тиіннің баласын мүсіндей алмадым деген балалар кішкентай жаңғақ алады.

Мақтау,мадақтау,марапаттау.



Кейбір балалар үлкен жаңғақтарды алады,кейбір балалар кішкентай жаңғақтарды алады.

Өз еңбектерін бағалайды.


Рефлексия


Күтілетін нәтиже: Берілген шығармашылыққа байланысты көп варианттар ішінен белгілерін таңдау, аталған бөлікті мәтіннен

табу, берілген тапсырманы орындау, аталған сызбаның кеңістігін өз бетінше бағдарлау, бейнелі сөздер мен

бейнелерді есте сақтау.

Қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет