— Балалар, бізге бүгін үкі конаққа келіпті. Ол орманнан көптеген жаңалықтар ала келіпті. (Үкінің суретін немесе макетін көрсету.)
— Үкі туралы не білеміз?
— Балалар, үкі де сендер туралы көп нәрсе біледі екен. Үкі деген сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз? (Балалар "ү" деп жауап береді).
— Ендеше, бүгін біз сендермен "Ү" деген әріппен танысамыз. (Баспа, жазба түрін көрсету).
— "Ү" дыбысы кездесетін сөздерді айтайықшы.
-Ү дыбысы дауысты, созылып айтылатын дыбыс
— Үйрек, үй, үйеңкі, үзеңгі, үміт, сүзбе, күз, күшік, күрек, үз т.б. (Осылайша кім қанша сөз айтады бақылау жасау, онымен қатар сөздердің қорларын арттыру).
Сабақты ойын түрде жалғастыру. Қызыл телпекті апасына алып баратын жолмен жүріп өтуіне көмектесу. Бұл схемада жол бойында есте сақтауға ыңғайлы ерекше, қызықты заттар кездеседі.
Алдымен қызыл Телпек көпір арқылы өтуі қажет. Бұл көпір өте қорқынышты, себебі көпірдің кейбір тұстары сынып тұр. Бұл көпірден сәтті өту үшін жаттығу ретінде "Крестер мен нүктелер" тапсырмасын орындайық. Әр оқушыға арнайы фигуралар беріледі, әрбір шеңберге "+" таңбаларын үшбұрышқа "—" таңбаларын қойып шығу (1,5 мин. беріледі).
— Жарайсыңдар, сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар, ал енді көпірден асықпай өтіп, гүлді алқапқа шығамыз. Әрі қарай жол бізді сиқырлы орманға алып барады. Орманда ағаштар көп екен, жел соғып тұр. Сендер қорыққан жоқсыңдар ма?
-Жоқ. Ендеше орманда: Шыршадан шыршаға секіріп жүретін бір аң бар екен. Ол өзіміз жақсы білетін тиін.
— Балалар, сендер білесіңдер ме? Тиін "жазу машинкасы" ойынын ойнағанды жақсы көреді. Кеспе әріптерден сөздер жазып көрейікші: үй, ата , шөп, нан, доп т.б.
— Жарайсыңдар, балалар. Сендер жақсы ойнағандарыңа тиін өте қуанышты. Ал енді әрі қарай жол жүрейік. Міне, біз қызыл Телпектің әжесінін үйіне де жеттік. Қызыл телпек те, әжесі де сендердін үйді жақсы тауып келгендеріңе қуанышты, рақметін айтып жатыр.
— Сонымен бүгін біз сендермен қандай дыбыспен таныстық?
|