Күтілетін нәтиже:
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Сағат саны:
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Біздің үй. (Сурет бойынша әңгіме)
Мақсат- міндеттері: І.Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.
2.Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері және сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу тілін дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету.
3. Достарының, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.
Құралдар: әліппе- дәптер, үй жиһазының суреті, үйдің сызбасы, суретті әліппе.
Іс- әрекет кезендері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
1. Шаттық шеңберін құру.
Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеткендер. Өсті ақыл ойларың Өсті, міне, бойларың. Иіліп сәлем береміз, Әдепті боп өсеміз.
|
Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
|
Негізгі
|
2. Кіріспе әңгіме.
Педагог бүгінгі сабақта өтілетін тақырыпты хабарлайды. Сұрақ - жауап әдісі арқылы кіріспе әңгімені өткізеді:
1. Балалар, сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар?
2. Сендер өздерің нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме?
3. Үйде қандай бөлме түрлері болады?
3.Негізгі бөлім.
а) Дәптердегі суретпен жұмыс.
- Бүгін біз тұрғын үй, үй түрлері және үй жиһаздарымен танысамыз. Адамдар ертеден өздеріне ыңғайлы баспана тұрғызу керектігін білген. Қазір үйлердің түрі өте көп. Мысалы, бірнеше қабатты (екі, үш, төрт, т.б.) тұрғын үй, ауласы бар жеке бір немесе екі - үш қабатты үй. Көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер өте көп болады. Оның әр пәтерінде тұрғындар тұрады.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Коттедж - жеке ауласы бар сәнді салынған 2 - 3 қабатты үй. Мансард - шатыр астындағы терезесі бар, кісі тұратын бөлме.
Жиһаз - үй бұйымы, мүлік. Жатынжай - ұйықтайтын бөлме.
б) Салыстыру жұмысын жүргізу.
Дәптердегі көп қабатты тұрғын үй мен коттедждің айырмашылықтарын әңгімелеу.
- Көп қабатты тұрғын үйдің коттеджден айырмашылығы қандай?
- Көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер көп. Әр пәтерде жеке - жеке отбасылары тұрады. Олардың ауласы - бәріне ортақ бір аула. Ал коттеджде бір ғана отбасы мүшелері тұрады.
в) Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлем құрату.
- Үйдің бірнеше бөлмелері болады. Олар: асүй, зал, балалар бөлмесі және жатынжай. Әр бөлмеде өзіне тән жиһаздар болады. Қандай жиһаздар болады?
- Әдемі жиһаз, ағаштан жасалған жиһаздар болады.
- Жиһаздың қандай түрлерін білесіңдер?
- Үстел, орындық, диван, төсек, шкаф, т.б.
- Шкафта не тұрады? Орындық не үшін керек?
г) «Менің үйім» тақырыбында әңгіме құрастыру. Балалар өздері тұратын үй, оның бөлмелері және үйдегі жиһаздар туралы әңгімелейді.
г) «Қай бөлмеде қандай зат тұрады?» дидактикалық ойыны. Шарты: бөлмелерді атап, онда тұратын заттарды атау.
|
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
|
Қорытынды
|
1. Біз қандай тақырыпта әңгіме құрастырдық?
2. Қандай үйлер бар? Олар туралы әңгімелеңдер.
|
|
Күтілетін нәтиже:
балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Сағат саны:
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қасқыр, түлкі әтеш» ертегісі.
Мақсат- міндеттері: 1. Ертегі мазмұнын түсіндіру.
2.Сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.
Құралдар: әліппе- дәптер, ертегі мазмұнына сәйкес салынған сурет.
Іс- әрекет кезендері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
1. Кіріспе бөлім.
а) Шаттық сәтін өткізу.
Балалар шеңбер бойы дөңгеленіп тұрып, «Мен ертегі тыңдағанды жақсы көремін, себебі...» деп, өздері сүйіп тыңдаған ертегілері арқылы нені үйренгендерін айтады.
ә) Тыныштық сәті.
- Ертегі - бұл ерекше жанр. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам үшін түрлі нәрселер істей алуы мүмкін. Ертегі де сиқырлы құралдар бар. Жануарлар, аңдар туралы қандай ертегі тыңдадыңдар? Естеріңе түсіріңдер. (Балалар көздерін жұмып, ата - аналарынан немесе басқа ересектерден тыңдаған ертегілерін естеріне түсіреді. Бір - екі бала естеріне түсірген ертегілерінің мазмұнын қысқаша айтып береді).
|
Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
|
Негізгі
|
2. Негізгі бөлім.
«Қасқыр, түлкі және қоян» ертегісін оқып береді.
Қасқыр, Түлкі және Әтеш
(Ертегі)
Алыс таулы өлкеде, ну орман ішінде Қасқыр, Түлкі және Әтеш үшеуі бас қосып, шаһар салмақ болыпты.
- Сонда қалай саламыз?
- Неден бастаймыз? - депті Әтеш пен Қасқыр.
- Әтеш бізді оятып жүреді. Қасқыр орманнан ағаш тасиды. Мен мұржадан түтін шығарып тұрамын. Сонда жұрт біздің ісімізге қайран қалады, - депті Түлкі.
Келесі күні Қасқыр орманға ағаш әкелуге жөнеледі. Осы сәтті пайдаланып, Түлкі Әтешті бас салады. Зорға қашып құтылған Әтештің құйрығы Түлкінің аузында қалады.
Орманнан қайтып оралған Қасқыр бұтағында сүмірейіп отырған Әтешті көреді. Құйрықтан жұрдай.
- Саған не болған? - деп таңданды Қасқыр. Әтеш болған жағдайды баяндайды. Бұған ашуланған Қасқыр түлкіні бас салып, оның күлтеленген құйрығын жұлып алады. Қасқырдан зорға құтылған Түлкі зыта жөнеледі. Түлкі былай шыға:
- Осылай бір - біріміздің құйрығымызды жұла берсек, ешқашан шақар сала алмаймыз, - деп айғай салыпты.
а) Педагог дауыс интонациясын дұрыс қойып, мәнерлеп оқиды, мазмұнын дәптердегі сурет арқылы түсіндіреді.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу. Шаһар - қала.
Мұржа - пештің, ошақтың түтін шығаратын мойны, түтіндік.
Култеле - шоқтау, шоғырлау. Түлкінің күлтеленген құйрығы.
б) Сұрақтарға жауап беру.
1. Ертегі кейіпкерлерін атаңдар.
2. Қасқыр, Түлкі және Әтеш не салмақ болды?
3. Түлкі Қасқыр мен Әтешке қандай тапсырма берді?
4. Түлкі өзі не істеді?
5. Ертегі қалай аяқталды?
в) Балалардың пікірлерін тыңдау.
- Балалар, сендерге ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнады, қайсысы ұнамады? Шаһар салу үшін не істеу керек еді?
Балалардың үлгі жауабы:
- Маған Қасқыр мен Әтеш ұнады. Өйткені екеуі де Түлкінің айтқан тапсырмасын орындады. Екеуі де еңбекқор екен. Ал Түлкі ұнамады. Өйткені Қасқырды орманға жұмсап жіберіп, Әтешті жеп қойғысы келді.
- Шаһар салу үшін үшеуі де тату - тәтті болу керек еді. Бірігіп еңбектенсе, шаһарды салып шығатын еді.
г) «Қасқыр, Түлкі және Әтештің жолын тап» ойыны. Дәптерге ертегі кейіпкерлерінің үйлеріне апаратын жолды сызып көрсету.
ғ) Жұмбақ шешу.
Жұмбақтың шешулері: әтеш, түлкі.
Әтеш, түлкі сөздерін қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату. Мысалы: әдемі әтеш, қу түлкі. Әтеш шақырады. Түлкінің құйрығы ұзын. Ол килтпеленіп тұрады.
|
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
|
Қорытынды
|
Ертегі мазмұнын мазмұндау.
- Балалар, бұл ертегі бізді өтірік айтпауға, әділ, адал болуға үйретті. Бірлік болған жерде кез келген жұмысты да аяқтауға болады.
|
|
Күтілетін нәтиже:
балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Сағат саны:
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй құстары және үй жануарлары
Мақсат- міндеттері: І.Үй құстарымен, үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй құстары, үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
2. Үй құстары мен үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.
3. Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге баулу және құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Құралдар: әліппе- дәптер, құстардың, үй құстарының, үй жануарларының суреттері.
Іс- әрекет кезендері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
1. Кіріспе бөлім.
а) құстардың сайрағаны, судың сылдырлап аққан дыбысын балаларға елестеттіру
- Құстар неліктен әртүрлі сайрайды?
- Қауіп төнген кезде құстар шырылдап, өздерінің балапандарына ескертеді. Балапандар өздерінің тамақ жегісі келетіндігін шиқылдап аналарына білдіреді. Құстар құрт - құмырсқаға таласқанда, ащы дауыспен шырылдап, шу шығарады. Басқа дыбыстардың көмегімен құстар топталып жиналады және бөтен құстарды қуады екен.
ә) «Әтеш пен тоты» ертегісін оқып беру.
- Ерте, ерте, ертеде аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі Әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Ешқандай құспен сөйлеспепті. Жалғыз серігі Тотықұс болыпты.
Тоты байғұстың үстінде жібі түзу, жөнді киімі де жоқ екен. Бір күні Тотықұс әлгі кербез Әтешке келіп:
- Досым мен бүгін қонаққа бармақ едім, жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын? Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы, - деп қиылып жалыныпты.
Әтеш досының сөзіне сеніп, әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп тотықұс жасанып, киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтып ұшып кетеді.
- Егер мен кешіксем дауыстап шақыр. Келмей жатсам тағы шақыр, дауысыңды естиін, - дейді.
Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш оны естісін деп үсті - үстіне шақырады. Еш - қандай хабар болмайды.
Содан осы күнге дейін Әтеш Тотықұсты шақырып, таң қылаң бергеннен, күн батқанға дейін айғайлап шақыра береді екен.
Сұрақтар:
- Ертеде әдемі кербез сұлу қай құс екен?
- Тотықұс Әтешке не үшін келді?
- Тоты әдемі киініп, қайда кетті?
- Әтеш таңертең неге айғайлап шақырады екен?
- Әтеш жабайы құс па?
- Үй құстарын атаңдар.
- Үй жануарларын атаңдар.
|
Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
|
Негізгі
|
2. Негізгі бөлім.
а) Дәптермен жұмыс.
- Үй құстарына қандай құстар жатады?
Балалар үй құстарының мамығымен, қауырсынымен танысады, оның қасиеті мен пайдасы жайлы әңгімелейді. Жұмыртқаларды салыстырып, ерекшелігін анықтайды. (Түр - түсі, үлкен - кіші, пішіні).
ә) Музыканың сүйемелдеуімен құстардың қалай ұйықтайтынын, суды қалай ішетіндігін қимылмен көрсету.
б) Дәптерде берілген үлгі бойынша балапанның суретін бастырып салады, аяқтайды.
в) Тыныштық сәтін өткізу.
- Балалар, көзімізді жұмып көз алдымызға өрістегі төрт түлік малды елестетейік. Таңертең жайлауда қой, сиыр, жылқылар жайылып жүр. Айнала тып - тыныш алыстан қозының маңырағаны, бұзаудың мөңірегені, құлыншақтардың дауысы естіліп қояды. Сол сәтте төлдердің енелерді жан - жағына қарайды, бірақ төлдері көрінбейді. Кешкілік өрістен ауылға қайтады. (Жайлап көзімізді ашамыз). Балалар көз алдарыңа қандай жануарларды елестеттіңдер?
- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
- Сиырдың сүтінен тағы қандай тағамдар жасалады? Биенің сүті қалай аталады?
- Ат жарысын көргендерің бар ма? Ол қалай өтеді?
г) Жұмбақ шешу.
Мінсең - желдей жүйткиді, Көңілің таудай өседі, Алып ұшар алысқа «Ер қанаты» деседі.
(Жылқы)
ғ) Сергіту сәтін өткізу.
Музыканың сүйемелдеуімен қимылдар жасайды. Тіктеп титтей құлағын, ботам былай жүреді. Сыртылдатып тұяғын, бұзау оған ереді. Алға созып мойнын, ойнақтайды ботақан, Көкке қарай мұрынын шүйіреді бұзауқан.
д) «Үй жануарлары» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.
Шарты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды.
Сиыр, жылқы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
ж) Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу.
|
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
Суретке бойынша әңгімелеу, сөз, сөйлемдер құрастыру, «Ұйқасын тап» ойынын ойнау, жалпы және жеке атауларын атау.
|
Қорытынды
|
Балаларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
Сабаққа белсенді қатысқан балалар мақталып, мадақталады
|
|
Күтілетін нәтиже:
балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Сағат саны:
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жабайы аңдар
Мақсат- міндеттері: 1. Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру.
2. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.
3. Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Құралдар: әліппе- дәптер, жабайы аңдардың суреттері
Іс- әрекет кезендері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
1. Кіріспе бөлім.
- Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?
- Неліктен жабайы аңдар дейміз?
- Мына суреттерден не көріп отырсыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
Балаларға жабайы аң - қолға үйренбеген түз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік ететіндігі түсіндіріледі. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік ететіндігі де айтылады. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың тіршілігі салыстырылады. Оларға мысалдар келтіріледі. Мысалы, төрт түлік мал - үй жануары, ал арыстан, барыс, т.б. аңдар жабайы жануарлар екені айтылады.
- Қасқыр, түлкі, қоян, т.б. аңдардың балаларын қалай деп атайды?
- Қасқырдың баласы - бөлтірік. Қоянның баласы- көжек. Түлкінің баласы - мыршай (жаутаң). Аюдың баласы - қонжық. Жолбарыстың баласы - шөнжік. Арыстанның баласы - абдан.
|
Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
|
Негізгі
|
2.Негізгі бөлім.
а) «Тапқыр қоян» ертегісін оқу.
• Педагог ертегіні мәнерлеп оқиды.
• Сөздік жұмысын жүргізу.
Миығынан күлу - езу тарту, мұртынан күлу.
• дәптердегі ертегі мазмұнына салынған сурет арқылы ертегі мазмұнын түсіндіру.
• Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқушылардың ертегіні қалай түсінгендерін сұрау.
ә) Жабайы, аңдар деген сөздердің жуан, жіңішке естілуін анықтату және осы сөздерді буынға бөлдіру.
б) Жұмбақтар шешкізу.
• Педагог жабайы аңдар туралы жұмбақтар оқиды.
• Балалар жұмбақтардың шешуін дәптердегі суреттен көрсетеді.
1. Қолыңмен тиме,
Үсті толған ине. (Кірпі)
2. Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны. (Аю)
3. Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
4. Бұлаңдаған құйрығы -
Бір алдарлық қулығы. (Түлкі)
в) Сергіту жаттығуын өткізу.
г) дәптердегі тапсырманы орындау.
|
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
Суреттен жануарлардың құйрықтарын тауып, сызып көрсету.
|
Қорытынды
|
Балаларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
Сабаққа белсенді қатысқан балалар мақталып, мадақталады
|
|
Күтілетін нәтиже:
балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Сағат саны:
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі. Ойыншықтар айтысы.
Мақсат- міндеттері: 1. Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.
2. Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.
3. Ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Құралдар: әліппе- дәптер, әртүрлі ойыншықтар, көліктің түрлері, резиналы ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар.
Іс- әрекет кезендері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
1. Кіріспе бөлім.
- Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?
- Неліктен жабайы аңдар дейміз?
- Мына суреттерден не көріп отырсыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
Балаларға жабайы аң - қолға үйренбеген түз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік ететіндігі түсіндіріледі. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік ететіндігі де айтылады. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың тіршілігі салыстырылады. Оларға мысалдар келтіріледі. Мысалы, төрт түлік мал - үй жануары, ал арыстан, барыс, т.б. аңдар жабайы жануарлар екені айтылады.
- Қасқыр, түлкі, қоян, т.б. аңдардың балаларын қалай деп атайды?
- Қасқырдың баласы - бөлтірік. Қоянның баласы- көжек. Түлкінің баласы - мыршай (жаутаң). Аюдың баласы - қонжық. Жолбарыстың баласы - шөнжік. Арыстанның баласы - абдан.
|
Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
|
Негізгі
|
2.Негізгі бөлім.
а) «Тапқыр қоян» ертегісін оқу.
• Педагог ертегіні мәнерлеп оқиды.
• Сөздік жұмысын жүргізу.
Миығынан күлу - езу тарту, мұртынан күлу.
• дәптердегі ертегі мазмұнына салынған сурет арқылы ертегі мазмұнын түсіндіру.
• Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқушылардың ертегіні қалай түсінгендерін сұрау.
ә) Жабайы, аңдар деген сөздердің жуан, жіңішке естілуін анықтату және осы сөздерді буынға бөлдіру.
б) Жұмбақтар шешкізу.
• Педагог жабайы аңдар туралы жұмбақтар оқиды.
• Балалар жұмбақтардың шешуін дәптердегі суреттен көрсетеді.
1. Қолыңмен тиме,
Үсті толған ине. (Кірпі)
2. Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны. (Аю)
3. Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
4. Бұлаңдаған құйрығы -
Бір алдарлық қулығы. (Түлкі)
в) Сергіту жаттығуын өткізу.
г) дәптердегі тапсырманы орындау.
|
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
Суреттен жануарлардың құйрықтарын тауып, сызып көрсету.
|
Қорытынды
|
Балаларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
Сабаққа белсенді қатысқан балалар мақталып, мадақталады
|
|
Күтілетін нәтиже:
балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Сағат саны:
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Елодасы - Астана
Мақсат- міндеттері: 1. Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру.
2. Өлеңді мәнерлеп оңуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу -
3. Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.
Құралдар: әліппе- дәптер, Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері
Іс- әрекет кезендері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
1. Кіріспе бөлім.
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
- Елордамыз - Астана қаласы.
|
Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
|
Негізгі
|
2. Негізгі бөлім.
а) Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін педагог мәнерлеп оқиды.
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның,
Мақтанышым - Астанам.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
ә) Астана туралы мәлімет беру.
Педагог елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын не - месе бейнетаспадан аталған жерлерді көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет береді.
• Сулы Жасыл бульвар - Астана орталығындағы жаңа көше.
• Ақорда - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
• Бәйтерек - Астананың басты белгісі.
• Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс - шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.
• Парламент үйі - Өкімет үйі.
• Бейбітшілік пен келісім сарайы - Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.
• Астана циркі - цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.
• Хан Шатыры - Астананың ең үлкен ойын - сауық орталығы.
• Мұхит аралы - мұхит жануарларын көретін орын.
- Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы. 1997 жылы қазанның 20 - сында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қала - сын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, енді Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды.
Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, қонақ үйлер, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таңғалдырады. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.
Біздің Отанымызда барлық жағдайлар балалар үшін жасалады. Міне, мына суретте балалар қалашығы бейнеленген. Астанада балабақша, мектеп көп. Қыста Астанада ең әсем мұз қалашығы жасалады, онда балалар ойнайды, серуендейді. Үлкендер де серуендеп тамашалайды.
б) Астана, көшелері, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып, сөйлем құрату.
в) «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Шарты: А, с, т, а, н, а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.
А - ана, алма, ...
С - су, сан, ...
Т - таң, тамаша, ...
А - асыл, ата, ...
Н - нан, нар, ...
А - апа, алқа, ...
г) Балаларға өздері білетін Астана туралы өлеңдер оқыту.
|
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
|
Қорытынды
|
Балаларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
Сабаққа белсенді қатысқан балалар мақталып, мадақталады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |