Күні: Пәні
Информатика Мұғалім аты-жөні
Чакетаева А. А «Переваловка орта мектебі» КММ Сынып: 6 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру
Сілтеме: • 6-сынып оқулығы;
• Оқу жоспары;
• Күнтізбелік жоспар.
Сабақтың мақсаты: Кестелермен және мәтіндік процессор құралдары арқылы оларды құрудың ережелерімен танысады.
Түйінді идеялар: Кестелер, кестелерді құру, кестелерді кірістіру және салу, деректерді енгізу, кестелердің бойымен жылжыту.
Оқыту нәтижелері: • Компьютердің даму бағыттарын түсінеді.
• Компьютердің жұмыс істеу принциптерін үйренеді.
• Компьютердің сәулеті және компоненттерін біледі.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту
Пәнаралық байланыс:
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. Сәлемдесу.
2. Ұйымдастыру.
3. Топқа бөлу.
Түрлі түсті әріптер бойынша топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
4. Сабақ барысымен таныстыру.
5. Бағалау парағын таныстыру.
6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру • Сәлемдесу
• Өздерін ретке келтіру
• Топқа бөліну
топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады.
• Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру
Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)
(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)
• Миға шабуыл әдісі:
1. Қандай мәтіндік редакторларды білесіңдер?
2. MS Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерін атаңдар.
3. MS Word мәтіндік процессоры терезесінің негізгі элементтерін атаңдар.
4. Қалып күй жолы не үшін керек?
5. Мәтінді қалай түрлі түсті етуге болады?
6. Пернетақтада жоқ символды кірістіруге көмектесетін бұйрық қандай?
7. Мәтінді қалай түрлі түсті етуге болады.
8. Кегль деген не?
9. Қаріптің қандай баптауларын өзгертуге болады.
• «ABCD» ойыны. (Тест сұрақтары)
• Сиқырлы конверт. Топқа арналған қайталау тапсырмалары
Қызығушылықты ояту (2 мин.)
Сөзжұмбақ. Тақтада сөзжұмбақ беріледі Топпен ақылдасып шешуін табады.
Мағынаны тану
(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)
Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
6-сынып оқулығында «Кесте. Кесте құру» тақырыбын оқыту.
Әрбір топқа тірек сызба беріледі. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.
Топтағы әрбір оқушы тақырыпты оқиды.
Тірек сызбаны толтырады.
Оқушылар өздері оқығантақырыпты түсіндіреді.
Ой толғаныс (4 мин.)
«Теңбіл доп» ойыны. Слайдта сұрақтар беріледі. Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, допты қақпаға кіргізеді.
Практикалық жұмыс (10 мин)
Қима- қағаздағы тапсырмаларды таратады. Компьютерде әркім өз бетімен орындайды.
Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма (1 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге 140-144 беттердегі §22. «Кесте. Кесте құру» тақырыбын оқып келу. Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін гүл шоқтары таратылады. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазып құмыраға салады..
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1. “Келесі” ойыны арқылы үйге берілген тапсырманы ауызша сұраймын. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан береді. Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орыннан тұрып жауап береді.
1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?
Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу үшін арнайы мүмкіндіктері бар қолданбаны мәтіндік процессор деп атайды.
2. Microsoft Word редакторына қалай кіреміз?
Пуск – Все программы – Microsoft office – Microsoft office Word
3. Microsoft Word редакторында неше меңзер бар?
Microsoft Word редакторында екі меңзер болады: 1) кірістіру нүктесі 2) І меңзері
4. Microsoft Word редакторының негізгі элементтері?
Тақырып жолы, меню жолы, стандартты тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және абзац маркерлері, сырғытпа және айналдыру жолағы, жұмыс аймағы және меңзер, қалып – күй жолы.
5. Пішімдеу дегеніміз не?
Пішімдеу дегеніміз - мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі
әрекеттерді айтамыз.
6. Құжат құру жолы?
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау
5. Баспаға жіберу
7. Microsoft Word редакторында құжатты қалай сақтаймыз?
Microsoft Word редакторында құжатты Файл – Сохранить как . . . командасын Орындап ашылған сұхбаттық терезеге құжат атын енгізіп Сохранить батырмасын басамыз.
8. Қаріпті пішімдеу үшін қандай менюді таңдаймыз? Формат
9. Пернетақтаның қай пернесінің көмегімен белгіленген сөйлемді, курсивке айналдырады.
CTRL + I
10. Microsoft offise Word редакторында абзацты пішіндеу үшін қандай менюді таңдаймыз?
Формат
Күні: 18.02.2015ж Сыныбы: 6 «а», 6 «б».
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға кестелер және кестелер құруды, кестелерді редакциялауды түсіндіру
Тәрбиелік: Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Түрі:Практикалық элементтері бар түсіндірмелі сабақ
Көрнекілігі: ДК, оқулық, презентация, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. “Келесі” ойыны (сұрақ – жауап)
ІІІ. Негізгі бөлім
Жаңа сабақты түсіндіру
Тапсырмалар орындау
1 – тапсырма. “Менің досым” тақырыбында кесте толтыру
2 – тапсырма. Кесте құру арқылы 5 көзден тұратын терезе
көрінісін салу.
3 – тапсырма. “Ой қозғау”- қойылған сұрақтың жауабын үш
тілде кестеге толтыру.
IV. Сабақты бекіту
1– тапсырма. “Қатесін тап”
2 – тапсырма. Ребус шешу
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма беру
І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу
- Оқушыларды түгендеу
- Сынып тазалығына көңіл бөлу
- Оқушылардың назарын сабаққа бөлу
- Оқушыларға сабақтың әр бөлімінде алатын ұпай санына байланысты бағаланатынын айтып өту.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1. “Келесі” ойыны арқылы үйге берілген тапсырманы ауызша сұраймын. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан береді. Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орыннан тұрып жауап береді.
1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?
Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу үшін арнайы мүмкіндіктері бар қолданбаны мәтіндік процессор деп атайды.
2. Microsoft Word редакторына қалай кіреміз?
Пуск – Все программы – Microsoft office – Microsoft office Word
3. Microsoft Word редакторында неше меңзер бар?
Microsoft Word редакторында екі меңзер болады: 1) кірістіру нүктесі 2) І меңзері
4. Microsoft Word редакторының негізгі элементтері?
Тақырып жолы, меню жолы, стандартты тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және абзац маркерлері, сырғытпа және айналдыру жолағы, жұмыс аймағы және меңзер, қалып – күй жолы.
5. Пішімдеу дегеніміз не?
Пішімдеу дегеніміз - мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі
әрекеттерді айтамыз.
6. Құжат құру жолы?
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау
5. Баспаға жіберу
7. Microsoft Word редакторында құжатты қалай сақтаймыз?
Microsoft Word редакторында құжатты Файл – Сохранить как . . . командасын Орындап ашылған сұхбаттық терезеге құжат атын енгізіп Сохранить батырмасын басамыз.
8. Қаріпті пішімдеу үшін қандай менюді таңдаймыз? Формат
9. Пернетақтаның қай пернесінің көмегімен белгіленген сөйлемді, курсивке айналдырады.
CTRL + I
10. Microsoft offise Word редакторында абзацты пішіндеу үшін қандай менюді таңдаймыз?
Формат
ІІІ Жаңа сабақ
Мәтіндік редактормен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі қолданамыз. Осындай
реттелген ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады.
Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
Кесте– ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.
Жол– көршілес ұяшықтардың бірлестігі
Баған — көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі. Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.
1- тапсырма.
Ms Word редакторында үлгі бойынша “Менің достарым” тақырыбында кесте толтыру.
2 тапсырма.
Кесте құру арқылы 5 көзден тұратын терезе көрінісін салу.
"Ой қозғау"
Оқушы үш тапсырманың біреуін таңдайды.Тапсырмада жұмбақ берілген. Жұмбақтың жауабын үш тілде тақтадағы үлгі бойынша үш тілде (қазақ,орыс, ағылшын) кестеге толтырып отырады.Толық жауапқа 15 ұпай, ал екі тілде жауап берсе,10 ұпай,егер үшінші тілін басқа оқушы жауап берсе 5 ұпай сол оқушыға беріледі.
Қазақша Орысша Ағылшынша
Кесте Таблица Table
Жол строка Line
Ұяшық Ячейка Stage
Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған. К е с т е
Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі. Ж о л
Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды. Ұ я ш ы қ
"Мәтіннің қатесін тап"
Тақтадағы қате берілген сөйлемдердің қатесін тауып, дәптерге жазу керек. Осыдан кейін оқушылар дәптерін көшілестерімен ауыстырады да, тақтада көрсетілген мәтін бойынша өз қателерін тексереді.Алғашқы орындаған үш оқушы 20 ұпай алады, қалғандары 10 ұпайдан алады.
Мен Ms Word редакторын іске қосу үшін Пуск – Стандартные – Microsoft Word командасын орындадымда, ашылған қолданба терезесіне “ Информатика ” туралы мақала жазу үшін әріптерді, тышқан құрылғысындағы пернелерді пай даландым, Правка – Таблица командасы арқылы кесте құрдым. Осы мақаламды сақтау үшін Вставка - Сохранить как . . . командасын орындап, CTRL + F4 пернесі арқылы қолданбадан шықтым.
Мен Microsoft office Word редакторына кіру үшін Пуск – Программы – Microsoft office-Microsoft office Word командасын орындап,ашылған қолданба терезесіне “Информатика” тақы-
рыбындағы мақаланы жазу үшін,пернетақта құрылғысының пернелерін пайдаландым,Таблица – Вставить – Таблица командасы арқылы ашылған сұхбат терезеге Баған және жол сандарын беріп, ОК батырмасын басып, кесте құрдым. Осы мақаламды сақтау үшін Файл – Сохранить как ... командысымен ашылған сұхбаттық терезеге “Информатика” атын жазып, Мои
Документы қапшығына сақтадым да, ALT + F4 пернелері арқылы қолданбадан шықтым.
"Ребус"
1 2 3 4 5 6
Д и с к е т
4.5.3.6.5 Жауабы: Кесте
VI. Оқушыларды бағалау
V. Үйге тапсырма беру
Достарыңызбен бөлісу: |