Күні: Пәні: Сауат ашу Сыныбы: мектепалды даярлық сынып
Дата 24.04.2017 өлшемі 7,38 Kb. #14782
Күні: Пәні: Сауат ашу Сыныбы: мектепалды даярлық сынып Пән мұғалімі: Г.Ш.Сарсенбекова Балаларды Ұ дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөз ішіндегі дыбыстың жуан дауысты екенін ұғындыру. Ұ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Балалардың бойында табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке , тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ, пәнаралық байланыс түрінде комплексті білім беру.(Табиғат, өмірмен, математика, тіл дамыту , жапсыру, музыкамен, дене тәрбиесімен). Сабақтың әдісі – тәсілдері: ойын элементтері, көрнекілік, сұрақ – жауап, сөздік. Көрнекі құралдар: ойыншықтар , кеспе әріптер, суреттер, буындар, үлестірмелі материалдар, текшелер т.б. І Ұйымдастыру кезеңі Балалар, сәлемдесу туралы мақал – мәтелді еске түсірейікші “Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені ” Сәлемдесу: Мен талапты баламын, Дайын дәптер, қаламым. Есептерді шығарып, Жазуларды жазамын. ІІ Өткен сабақты еске түсіру Қане, балалар жұмбақ шешейік. Ұя, ұлу, ұшақтың Басын бастап беремін. Құс, жұмыртқа , бұтақтың, Ортасында келемін . Ендеше бүрінгі қонаққа келетін дыбыс Ұ дыбысы екен. Ұ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Жуан ба , жіңішке ме? Жуан дауысты дыбыс. Ұ ЛУ ҰЛУ СҰЛУ. Б Ұ БҰ БҰЛАН БҰҒЫ Қ Ұ ҚҰ ҚҰРАН С Ұ СҰ СҰР ҚҰЛАН Сергіту сәті Жаза, жаза жазуды , Талып кетті қолымыз. Жақсы жазып жазуды, “5” аламыз бәріміз V. Жаңа сабақты қорытындылау Дыбыс дегеніміз не? Әріп деп нені айтамыз? Бүгін қай әріппен таныстық? Тағы басқа сөйлем құра. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Достарыңызбен бөлісу: