Күні: Сынып: 7 Пәні: географиясы Тақырыбы



бет8/18
Дата22.08.2017
өлшемі2,68 Mb.
#24446
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Қорытынды: Қорытындылай келе климаттық белдеулердің әрқайсысына тоқталып, таралу аймағын анықтадық. Адамның тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне климаттың әсерін түсіндірдім.

Үйге тапсырма: §18-19 – оқу, әңгімелеу. Кескін картаға Еуразияның климатын түсіру. Қосымша материалдар әкелу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Ішкі сулары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Еуразия материгінің ішкі суларымен таныстыру. Олардың ерекшеілктері мен маңыздылықтарына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқулықпен, картамен жұмыс істей отырып Еуразия материгінің ішкі сулары жайлы алған білімді қорытындылап кесте арқылы олардың ой-өрісін, ойлау иқабілетін, белсенділігін арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларға адам өміріне ішкі сулардың пайдасы мен қандай зияны бар екенін тәрбиелік жолмен айтып түсіндіру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Еуразияның ішкі сулар картасы, оқулық, сұрақтар, каточкалар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Мұнда жер шарының көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері жерасты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланыста келеді.

Өзен торы материктің ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында өте сирек, тек жағалық бөліктеріне қарай жиілейді. Материктің 1/3 бөлігін ішкі тұйық алап құрайды. Солтүстік Мұзды мұхит алабына материктің Ресей жері арқылы ағып өтетін ең ірі өзендері мен Скандинавия түбегенің қысқа өзендері жатады.

Көктемде бастауынан сағасына дейін мұздан біртіндеп босайтындықтан, мұз құрсаулары п.б. су қатты тасиды. Атлант мұхиты алабына еуропалық бөліктегі өзендер жатады. Ірілері: Дунай, Рейн, Висла және т.б. өзендердің көпшілігі таулардан басталатындықта жоғары ағысында шоңғалдар мен сарқырамалар жасап, Тар аңғарларымен арындап ағады. Өзендер әр түрлі климаттық белдеулер арқылы ағып өтетіндіктен, олардың жеке бөліктерінде қоректену көзі әр түрлі болуы мүмкін. Өзендері кеме қатынасына жарамды, ал оңтүстіктегі өзендер егістер мен бау-бақшаларды суаруға пайдаланылады.

Тынық мұхит алабына енетін өзендер биік таулардан басталады, жоғарғы ағысында таулық сипатта болады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бұзады және жылдам ағызып тасымалдайды. Ірі өзендеріне Амур, Янцзы, Хуанхэ, Меконг жатады. Муссондық климат жағдайында өзендердің деңгейі жыл мезгілдеріне қарай өзгереді, қыста географиятық ендікке байланысты кейбіреуі катады. Солтүстіктегі ұсақ өзендерді қоспағанда, барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді.

Үнді мұхит алабының ірі өзендеріне Үнді, Ганг, Брахмапутра, Тигр және Евфрат жатады. Бұл өзендер таудан басталатындықтан мұздықтармен, жаңбыр суымен қоректенеді. Жазғы жаңбырлы маусым кезінде өзендердің деңгейі шұғыл көтеріледі. Өзендер негізінен егістік алқабын суаруға пайдаланылады.

Ішкі тұйық алапқа Шығыс Еуропа жазығының, Орал тауы мен Кавказдың едәуір бөлігі, Орта Азия мен Қазақстан жері түгелдей дерлік, Иран таулы қыраты мен Арабия түбегінің ішкі аймақтары жатады. Бұл алқаптағы өзендердің ірілері – Еділ, Жайық, Әмудария мен Сырдарйя, Іле өзендері ғана ішкі көлдерге құяды. Бұл алаптың ірі өзені – Еділ.

Еуразияда көлдер көп, олардың қалыптасуы, аумағы, суының қасиеттері, таралу заңдылығы әркелкі. Ең ірілері – Ресейдегі Ладога, Онега, Скандинавиядағы Венерн, Веттерн көлдері.

Жер қыртысындағы терең жарылыстарды орналасқан көлдерге Байкал, Ыстықкөл, Зайсан, Женева және т.б. көлдер жатады. Байкал – д.ж. суы аса мөлдір, ең терең көл (ең терең жері 1620м).

Еуразиядағы қалдық көлдер қатарына жататындардың ең ірілері: Каспий, Арал, Балқаш, Лобнор және т.б.

Қазіргі заманғы мұз басу Еуразияның солтүстігіндегі аралдарда (Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері архипелагы, Жаңа Жер аралының солтүстігі), сондай ақ биік тауларда (Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Памир, Тибет, Гималай) таралған. Памир тауында материктегі ең ірі Федченко мұздығы (ұз. 77км) орналасқан.

Көпжылдық тоңдар Еуразияның солтүстігіндегі үлкен алқапты алып жатыр. Тоңдардың оңтүстік шекарасы Монғолияға дейін жетеді. Тау жыныстарының тоңды қабатында мұз жатады, оның қалыңдығы Кола түбегінде бірнеше метр болса Таймыр түбегінде 1500м-ге дейін жетеді. Жазда тоңды қабат 40-15см тереңдікке дейін ериді. Ғалымдар көп жылдық тоңның п.б.-лу себебін қатал климат жағдайында жылдық орташа температура 0ºС-тан төмен болуымен және қардың жұқа болуымен түсіндіреді. Мәңгә тоң қабатының қалың болуы оның өте ертеде қалыптасқандығын дәлелдейді.

Батпақтар жауын-шашынның булану мөлшерінен артық болатын жазықтар мен көп жылдық тоң бар аудандарда кең таралған. Еуразияда Жер шарындағы батпақтардың 80%-ы орналасқан. Батпақтар, әсіресе, Батыс Сібір жазығы мен Полесье, Мещера, Амур брйы, Колхида ойпаттары мен Балтық бойында көп. Шымтезекті батпақтардан шымтезек (торф) өндіріледі. Батпақты аудандарды құрғату арқылы шабындықтарға, егістіктерге айналдыруға болады.



Еуразия материгінде жер асты суларының да мол қоры бар. Жер асты сулары өте таза болғандықтан ауыз суы ретінде пайдаланылады. Әсіресе қабатаралық (артезиан) суларының маңызы зор. Ірі артезиан алаптары Батыс Сібір мен Қазақстан, Орта Азия мен Монғолия жерлеріне тән. Әлемдік курорттар мен демалыс орындары құрамы әр түрлі минералды суларға бай аудандарда (Солт. Кавказ, Карпат, Оңт. Еуропа, Алтай, Тянь-Шань таулары және т.б.) орналасқан.

Жаңа сабақты бекіту:

Атауы

Ұзындығы

Алабының ауданы, мың км²

Орташа су шығыны, м/сек

Еуразия

Янцзы

Обь (Ертіспен бірге)

Амур (аргуньмен бірге)

Хуанхэ

Меконг

Лена

Енисей

Еділ (Волга)

Үнді

Евфрат

Брахмапутра

Дунай

Ганг

Аравади

5800

5410

4440

4845

4500

4400

4102

3531

3180

3065

2900

2850

2700

2150

1808

2990

1855

771

810

2490

2580

1360

980

63

935

817

1120

430

34000

12700

10900

2000

11200

17000

19800

7710

3850

3850

12000

6430

13000

13000


Қорытынды: Қорытындылай келе, Атлант, Тынық, Үнді мұхиттарының алаптарына тоқталдық. Сонымен қатар жер шарындағы үлкен өзендер жайлы айтып түсіндірдім.

Үй тапсырмасы: §20 – оқу, мазмұндау. Кескін картаға Еуразия өзендерінің алаптарын түсіру, 88-беттегі сұрақтарға жауап беру.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Табиғат зоналары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңыздыларына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылықпен жұмыс істеуге, картамен жұмысты жандандыруға есте сақтау қабілеттерін жандандыру.

3. Тәрбиелік: Басқа елдің табиғатымен таныса отырып, өз елінің, жерінің табиғатын сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Схема арқылы

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карталар, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

Еуразия солтұстік жарты шардың барлық климат белдеулерін алып жатқандықтан, мұнда солтүстік жарты шарға тән барлық табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі. Олар материктің көп бөлігінде ендік бағытқа сәйкес, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр.

Солтүстіктегі арктикалық аралдардан бастап, тайга зоналарына дейін табиғат зоналары ендік бағытта тұтас алап болып созылып жатыр. Ал одан оңтүстікке қарай зоналар батыстан шығысқа қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады.

Еуразия материгінің табиғат зонасы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Онда табиғат зоналарының барлық белгілері бар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, субтроиктік, субарктикалық, арктикалық.






Табиғат зонасы

Табиғат жағдайы

Жануарлары мен өсімдіктері

1

Арктикалық шөл

Жазы өте суық әрі қысқа. Қысы -40ºС

Мүк, қына, балдыр, ақ аю, ақ түлкі

2

Тундра мен орманды тундра

Жауын-шашын аз, температура төмен, климаты қатал, күшті жел, қарлы боран жиі болады.

Мүк, қына, бұталар, бұғы, бұлан, қоңыр аю, кеген, құр.

3

Тайга

Жазы біршама жылы әрі ұзақ. тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі, топырағы күлгін батпақты.

Ағаш текті өсімдіктер, қылқанжапырақтылар, қарағай, шырша, май қарағай, самырсын, балқарағай, зубр, бұлан, марал, елік, қоңыр аю, қабан.

4

Аралас және жалпақ жапырақты ормандар

Таига мен жалпақ жапырақты ормандары арасында жатыр.

Қылқанды, ұзақ және жалпақ жапырпақты орман, емен және амур барқыт ағашы, лианалар, корей самырсыны. Зубр, аю, кедра.

5

Орманды дала және дала

Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазығының оңтүстігінде Алтайға дейін

Жалпақ жапырақты ағаштар, емен, үйеңкі, қайың, көктерек, селеу. Қасқыр, қарсақ, түлкі, тышқандар.

6

Шөлейт және шөл, шөлейтті

Каспий маңы ойпатынан басталады. Қыста мин.-40ºС, жазда мак.+50ºС.

Жусан, селеу, бетеге, бұйырған сексеуіл, қызғалдақ, қаңбақ. Жабайы түйе, құлан, ақбөкен.

7

Қатты жапырақты мәңі жасыл ормандар

Жазы ыстық, құғақ, қысы жылы , жаңбырлы.

Емен, тығын емені, қарағай, лавр, грек жаңғағы, зәйтүн.

8

Субтропикті дала

Жазы өте ыстық

Цитрус, анар, жүзім, жер жаңғағы.

9

Субтропикті ылғалды, муссондық ормандар.

Жазы ылғалды, қысы біршама құрғақ.

Магнолия, камелия, камфора, лавр, бамбук, емен, шамшат, шегіршін. Жолбарыс, қабылан, Гималай аюы, бамбук аюы-панда, маккака, гиббон, тоты құстар, үйректер.

10

Тропиктік шөлдер

Ең ыстық, ең құрғақ климат.

Құрма пальмасы, бөкендер, онагр, таргыл қорқау қасқыр, шиебөрілер.

11

Саванналар, сирек ормандар

Жауын-шашынның түсуі мен мөлшерінің мезгілдері бойынша белдеу ішінде әркелкі болады.

Пальмира пальмасы,сандал ағашы, тик, майлы ағаш.

12

Субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар

Аса құрғақ емес, жаңбырлар саваннадан көбірек жауады

Жабайы, пілдер, маймылдар.

13


Экваторлық белдеудегі ылғалды ормандар

Жауын-шашын мол, температура тұрақты жоғары.

Ротанг пальмасы, лианалар, орхидеялр. Мүйізтұмсықтар, бұқалар, макакалар, ит басты маймылдар, ірі орангутандар, жолбарыс, қабылан, тауыс.

14

Биіктік белдеулер

Биіктеген сайын ылғалдың артуына қарамастан, ауа температурасы төмендейді

Қодас, қар барысы, ұлар, аюлар, арқарлар, буволдар, жабайы пілдер, қабылан, жолбарыс.

Жаңа сабақты бекіту:

Тест

1. Қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы –

А) тундра;

В) тайга;

С) шөл;

Д) орманды тундра;

2. Тайга мен жалпақ жапырақты ормандар аралығында орналасқан -

А) шөлейт;

В) арктикалық шөл;

С) аралас орман;

Д) шұраттар;

3. Қоңыржай белдеуінің табиғат зоналары –

А) арктикалық шөлдер;

В) қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар;

С) саванналар;

Д) орманды дала және дала;

4. Жер асты сулары жақын жатқан шұраттарда не өседі?

А) панда;

В) грек жаңғағы;

С) құрма пальмасы;

Д) лавр ағашы;

5. Экваторлық белдеудің ылғалды ормандарында кездесетін әдемі құсты ата?

А) попугай;

В) тауыс;

С) тауық;

Д) түйеқұс;

6. Еуразияның оңтүстігіндегі аралдарына қандай белдеу тән?

А) қоңыржай;

В) тропиктік;

С) субтропиктік;

Д) экваторлық белдеудің ылғалды ормандары;

7. Шөл зонасының ортасында орналасқан атақты шөл –

А) Такла-Макан;

В) Сахара;

С) Сарыарқа;

Д) Қызылқұм;

8. Бамбук аюы –

А) Гималай аюы;

В) Гризли;

С) қоңыр аю;

Д) панда;

9. Орманды даланың негізгі жануары –

А) кірпі;

В) жираф;

С) піл;

Д) қасқыр;

10. Шөлдердегі температура –

А) 30ºС- 40ºС;

В) 40º-қа дейін;

С) 50º-қа дейін;

Д) 40º-тан жоғары;

Қорытынды: Қорытындылай келе, бүгінгі сабақта Еуразия материгінің табиғат зоналарының түрлерімен таныстырдым. Жаңа сабақты бекіту үшін оқушылардың білімдерін тест арқала тексердім.

Үйге тапсырма: §22 оқу. Кескін картаға табиғат зоналарын түсіру. Қосымша материалдар, суреттер қорын жинап әкелу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Халқы және елдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңыздыларына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылықпен жұмыс істеуге, картамен жұмысты жандандыруға есте сақтау қабілеттерін жандандыру.

3. Тәрбиелік: Басқа елдің табиғатымен таныса отырып, өз елінің, жерінің табиғатын сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Схема арқылы

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карталар, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

Халқы. Еуразия халқының саны, орналасуы, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі болып келеді. Материте 4 млрд-тан астам халық тұрады, бұл Жер шары халқының ¾ бөлігін құрайды. Халықтың жыл сайынғы өсуі, әсіресе Оңт.Шығыс Азияда қарқынды жүруде. Осы аймақтағы екі ел – Қытай мен Үндістан халқының өзі 2 млрд-тан асып отыр. Сондықтан халық ең тығыз қоныстанған жерлер осы Оңт.Шығыс Азияға сәйкес келеді. Осы аймақта халықтың орташа тығыздығы 1 км жерге – 1000-1500 адамға жетеді. Еуропалық бөлікте де халық салыстырмалы түрде тығыз қоныстанған. Әсіресе Атлант мұхитының жағалық бөліктерінде халық өте-мөте тығыз орналасқан. Материктегі табиғаты қатал солтүстіктегі аудандар мен биік таулы өңірлерде, аптапты шөлдерде халық өте сирек қоныстанған. Кейбір жерлері мүлдем елсіз деуге болады. Еуразияда Жер шарындағы барлық нәсілдердің өкілдері кездеседі. Олардың ұлттық және тілдік құрамы да алуан түрлі. Ең көп таралғаны – еуропалық тектес халықтар. Олар өңі аққұба, шаштары сарғыш түсті, көздері көгілдір болып келеді. Солт.Еуролпалық және өңі қараторы, шаштарымен көздері қоңыр, кейде қара болып келетін оңт.еуропалық тармақтарға бөлінеді. Азиялық бөлікте монғол тектес нәсілге жататын қытай, монғол, жапон, және басқа халықтар тұрады. Түркі тілдес халықтардың біразы осы нәсілдік топқа жатады. Ал экваторлық нәсілдің өкілдері Шри-Ланка аралдарымен Үндістанның оңт.-де қоныстанған. Еуразия материгінде қазіргі кездегі ірі әлемдік діндер – ислам, христиан, буддизм және олардың әртүрлі тармақтары п.б-п дамыған. Сондықтан материк халқының діни құрамы да өте күрделі. Жалпы алғанда, діни нанымдар түсініктердің алуан түрлілігі Еуразия халықтарының мәдениеті мен салт дәстүрлерінің даму бағыттарын анықтайды.

Еуразияда 90-ға жуық егеменді елдер және дамыған мемлекеттердің иеліктері орналасқан. Материктің қазіргі саяси картасы ұзақ уақыт бойы ұдайы өзгеріске түсіп отырған. Жер көлемі жағынан Еуразиядағы үлкен елдер қатарына Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Сауд Арабиясы жатады. Сонымен қатар жері өте шағын, кішігірем елдер де бар.

Халқының саны 100млн-нан асатын ірі елдердің көпшілігі Еуразияда орналасқан. Мемлекеттік құрылымы мен ұстанған саясатына қарай Еуразия елдері республикалық және монархиялық болып бөлінеді. Республикаларда заң шығарушы ұйым – парламент, ал басқару жүйесі өкімет арқылы жүзеге асырылады. Нақты басшылықты Конституция негізінде ел президернті жүргізеді. Республикалар ұстанған бағытына қарай социалистік, капиталистік және дамушы елдер болып бөлінеді.



Жаңа сабақты бекіту:

Еуразияның халқы


Еуропалық тектес

Монғол тектес:

Қытай, Монғол, Жапон

Экваторлық тектес:

Шри-Ланка аралы мен Оңтүстік Үндістан.



Солтүстік Еуропалық

Оңтүстік Еуропалық





























Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет