Балаларды «С» «З» дыбыстары және әріптерімен таныстыру.
[С - З] дыбыстарын дұрыс айтуға, бір – бірінен ажыратуға үйрету.
С - З дыбыстарының артикуляциясын нақтылай отырып, буында, сөзде, сөйлем ішінде ажырату; сөйлеу барысында анық, таза айтуға үйрету.
Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер.
1
13
Желтоқсан 1 апта
И,Й дыбыстары мен әріптері
«И» «Й» дыбыстары және оның әріп таңбасымен таныстыру. «И» «Й» дыбыстарын және әрпін салыстырып, айтылу, жазылу ерекшеліктеріне көңіл аударту.
[И- Й] дыбыстарын дұрыс айтуға, бір – бірінен ажыратуға үйрету.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, дауысты дыбысты қызыл ,дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілеуді үйрету.
Тапсырма: «Дыбысты ата»
Тапсырма: «И» дыбысына байланысты тақпақ жаттау.
Тапсырма: «Орнын тап» (Й дыбысының)
Дәптермен жұмыс: «И» «Й» әріптерін бастырып жазу.
Жаттығу: «Жұмбақты шеш»
(Балалар ай туралы жұмбақты шешеді,дыбыстық талдау жасайды және текшелермен жазады.
Ойын: «Үй»
Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?»
Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер.