Сөйлем жайында түсінік беру. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдай білуге үйрету.
Сөздік қорындағы сөздерді сөйлем, әңгіме құрауда пайдалана білуге үйрету. Балалардың ойлау және өзіндік пікір айту қабілеттерін дамыту.
Сурет бойынша сөйлем құрауға, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Балалардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.
Жұмбақ жасыру:
Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма)
Балаларға алманың суретін көрсетіп, алмаға байланысты сөйлем құруларын сұраймын.
(Алма. Тәтті. Қызыл. Өсті.Бақ.
Тапсырма:Сурет бойынша сөйлем құрастыру.
(Асқар ұшақпен ұшты. Айгүл автобуста отыр. Ұшақ ұшты. Балалар трамвайға отырды)
Ойын: « Затты пайдаланып сөйлем құра»
Жұмбақтар шешу:
Жұмбақтардың шешуі болған сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру.
Темір тұлпар гүрілдеп,
Соқасын жүр сүйреп.
(трактор)
Темір арба жолы-темір жол,
Тек қала ішінде жүрер ол
(трамвай)
Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер.
1
5
Қазан 1апта
А, Ә дыбыстары мен әріптері
«А» «Ә» дыбыстары мен әріптерімен таныстыру.
« А» дыбысының сөздегі орнын айыра білуге,әріп, дыбыс туралы білімдерін толықтыру.
«Ә» дыбысы мен оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің, дыбыстың мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету.
Балалардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту жылдам ойлау қабілеттерін қалыптастыру, әдемі жазуға дағыдыландыру.