Слайд 2.Біздер бүгін өзіміздің кіші Отанымыз туралы әңгімелесеміз.
Ассоциация стратегиясы:
Қазақстан Республикасындағы кіші отанның қандай екенін көргілерің келеді ме?
Ендеше үстелге жақындаңдар, түрлі-түсті дөңгелектер жатыр.
-Біздің еліміз қалай аталады?
-Жасыл түсті дөңгелекті алып, алдарыңа қойыңдар. .
Бұл біздің Қазақстан.
-Біз тұратын облыс қалай аталады?
-Сары түсті дөңгелекті алып, жасыл түсті дөңгелектің үстіне қойыңдар. Бұл біздің облысымыз.
Біздің ауыл осы Атырау облысына кіреді.
-Қызыл түсті дөңгелекті алып, сары түсті дөңгелектің үстіне қойыңдар.. Бұл біздің кіші отанымыз-Құрманғазы.
Қазақстанның кішкентай бір бөлігі –біздің Құрманғазы ауылы.
Слайд 3. Кіші Отан дегенді қалай түсінесіңдер?
|