Қазақ әдебиеті 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Түсінік хат Стандарт: Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Үлгілік оқу жоспары: Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары арқылы (өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрықпен бекітілген) жүзеге асырылады.
Типтік оқу бағдарламасы: ҚР БҒМ 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2019 жы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Әдістемелік нұсқау хат: 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты.
Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
«Қазақ әдебиеті» бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған;
қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін, қарама- қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну, әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу, көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау, көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен байланыстыру, шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы, шығармадағы автор стилі мен көркемдегіш құралдардың қызметін ашу, көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу, әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту;
бағалау және салыстыру: шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау, көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру, шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу, шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.